Катон-Верстка-01. indd



Pdf көрінісі
бет236/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   232   233   234   235   236   237   238   239   ...   305
Тасшоқының ұшар басына дейін бұзауларды өргізіп бардық та, еркіне 
коя бердік. Өйткені төрт аяқты мал бұл жерден ұзап ешқайда кете 
алмайтын. Биіктеген сайын қалың барағы орман таусылып, таудың 
таз төбесі басталатын. Заңғар таудың төбесінде үнемі суық жел 
соғып тұратындықтан ағаш болмайды және шөп те бойлап қалың 
өспейтін тақыр. Жазды күндері үнемі сезіміңді сергітер майда леп есіп 
тұрар еді. Ал, шоқылар өркеш-өркеш болып, көк күмбезіне найзадай 
кіріп ұшпалана қол бұлғайтын [21,101 б.].
ТАСШОҚЫ - бұлақ. Тасшоқы тауынан ағатын бұлақ болғандықтан 
басты нысанның атын иеленген[99].
ТАСШОҚЫ - тау, жайылым. М.: бергі жонның төрі. Төменгі жағы 
орман шырша, қарағай, балқарағай аралас, бұта қараған, көкбояу, 
қарақат, бас жағы тас. Басында ойылған тас бар, жергілікті халық 
қазан бар дейді[99].
ТАТАН – жайлау, Катонқарағай а.о. Этнотопоним. Татан руының 
атына байланысты қалыптасқан атау[163];[107]. М.: «Жаз жайлауым 
Қарасаз, Мұзбел, Татан..»[41,224б.].


256
ТАУАСАР – асу, Белқарағай а.о. Тау (зат есім) және асар (етістік) 
сөздерінің бірігуі арқылы жасалған. Топоним тауды асуға болатын жер 
деген мағынадан туындайды. М.: Маңдайша, Төржайлау мен Тауасары 
Тұрғандай маған бола аласарып[42,93б.]; [147].
ТАУТЕКЕ СУЫ – өзен, Қатонқарағай а.о. Атау таутеке (зат есім) 
және суы (тәуелдік тұлғасындағы зат есім) сөздерінің тіркесуі арқылы 
жасалған. Бірінші компонент тауды мекендейтін ешкі тұқымдас жабайы 
аң атауын береді. Екінші компонент «су» сөзі өзен мағынасында 
қолданылған. Катонқарағай ауданы топонимдерінің ерекшелігі су – өзен, 
жұрт – жайлау, қыстау мағынасындағы қолданыстардың болуында. Яғни 
маңайын таукелелер мекендейтін өзен мағынасын беретін атау «Таутеке 
суы» деген формада қолданыс тапқан. М.: Бұл жерде таутекелер көп 
мекендеген. Осы өзеннен су ішкен. Сол себепті Таутеке суы деп аталып 
кеткен [133].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   232   233   234   235   236   237   238   239   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет