Катон-Верстка-01. indd



Pdf көрінісі
бет268/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   264   265   266   267   268   269   270   271   ...   305
Байланысты:
Катон-Верстка-336 стр.

ҮШІНШІ БРИГАДА – қыстау, Солоновка а.о. Үшінші (сан есім) 
және бригада (зат есім) сөздерінің бірігуі арқылы жасалған атау. Кеңес 
кезеңінде жалпы өңірдегі елді мекендерді тізімдеу барысында үшінші 
санымен белгіленген бригаданың атауы болып табылады. Екінші 
компонент бригада сөзі орыс тілінен енген кірме атау болып табылады 
[123].
ҮШІНШІСАЙ – шабындық. Катонқарағай а.о. Қатарласа 
орналасқан сайларға ретімен қойылған атау. Бірінші сайдың шөбін 
шауып болған соң, екінші сайға, одан үшінші сайға ойысып отырған. 
М.: Екпе шөп егіледі, Жері тар. Қонысқа ыңғайсыз. Тасқазған, Бүргенді 
шабындықтарына асу[99].
ФАДИХА – асу, Аққайнар а.о. Антропотопним. Орыс тілінен енген 
кірме атау. М.: Сіздерге көрші Қарағай ауданының жұмысшыларымыз, 
Фадиханы асып, күзден қалған пішенді алып қайтуға келеміз [24,209б.].
ФАРПУСНАЯ – тау, Солдатова а.о. Антропотопним. Орыс тілінен 
енген кірме атау. М: Таудың шыңы, жанынан Фапусная өзені ағып 
жатыр.Ол өзен күндіз ақпайды, тек түнде ғана[195].
ФЕКЛИСТОВКА – ауыл, тарихи атау. Антропотопним. Орыс тілінен 
енген кірме атау. М.: Из села Феклистовка Бухтарминского района хлеб 
возили за 150 километров на быках и вьюками к пристани Гусиная


288
чтобы оттуда его отправить по Иртышу В Усть- Каменогорска, 
и жители этого села из-за бездорожья вынуждены были искать 
обьездные пути на сотни километров, чтобы попасть в город. А 
Феклистовка расположена в 40 километрах от Усть-Каменогорска 
и жители этого села из-за бездорожья вынуждены были искать 
обьездные пути на сотни километров, чтобы попасть в город[12, 70с.]
ФЫКАЛКА – е.м., Катонқарағай ауд. Орыс тілінен енген кірме 
атау. М.: Фыкалка атауы ескі орыс тілінде ашылмаса, қазіргі тілінде 
мән бермейді. Қазақтың «бекалқа» сөзінен шықты деген пікір күмәнді, 
өйткені мұндай атау Сібірде көп кездеседі [15,189б.].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   264   265   266   267   268   269   270   271   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет