Катон-Верстка-01. indd


ОЙМАНҚАН – жайлау, арғы жон қақпасы. Антропотопоним. М



Pdf көрінісі
бет189/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   305
ОЙМАНҚАН – жайлау, арғы жон қақпасы. Антропотопоним. М.:  
Ит тұмсығы батпайтын қалың орман[99].
ОЙСЫП – ж.а. Жамбыл а.о. антропотопоним, тұрғындардың 
айтуынша, бұл жердің атауы орыстың Иосиф есімімен байланысты, 
ол кісі осы елде ұзақ жыл тұрған, яғни қазақ жерін орыстандыру 
саясаты салдарынан пайда болған топонимдік атау[120]. М.: Иосиф 
деген кісі жағасында көп жыл мекен еткендіктен тұрғындар Ойсып 
деп атайтын су бар. Ойсып суы да Бұқтырмаға құяды. Қолда 
бар мәліметке қарағанда, Иосиф сөзін Алтай халқы да Ойсып деп 
айтатыны байқалады[3,73б.].
ОЙЫҚЕКЕН – жайлау, Катонқарарғай а.о. топонимдік атау. Жер 
атауына негіз болған «Ойықекен» өзені[159].
ОЙЫҚЕКЕН – өзен, Катонқарағай а.о. гидронимнің географиялық 
ерекшелігінен туындаған топонимдік атау, 1.Ойық. Мұздың, жердің 
ойылған жері [53,703 б.] [
159].
ОКОЛОТКА – жер аты, орыс тілінен енген кірме сөз. Белқарағай 
а.о. М.: Қазақтар Алтыбас деген. Жоңғарлармен соғыс аяқталғаннан 
кейін де кейбір қалмақтар таулардың арасында жасырынып жүрген. 
Солар қазақтың бір атасын өлтіріп, қазақтар ашуланады. Қазақтар 
соларды өлтіріп, бастарын жолдың жиегіне іліп қойған [147].


208
ОЛЬГИНА – қыстау, Солоновка а.о. антропотопоним, орыс тілінен 
енген кісі есімі. М.: Қойшы әйел адам атымен аталған[120].
ОМАР БҰЛАҚ – бұлақ, Берел а.о. Антропотопоним. М.:Омар деген 
қашқын мекендеген[149].
 
ОМАР КӨҢІ - жайлау, Үлкен Нарын а.о. Антропотопоним, кісі 
есіміне қатысты берілген атау[
163]; [107].
ОМАР ТУҒАН – ж.а. Үлкен Нарын а.о. Антропотопоним, кісі 
есіміне қатысты берілген атау. М: Жұрт жайлауға көшіп бара жатқанда 
дүниеге келген Омар деген баланың құрметіне сол жерді Омар туған 
деп атап кеткен[150].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет