94
2. жіктелетін мҥшелердің кӛлемі жіктелуші жинақ кӛлеміне сай болуы
керек, яғни жіктелетін мҥшелердің қосындысы жинақ жіктемесіне сай
болып одан асып кетпеуі тиіс (бӛлу ӛлшемінің талабына сай).
3. жіктеу мҥшелері бір – бірін алмастыра отыру арқылы бірде бір мҥшесі
басқа мҥшесінің кӛлеміне енбеуі тиіс.
4. кластарға бӛлу ҥзіліссіз болу керек, яғни жақын арадағы кластарға
ауысып кетпей негізгі белгі ретінде бӛлінген сызықтың біртіндеп
кӛбеюі мен әлсіреуіне қарай жҥріп отыру керек.
Салыстыру – объектілердің ҧқсастығын және арасындағы
айырмашылығын анықтау мақсатында қатар қойып салыстыру. Ол
жалпылауға маңызды алғышарт болады және ҧқсастық бойынша ой
қорытындысын шығаруда ҥлкен роль атқарады, сондай-ақ толықтырушы
немесе ауыстырушы анықтама ретінде қолданылады. Ҥйренуші пәнді
қабылданған кӛрсеткіштер бойынша басқалармен салыстыру зерттеудің
пәні мен объектісін шектеуге және бӛліп кӛрсетуге кӛмектеседі. Қатар
қойып салыстыру жолымен зерттелуші қҧбылыстың жалпы және
айрықшасын бӛліп кӛрсету негізінде ең тиімді оқыту әдісін таңдауға
мҥмкіндік береді.
Салыстыруға тек біртекті тҥсініктер жатады, яғни олар шынайы
әрекет қҧбылыстары мен пәнінің біртектілігін бейнелейді. Кез – келген
салыстыру әртҥрлі қҧбылыстарда болса да жалпы ортақтыққа әкеледі.
Қҧбылыстарды салыстыруда ӛте маңызды белгілерге, яғни ҧқсастық
немесе басқа қҧбылыстардан айырмашылығына қарай отырып маңызды
жақтарына мән береді.
Салыстырмалы педагогика зерттеулерінде салыстыру жҧмыстың
негізгі мазмҧны мен қҧралы болып табылады. Сезімдік таным деңгейінде
салыстыру сыртқы ҧқсастық пен айырмашылыққа негізделеді, ал шынайы
таным деңгейінде – ҧқсастық пен айырмашылық ішкі байланысқа тәуелді,
соған сәйкес қажетті барлық маңыздылық пен заңдылықтарды тҥсіндіруге
алғы шарт болады. Салыстырусыз ҧқсастық, индуктивті және дедуктивті
қорытынды жасау, жіктеу,
анализ бен синтез болу мҥмкін емес.
Жалпылау – қҧбылыстардың кейбір кластарына тән қасиеттерді
ойша қандай да болмасын бӛліп қарау; жекеден жалпыға ӛту. Егер адам
ҧғымдарды жалпылауда оны басқа кең мағынадағы ҧғымдарға енгізе
отырып зерттелуші ҧғым кӛлемінде қамтиды. Мысалы, «ойын» ҧғымын
жалпылау ҥшін осы ҧғымның кӛлемін «іс – әрекет» ҧғымына енгізуі керек.
Сӛйтіп, қандай да болмасын ҧғымды жалпылау ҥшін қажетті ҧғымға ғана
тән барлық белгілерді тастап, осы ҧғым аймағындағы қҧрамдас белгілерге
де мән беру қажет.