Катон-Верстка-01. indd


КӘРНЕЙ – шабындық, Өрел а.о. Кісі атына байланысты қойылған  атау. М.: Кісі атына байланысты қойылған атау [118]. КӘРІМҚАРАҒАЙ



Pdf көрінісі
бет105/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   305
КӘРНЕЙ – шабындық, Өрел а.о. Кісі атына байланысты қойылған 
атау. М.: Кісі атына байланысты қойылған атау [118].
КӘРІМҚАРАҒАЙ – бұлақ, Аққайнар а.о. Кісі атына байланысты 
қойылған атау. М.: Кәрім – кісі аты [152].
КЕГЕНШҰҢҚЫР - жайлау, Катонқарағай ауд. Атаудың бірінші 
сыңары кеген-моңғолдың гэгээн «жарық», «сәулелі», «нұрлы» деген 
сөзі. Ауыспалы мағынада діни лауазым аты да болады. Шұңқыр 
географиялық терминімен бірігіп, «қасиетті, нұрлы шұңқыр жер» 
мағынасын білдіріп тұр. Мұндай атау кейде тәу ететін немесе діни 
қызметкер тұрған жерлерге де беріледі. Алматы облысындағы Кеген 
өзені де осы сөзден жасалып, «мөлдір», «қасиетті» өзен мағынасында 
тұр [15,136 б.].
КЕЗЕҢ – қыстау, Катонқарағай а.о. Жаңаүлгі арқылы 
автомагистральға шығу бағыты болып саналатын кезең 
болғандықтан, бұл жерде орналасқан қыстау осы атты иеленген. 
М.: Кезеңде Мойылды ауылы тұрғындары келіп, мобильдік желі 
қызметін тұтынады[99].


127
КЕЗЕҢ – ж.а., Жамбыл а.о. Жотаға не тау бөртектеріне шығар бетті 
кезең дейді [120].
КЕЛДІБЕК – ж.а., Өрел а.о. М.: Кісі атына байланысты қалған атау 
[118]. М.:ә. Мосағаштан ары қарай жүрсен, Келдібектен шығасын 
[119].
КЕЛДІБЕК – қыстақ, шабындық. М.: Кісі атына байланысты 
қойылған атау [100].
КЕМЕР – ж.а., Катонқарағай а.о. Өзен-көлдің жиегінде 
орналасқандықтан қойылған атау. Екінші мағынасында, өзеннің 
жиегінен асып таситын болғандықтан қойылған атау болса керек[130].
КЕМПІР – тау, Жамбыл а.о. Кемпірдің мерт болуына байланысты 
қойылған жер атауы. М.1.Таудың етегінде орналасқан қорғандар 
тізбегі саны жағынан ең үлкен және ол оңтүстіктен солтүстікке 
қарай созылып жатыр. Кемпір мен Қайнар шоқыларының тоғысатын 
жерінде оңтүстіктен қойнауға қарай орналасқан [83, 225 с.]. М.2: 
Енді, обаның салыну кезеңдеріне тоқталайық. Алдымен, жерлеу 
орнын таңдап таңдап анықтау рәсімін абыздар өткізуі мүмкін. Бұл 
жер, шын мәнісінде, қорымдағы ең бір ыңғайлы ерекше орын. Егер 
ең үлкен №1 оба террассаның нағыз ұшында, жекелене орналасса, 
№11 қорған тау етегіне жақын орналасқан, бірақ күн батарда 
жанындағы Кемпір таудың көлеңкесі екеуіне де бір сәтте диагональ 
бойынша түсіп, күннің соңғы нұры екеуін де бірге жабады. Абыздар 
осы жағдайды да байқап ескеруі мүмкін [82,17б.]. М.: Көшіп бара 
жатқанда ат жығылып бір кемпір құлап, өлген. Содан аталып 
кеткен [105]. 
КЕМПІРҚАРАҒАЙ – қыстау, Берел а.о. Діңі қатты қыртыстанған, 
әжімге ұқсас қарағайлы жерге берілуі мүмкін. М.: Берел маңындағы 
қыстақ [101].
КЕНЕУКӨЛ – шабындық. Қасиетті, шипалы көл маңында 
орналасқан шыбындық атауы болса керек. М.: Қасиетті көл 
мағынасында қолданылған [100].
КЕНЖЕШАҒЫР – жайлау, Жамбыл а.о. Кеш шығатын, құмды 
жерлерде өсетін көпжылдық шөптесін өсімдіктің кездесуіне байланысты 
қойылған атау. Шағыр – құмды, шағылды жерлерде өсетін көпжылдық 
шөптесін өсімдік [57,192 б.]


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет