Калық зерттеу әдістемесі оқу қҧралы АҚтау 2010 Ж


 Теориялық және тарихи - педагогикалық зерттеу әдістері



Pdf көрінісі
бет52/83
Дата27.04.2022
өлшемі1,02 Mb.
#32560
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   83
10. Теориялық және тарихи - педагогикалық зерттеу әдістері 
 
1. Педагогикадағы теориялық зерттеу әдістері 
2. Педагогикадағы модельдеу әдісі 
3. Зерттеудің тарихи - педагогикалық әдістері  
 
1. Педагогикадағы теориялық зерттеу әдістері 
Теориялық  зерттеу  әдістеріне  келесілерді  жатқызуға  болады: 
абстрактілеу  мен нақтылау,  индукция  мен дедукция,  анализ және синтез, 
салыстыру, жіктеу, жалпылау, модельдеу.  
Эмпирикалық  материалдан  алынған  анықтамаларды  жҥйелеу  мен 
ӛңдеуде  теориялық  анализ  бен  синтез  әдісі  ҥлкен  роль  атқарады.  Бҧл 
әдістің осал жері диалектикалық логиканы жинақталған фактілерді сапалы 
талдауда  қолдануға  және  біруақытта  оның  маңыздылығына  ене  отырып 
кӛп  кӛлемде  анықтама  алуға,  зерттейтін  қҧбылыстың  ойша  қайта 
қҧрылымын  жҥргізуге,  оның  қызықтыратын  жақтарын,  белгілерін,  даму 
заңдылықтарын тауып жҥйелеуге мҥмкіндік беруінде. 
Абстрактілеу  мен  салыстыру  жолымен  теориялық  талдау 
зерттеушіге  зерттелуші  қҧбылысты  элементтерге  бӛліп  қарауға,  оның 
қҧрылымы  мен  ерекшелігін  ажыратуға,  кҥрделіден  қарапайымға  кӛшуге 
мҥмкіндік  береді.  Ал  синтез  педагогикалық  қҧбылысты  тҧтастай 
қарастыруға,  оны  аса  маңызды  байланыстар жҥйесінде,  сол немесе  басқа 
да 
теориялық 
концепция 
тҧрғысында 
дәлелдеуге 
негіздейді. 
Аналитикалық  –  синтездік  іс  –  әрекет  бірлігі  –  іштей  бірігушілік,  себебі 
синтез анализдің ӛзіндік қҧрылымында кездеседі.  
Анализ  бен  синтез  зерттеу  жҥргізудің  бастапқы  сатысында 
қолданыла  бастайды:  оның  мақсаты  мен  міндетін  қоюда,  ойды 
тҧжырымдауда  (негізгі  пікірде),  болжамда,  мҥмкін  болатын  нәтижені 
анықтауда. 
Бҧл әдісті белсенді тҥрде зерттеу барысында жинақталған фактілерді 
жинақтау  мен  ӛңдеу  кезінде  қолдануға  болады.  Осы  негізде  зерттеуші 
педагогикалық  теория  мен  тәжірибеде  бҧрын  болмаған  ғылыми 
негізделген болжам жасауға, жаңаны жобалауға мҥмкіндік алады.  
Психологиялық –  педагогикалық  зерттеулерде  теориялық  анализдің 
әртҥрлі  тҥрлері  қолданылады.  В.П.Давыдов  мысалы,  олардың  ішінен 
классификациялық, каузальді, диалектикалық, сондай-ақ қатынас анализін 
бӛліп кӛрсетеді. 
В.И.Загвязинский  психологиялық  –  педагогикалық  зерттеу  жҥргізу 
барысында  анализдің  мынадай  тҥрлерін  бӛліп  кӛрсетеді:  элементарлы 
және бірліктерге талдау. 


92
 
 
Аналитикалық  жҧмыстар  орындалғаннан  кейін  синтез  қажеттілігі 
туындайды,  ол  дегеніміз  анализ  қорытындысын  интеграциялау  мен 
кӛркемдеуде жалпы жҥйеге біріктіреді. 
Синтез  негізінде  анализдеу  қорытындысы  байланыстар  жҥйесі  мен 
ӛзара әрекеттесу арқылы олардың ішіндегі маңыздысын бӛліп кӛрсетумен 
қайта қҧрылады. 
Зерттеуші  теориялық  анализ  бен  синтезді  тиімді  пайдалану  ҥшін 
оған логика заңдылықтарын, педагогикалық қҧбылыстар мен процестерді 
танудың жолдары мен негізгі формаларын меңгеруі қажет. Осы жағдайда 
ғана  ол  сенімді,  негізделген  пікір  мен  қорытынды  жасауға,  ҧсынып 
отырған қағидаларына кӛз жеткізу мен дәлелдеулер бере алып, зерттеудің 
әрі қарай жҥруіне алғышарт жасап және оның қорытындысын қамтамасыз 
ете отырып сол қорытындыларды педагогикалық процесте тексеру жҥргізе 
алу жолдарын анықтайды. 
Анализ  бен  синтезді  жҥзеге  асырудағы  жҥйелілік  психологиялық  – 
педагогикалық  процестің  тек  қана  жекелеген  жақтарын  зерттеуге  ғана 
емес,  сол  процесті  толықтай  оның  кҥрделі  қҧрылымы  мен  әрбір 
элементінің атқаратын қызметін зерттеуге мҥмкіндік береді. 
Нақты  материалдарды  теориялық  жҥйелеуде  абстрактілеу  мен 
нақтылау ҥлкен мәнге ие. Бҧл таным қҧралдары анализ, синтезбен тығыз 
байланыста, дегенмен олардың ӛз атқаратын қызметі де бар. Абстрактілеу 
кҥрделі ҥрдістерді танып білуде маңызды бағаланады, мысалы, тәрбиелеу 
мен  оқыту.  Абстрактілеу  кӛмегімен  зерттеуші  кӛптеген  қҧбылыстардың 
жалпы белгілерін бӛліп кӛрсете алады немесе бір қҧбылыстың қандай да 
болмасын белгісін ажыратып, соны жекелеп зерттеуіне де болады. Соған 
сәйкес,  идеалды  объект  қалыптастыруға  болады,  яғни  шынайы 
педагогикалық  тәжірибеде  болмауы  мҥмкін,  дегенмен  оның  идеалды 
бейнесін жеткілікті, аяқталған тҥрде бере алады. Идеалды объект ретінде, 
яғни  «таза  кҥйінде»  беруге  болады,  мысалы,  «идеалды  кәсіби  маман», 
«идеалды  оқу  орнының  тҥлегі»,  «идеалды  оқу  сабағы»  және  т.б.  Бҧл 
зерттеушінің  ӛз  кҥш  жігерін  жҧмсап  қол  жеткізуге  талаптанған  бағыты 
болмақ. 
Дегенмен,  абстрактілеу  деңгейі  жоғары  болған  сайын  тәжірибеде 
қолдануға  дайын  теориялық  білімді  қалыпқа  келтіру  жолы  кҥрделірек 
болады. 
Бҧл міндетті шешуде, яғни алынған теориялық білімді бҧрыннан бар 
тҧжырымдар  жҥйесіне  енгізуде  (абстракциялау),  және  оны  нақтылау, 
тереңірек  зерттеу,  тіпті  қажет  болса  бҧрыстығын  дәлелдеуде  нақтылау 
әдісі  кӛмегін  тигізеді.  Мысалы,  педагог  оқу  сабағының  нақты  бір  тҥріне 
қатысты «оқу», «тәрбиелеу», «оқыту», «меңгеру», «қабылдау», «жҥйелеу», 
«есте сақтау», «тәжірибе» және т.б. абстракциялық ҧғымдарды қолданады. 
Бҧл  дегеніміз,  ол  зерттеу  жҧмысында  нақтылау  әдісін  қолдана  отырып, 


93
 
 
бҧл  ҧғымды  жаңа  белгілермен  толықтырады,  қҧбылыстың  кӛптеген 
сапалы қасиеттерін біріктіреді. 
Абстрактілеу  мен  нақтылаудың  ӛзара  байланысы  таным  ҥрдісінің 
ӛзіне  бағытталған.  Бізге  белгілісі,  ол  «тірілей  ӛсіп  ӛнуден  басталады», 
яғни нақтылықты сезім арқылы қабылдау. Нақты қҧбылысты тану арқылы 
зерттеуші жекелеген қасиеттерді, белгілерді бӛліп қарап оны басқалардан 
оқшаулайды,  біржақты  білім,  абстракция  қалыптастырады.  Сӛйтіп, 
«тірілей ӛсіп ӛнуден абстрактілі ойлауға» ӛту қозғалысы жҥреді. 
Қҧбылыстың  жекелеген  белгілері,  жақтары  зерттеліп  болған  соң 
танымның  жаңа  сатысы  басталады:  абстрактілеуден  нақтылауға  ауысу 
кезеңі.  Зерттеушінің  ойлауы  жекелеген  абстракциядан  тҧтастай  тҥрге 
ауысады,  яғни  ойша  нақты  әрекет  біліміне  кӛшу  арқылы  зерттеу 
қорытындысының кең педагогикалық тәжірибеде кӛрінуіне кӛмектеседі. 
Абстрактіліден  нақтылыққа  кӛшу  даму  мен  оның  кӛздерін  қайта 
қҧруға бағытталып (ішкі факторлар, қарама – қайшылық), диалектикалық 
танымның  ерекше  әдістер  тобына  бӛлуді  қарастырады.  Абстрактіліден 
нақтылыққа  ӛту  әдісі  кҥрделі  процестерді  танып  білуге  қажет  болумен 
қатар, таным нәтижелерін тҥсіндіруде кҥрделі объектілердің қызметі мен 
дамуын қайта жаңғыртуда тҧрақты тҥрде қажет болып табылады. 
Психологиялық  –  педагогикалық  зерттеулерде  белсенді  тҥрде 
индукция  мен  дедукция  әдісі  де  қолданылады.  Зерттеуші  индуктивті 
жолды  қолдану  арқылы  эмпирикалық  деңгейден  теориялық  деңгейге 
жекелеген фактілерді, ҧқсастықтарды, белгіліден белгісізге тҥрлі формада 
қорытынды  мен  статистикалық  тҥсінік  бере  отырып  жалпылау  арқылы 
ӛтеді.  Сол  арқылы  қҧбылыстың  мәнділігіне  ене  отырып  оның 
заңдылықтарын ашады, болжам мен теория қҧруды жҥзеге асырады. 
Дедуктивті жолды қолдану логика ережесі мен заңдары негізінде бір 
немесе  бірнеше  тҧжырымнан  ой  қорытындысын  шығаруға  мҥмкіндік 
береді.  
Индукция  мен  дедукция  ӛзара  бӛлінбейтін  байланыста  және  ол  екі 
әдіс  гуманитарлық ғылым ретіндегі педагогика  мен психология ҥшін  тең 
тҥрде дамуы ӛте қажет.  
Жіктеу  –  кез  –  келген  тҥрдегі  қҧбылыстардың  ӛте  маңызды 
белгілеріне  сәйкес  кластарға  бӛлінуі,  осы  тҥрге  тән  және  басқа  тҥрден 
ажыратылатын  ерекшелікке  ие,  сол  арқылы  әрбір  кластар  ӛз  кезегіне 
қарай жеке кластарға бӛлінеді. 
Жіктеу жасау белгілі бір логика ережелеріне тәуелді:  
1. белгілі  бір  және  басқа  да  жіктеу  тҥрінде  жекелеген  элементті  бӛліп 
кӛрсету ҥшін бір ғана негіз болуы керек, мысалы, қандай да болмасын 
мектеп  оқушыларын  біруақытта  мынадай  кӛрсеткіштер,  атап  айтқанда 
жасы, ҥлгерімі және сҥйікті ісі бойынша жіктей салуға болмайды. 


94
 
 
2. жіктелетін  мҥшелердің  кӛлемі  жіктелуші  жинақ  кӛлеміне  сай  болуы 
керек,  яғни  жіктелетін  мҥшелердің  қосындысы  жинақ  жіктемесіне  сай 
болып одан асып кетпеуі тиіс (бӛлу ӛлшемінің талабына сай). 
3. жіктеу мҥшелері бір  – бірін алмастыра отыру арқылы бірде бір мҥшесі 
басқа мҥшесінің кӛлеміне енбеуі тиіс. 
4. кластарға  бӛлу  ҥзіліссіз  болу  керек,  яғни  жақын  арадағы  кластарға 
ауысып  кетпей  негізгі  белгі  ретінде  бӛлінген  сызықтың  біртіндеп 
кӛбеюі мен әлсіреуіне қарай жҥріп отыру керек. 
Салыстыру  –  объектілердің  ҧқсастығын  және  арасындағы 
айырмашылығын  анықтау  мақсатында  қатар  қойып  салыстыру.  Ол 
жалпылауға  маңызды  алғышарт  болады  және  ҧқсастық  бойынша  ой 
қорытындысын  шығаруда  ҥлкен  роль  атқарады,  сондай-ақ  толықтырушы 
немесе  ауыстырушы  анықтама  ретінде  қолданылады.  Ҥйренуші  пәнді 
қабылданған  кӛрсеткіштер  бойынша  басқалармен  салыстыру  зерттеудің 
пәні  мен  объектісін  шектеуге  және  бӛліп  кӛрсетуге  кӛмектеседі.  Қатар 
қойып  салыстыру  жолымен  зерттелуші  қҧбылыстың  жалпы  және 
айрықшасын  бӛліп  кӛрсету  негізінде  ең  тиімді  оқыту  әдісін  таңдауға 
мҥмкіндік береді.  
Салыстыруға  тек  біртекті  тҥсініктер  жатады,  яғни  олар  шынайы 
әрекет  қҧбылыстары  мен  пәнінің  біртектілігін  бейнелейді.  Кез  –  келген 
салыстыру  әртҥрлі  қҧбылыстарда  болса  да  жалпы  ортақтыққа  әкеледі. 
Қҧбылыстарды  салыстыруда  ӛте  маңызды  белгілерге,  яғни  ҧқсастық 
немесе  басқа  қҧбылыстардан  айырмашылығына  қарай  отырып  маңызды 
жақтарына мән береді. 
Салыстырмалы  педагогика  зерттеулерінде  салыстыру  жҧмыстың 
негізгі мазмҧны мен қҧралы болып табылады. Сезімдік таным деңгейінде 
салыстыру сыртқы ҧқсастық пен айырмашылыққа негізделеді, ал шынайы 
таным деңгейінде – ҧқсастық пен айырмашылық ішкі байланысқа тәуелді, 
соған сәйкес қажетті барлық маңыздылық пен заңдылықтарды тҥсіндіруге 
алғы  шарт  болады.  Салыстырусыз  ҧқсастық,  индуктивті  және  дедуктивті 
қорытынды жасау, жіктеу, анализ бен синтез болу мҥмкін емес. 
Жалпылау  –  қҧбылыстардың  кейбір  кластарына  тән  қасиеттерді 
ойша  қандай  да  болмасын  бӛліп  қарау;  жекеден  жалпыға  ӛту.  Егер  адам 
ҧғымдарды  жалпылауда  оны  басқа  кең  мағынадағы  ҧғымдарға  енгізе 
отырып  зерттелуші  ҧғым  кӛлемінде  қамтиды.  Мысалы,  «ойын»  ҧғымын 
жалпылау ҥшін осы ҧғымның кӛлемін «іс – әрекет» ҧғымына енгізуі керек. 
Сӛйтіп, қандай да болмасын ҧғымды жалпылау ҥшін қажетті ҧғымға ғана 
тән барлық белгілерді тастап, осы ҧғым аймағындағы қҧрамдас белгілерге 
де мән беру қажет. 
 
 
 


95
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет