Катон-Верстка-01. indd


) Оба –«өлген адамдарды жерлеген орын»  [66,367б.]. Ерте дәуірде молалар тас үйіндісінен жасалғаны тарихтан  мәлім.  3)



Pdf көрінісі
бет188/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   305
2) Оба –«өлген адамдарды жерлеген орын» 
[66,367б.]. Ерте дәуірде молалар тас үйіндісінен жасалғаны тарихтан 
мәлім. 
3) Э.В. Севортян сөздігінде түркі. оба/ова «ру, тайпа», «киіз 
үй», «жанұя», «елді мекен» мағыналарын беретіні көрсетіледі [60; 
400]. Осы үш мәнде де топонимдер жасала береді. Бұл термин арқылы 
Бесоба, Қособа, Обалы, қатарлы топонимдер жасалған[16,33б.]. М.: 
Өгізсыймастан ары қарай асатын асу [132]. 
ОГНЕВО – ауыл, Үлкен Нарын а.о. Қазақ жерін орыстандыру 
саясаты салдарынан пайда болған топонимдік атау. Бұрынғы Ресей 
жеріндегі қоныстарының аты қойылған болу керек «В период 
расселения русских на территории Казахстана многие названия были 
иммигрированы вместе с переселенцами, т.е. населенным пунктам, 


207
в которых появлялись новые жители, присваивались названия, 
характерные для тех местностей, откуда шло переселение» [36,35б.], 
М: Қайың көп өскен жерді осылай атап кеткен[153]. М1.: Бұлар таң 
біліне Огнево селосына ілінді[25,80 б.]. М2.: Жол қатынасы қиын болған 
соң, Қайыңды колхозы бұл ішкері жақтың мол байлығын дер кезінде 
жинап үлгермей, ысырапқа ұшырата берген соң, көп назар аудармай, 
«өздері білсінге» көшуші еді. Солтүстігінде атақты Хатынь өзені, 
оңтүстігі Бұқтырма, екі өзеннің ортасындағы иен жер тегін байлық, 
күйсіз күн кешіп, ұмытылғандай жетімсіреп жатушы еді. Ал Огневка 
ең алыс, шеткері ауылдың бірінен саналатын да Үлкен жердің көп-көп 
жаңалығын кереңдеу, томаға-тұйық[ 22,173б.].
ОЖАР КӨҢІ – қыстау, Катонқарағай а.о. Антропотопоним[162].
ОЗЕРНАЯ – көл, Солдатова а.о. Қазақ сөзін тікелей калькалау 
арқылы қалыптасқан топонимдік атау[127]. Х.: Озерная көліне 
байланысты өзеннің атын қойған.
ОЙ – ауыл. Катонқарағай а.о. Ойыс, ойпаң жерде орналасуына, яғни 
елдімекеннің георграфиялық орналасу ерекшелігіне қарай қалыптасқан 
ойконим атауы болуы мүмкін[124]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет