Катон-Верстка-01. indd



Pdf көрінісі
бет254/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   250   251   252   253   254   255   256   257   ...   305
Байланысты:
Катон-Верстка-336 стр.

ТЫШҚАНҚОС – ж.а., Өрел а.о. Атау тышқан (зат есім) және қос 
(зат есім) сөздерінің бірігуі арқылы жасалған. Тышқан – жабайы жануар, 
ал қос – шөп шабу, егін салу, егін жинау, жылқыны қысқы отарда бағу 
кезінде көшіп-қонуға ыңғайлы, тігуі, жығуы оңай шағын уақытша 
баспана [52,115 б.] болып табылады. Атаудың қалыптасуында тышқан 
жануары негізгі белгі болып саналады. М: Көктеректен кейін тұр. 
Саршұнағы көп жер[100].
ТІКБҰЛАҚ – жайлау, Белқарағай а.о. Атау тік (сын есім) және бұлақ 
(зат есім) сөздерінің бірігуі арқылы жасалған. Тік – тікесінен, тура, 
түп-түзу [56,593б.] мағынасын берсе, бұлақ – басы қайнардан басталып 
сай-жыралармен ағатын кішігірім су [45,679б.] ретінде сипатталады. 
Олай болса, басын биіктен алып, тік болып ағатын бұлақты «Тікбұлақ» 
деп атаған[103].
ТІКЖОЛ – жол, Өрел а.о. Тік (сын есім) және жол (зат есім) 
сөздерінің бірігуі арқылы жасалған атау. Жолдың тікесін, түп-түзу 
болып келуі атаудың қалыптасуына негізболған. М: Келе жатқанда, 
тігірек келген жол бар. Сондықтан Тікжол аталуы керек[100].
ТІКЖОЛ – жол. Тік жол. Катонқарағай а.о. М.: Жайылым, дөң 
ертеректе тік шығатын шынжыртабандар көтерілетін асу жол 
болған, 1960- шы жылдары Бәске (Васька) сайымен Жаманбұлақтың 
бастауын айналып өтетін қабырға айналма жол салынған, 
доңғалақтылар қатынайтын[99].
ТІКШЕ – тау, Аққайнар а.о. Атау «тік» сын есім сөзіне «-ше» 
кішірейту мағынасын беретін жұрнақтың жалғануы арқылы жасалған. 
Таудың биік тау емес, сәл ғана төбешік тәрізді болып, оған тікесінен 
шығуға болатындықтан, осы ерекшелігіне байланысты аталса керек. М: 
Бұл тауға тек тігінен шыққан. Тікше деген сөзден шығы мүмкін[124].
ТІЛЕНШІ ҚУЫСЫ- ж.а., Қатонқарағай а.о. Антропотопним. М.: 
Мал баққан кісі малшы есімімен байланысты қойылған атау[148].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   250   251   252   253   254   255   256   257   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет