Кафедра: Қазақ филологиясы кафедрасы


Морфологияны оқытудың ұстанымдары



бет2/3
Дата06.01.2022
өлшемі34,99 Kb.
#16255
1   2   3
Морфологияны оқытудың ұстанымдары.

Морфология – грамматиканың үлкен саласы, сондықтан ол қамтитын мәселелердің барлығы тіл дамытуға қатысты. Өйткені морфологияның нысандары – олардың тілде қолданылу заңдылықтарының қорытындысы. Тіл дамыту сөйлеуде тіл заңдылықтарын дұрыс сақтап, тіліміздің морфологиялық заңдылықтары бойынша сөйлеуді қалыптастыруды көздейді. Сондықтан тіл дамыту жұмысы грамматикалық заңдылықтармен байланысты жүргізілуі тиіс.

Морфологияны оқытуда студенттер тілін дамыту жұмыстарында сөз мағыналары, сөз тіркесі, сөйлем, мәтін туралы тіл білімінің дәлелденген тұжырымдары басты рөл атқарады. Осыған орай морфологиялық тұлғаларды студент тілін дамыту мақсатына сай сөйлеу тәжірибесінде қолдануға септігі тиер білім мазмұнын нақтылау көзделді. Студенттер тілін морфологияны оқыту арқылы дамытуда олардың сөз мағыналарын жетік біліп, сөйлеу кезінде дұрыс пайдалануға дағдыландыру, сөздік қорларын байыту – ең басты жұмыс. Сондықтан морфологияны оқыту арқылы тіл дамытуда лексикология ғылымының жетістіктері басшылыққа алынды. Морфологияны оқыту арқылы оқушыға сөздердің грамматикалық мағынасы, сөз таптардың өзара байланыстылығының мәні түсіндіріледі. Сөз таптарының ерекшеліктері, сөз табына жататын сөздердің сөйлемдегі қызметі өмірмен байланыстырылады. Мұғалім құрғақ ережені оқушыға жаттатудың зиян екенін естен шығармау керек. Жаттанды нәрсенің көпке бармай тез ұмытылып қалатыны әсте анық. Оқушының сөз таптарының қызметі, олардың орын тәртібі, түрленуі мен өзгеруі туралы жүйелі білім алуы шарт. Сабақта айтылған материалдардың барлығы оқушының есінде түгел қалмаса да оның ішінен ең негізгісі оқушының есінде қалдыруға қол жеткізу керек. Мысалы: оқушылар арасында зат есім туралы толық мағлұмат алғандары жиі ұшырасады. Нақтылы зат атаулары қалам, қағаз, дәптер, орындық т.б зат есім екенін біледі.

Жеңіл деңгей:





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет