Катон-Верстка-01. indd



Pdf көрінісі
бет251/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   247   248   249   250   251   252   253   254   ...   305
Байланысты:
Катон-Верстка-336 стр.

.]; [103].
ТҰМА – бастау, Катонқарағай а.о. Қазақ әдеби тілінің сөздігінде 
«тұма» сөзіне «Өзен аңғары, жыра, сай беткейлерінен шығатын 
кішкене бастау» [56,419б.] анықтамасы берілген. Басқа түркі тілдерімен 
салыстырғанда аталған гидронимдік термин қазақ тілінде актив болып 
табылады. М: Терісбұлақтан Тұма ағып шығады[98].
ТҰМА – ж.а., Аққайнар а.о. Ойконим. Гидронимдік нысан аты 
негізінде қалыптасқан жер аты [124].
ТҰМА – ж.а., Катонқарағай а.о. Ойконим. Гидронимдік нысан аты 
негізінде қалыптасқан жер аты. М: Тұма ағып шыққаннан кейін, жер 
атауында Тұма атап кеткен [
98].
ТҰМА – ж.а., Өрел а.о. Ойконим. Гидронимдік нысан аты негізінде 
қалыптасқан жер аты. М: Қарағай тауының биігінде орналасқан өте 
биік, құрғақ жер. Тұма аққандықтан Тұма деп аталынып кеткен. Суы 
таза, мөлдір[119].
ТҰМАНДЫ – шатқал, Өрел а.о. Атау «тұман» сөзіне «-ды» сын есім 
тудырушы жұрнақ жалғану арқылы жасалған. Тұман «Атмосфераның 
жерге таяу қабатына ұсақ су тамшыларынан немесе мұз кристалдарынан 
жиналған бұлдыр ауа» [56,420б.] мағынасын береді. Олай болса, 
атмосфераның жерге таяу тұсы тау шыңы болса, оның шатқалын үнемі 
тұман басып тұруы «Тұманды» атауының қалыптасуына негіз болған. 
М1.: Қырсыққанда аттар ұзап жайылып, Тұмандының шатқалына 
түсіп кетіпті [10,195б.]. М2.: Әкесі солай деген соң, Қанай Торғынның 
атымен жылқыларын іздеуге шығады. Қырсыққанда аттар ұзап 
жайылып, Тұмандының шатқалына түсіп кетіпті[9,355б.].
ТҰРСЫНБАЙ – жайлау, Алтынбел а.о. Антропотопним. М.: Кісі 
есіміне байланысты қойылған деседі[137].
 ТҮГЕЛБАЙ- шабындық, Аққайнар а.о. Антропотопоним[120].
ТҮЙЕҚҰЛАҒАН – қия, Өрел а.о. Атау түйе (зат есім) және құлаған 
(есімше тұлғалы етістік) сөздерінің бірігуі арқылы жасалған. Өңірде 
түйе малына қатысты оқиға негізінде қалыптасқан атау болып табылады. 
М.: Қапталда қарауытқан қапсағай тауды Итөлген атайды екен. 
Адам түгіл ит екеш иттің өзі жете алмай мерт болған жердің түбі 
ғой, тегі. Төмені құз, құздың түбінде айға шапшыған арыстандай 
Ақбұлқақ қайнап жатыр. Оның үстіне тасқа жабысқан ағаштың 
бұтақтары жолыңды шлагбаумдай көлденең бөгеп тастапты. 
Аттың жалына жабысып, бетті бұтаққа осқызып, әзер өтеміз. 


271
Сол қияны Түйеқұлаған атайды екен. Көшіп бара жатқан баяғының 
бір байының түйесі жүгімен шатқалға ұшып кеткен сияқты. Енді 
бір жерді «Қызөлген» деп таныстырды. Ол атау бертін, Көккөл 
кеніші заманында қойылған сыңайлы. Бой жетіп қалған бір қыз бала 
Көккөлде суық тиіп ауырып, ойдағы ауруханаға аттандырылады. Қыс 
айында ауырмақ түгіл, сеспей қат, сені ақ қар көк мұзда анау Көккөлден 
таситын керемет жоқ. Мынау қыздың ауырғаны қазіргідей жаз 
айының жаймашуақ күні болса керек. Сорлы қыз сонда да елге жете 
алмай, жол ортада көз жұмыпты. Содан бері Көкжотаның бір мүйісі 
«Қызөлген» аталып кетіпті. Оның үстіне тасқа жабысқан ағаштың 
бұтақтары жолыңды шлагбаумдай көлденең бөгеп тастапты. Аттың 
жалына жабысып, бетті бұтаққа осқызып әзер өткеміз. Сол қияны 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   247   248   249   250   251   252   253   254   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет