Катон-Верстка-01. indd



Pdf көрінісі
бет108/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   305
КЛЕБРКЛЕВЕР – ж.а., Жамбыл а.о. Беде өсімдігінің мол шыққан 
жеріне қойылған атау[120].
КІНӘЗБАЙ – ж.а., Жамбыл а.о. Антропотопоним [120].
КОМКОВАЯ ДОЛИНА – ж.а., Өрел а.о. Кісі есіміне байланысты 
қойылған. Жергілікті тұрғындар Көмек деген кісінің жұртын қазақшаға 
тілі келмейтіндер «Комская долина» деп атап кеткен дейді. – қазақша 
«Көмек» болған деседі. М.: Көмек деген шалдың есіміне байланысты 
шыққан атау. Сол кісінің жұрты тұрған. Ол кісінің жұрты – Самай 
жұрты 
КОМСОМОЛ – таудың үлкен беті, Өрел а.о. Кеңес үкіметі кезіндегі 
жастар ұйымының атымен аталған атау. М.: Кенес одағының кезінде 
оқушылар жұмыс істеп, сол жерге қос тігіп жатқаннан кейін аталған 
[154].
КОНДРАШКА – алаңқай, Катонқарағай ауд. Кондрат деген кісі 
атына кішірейту, еркелету мақсатындағы суффикс жалғану арқылы 
жасалған атау. М.: Репныйдың іргесіндегі «Кондрашка» деп аталатын 
орман алаңқайына самаладай етіп бірнеше коттедж салып тастапты 
[6,5б.] 


130
КӨБЕЙ – жайлау, Аққайнар а.о. Ру атына байланысты қойылған атау. 
М.: Жәкен руынан шыққан адамның атына байланысты қойылған [124].
КӨБЕНТАУ – тау, Қатонқарағай а.о. Ру атына байланысты қойылған 
атау. М.1: Экскурсия жасаған жердің атауы туралы, мекендейтін 
аң-құстары жайлы, табиғаты туралы, Ұзақ тауы, Көбентауы, 
Бұқтырма өзені жайлы естігендерін айта жөнелетін [25,196 б.]. 
М.2: Сонда біз Көбентауы деп аталатын көлдің маңайын, арғы 
Атөлген деп аталар жазықты шауып жүргенде жерде баданадай 
болып көзі жаудырап жатқан қып-қызыл бүлдіргенді көріп, жегіміз 
келіп, аузымыздың суы құрыса да үлкендер рұқсат етпейтін [18, 143 
б.]. М.: Онда Көбендердің руы жайлаған. Жанында көлі бар. Көбентау 
көлі деп аталады [114];[110].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет