284
ҮШКӨЛ – көл, Жамбыл а.о. Атау үш (сан есім) және көл (зат
есім) сөздерінің бірігуі арқылы жасалған атау. Үш сөзі гидронимдік
нысанның санын білдірсе, көл сөзі гидронимдік термин ретінде өте
ерте замандардан бері қолданылып келе жатқан сөз. «Көл – айналасы
табиғи не жасанды түрде тұйықталған, дөңгелек не сопақша біткен су
айдыны» [50, 256 б.] мағынасын береді. Өңірде үш көлдің бір жерде
орын алуы атаудың қалыптасуына негіз болған[120].
ҮШКҮНГЕЙ – жайылым, Катонқарағай а.о. Атау үш (сан есім)
және күнгей (зат есім) сөздерінің бірігуі арқылы жасалған атау. Үш сөзі
геоморфологиялық нысанның санын білдірсе, күнгей сөзі «1. Күннің
шуағы мол түсетін жер; 2. Таудың үнемі күн сәулесі түсіп тұратын бір
жағы, етегі, баурайы» [50,511б.] деп сипатталады. Таудың етегінде күн
шуағы түсетін үш жердің болуы атаудың қалыптасуына негіз болған.
М: Үшкүңгейде зираттар бар[132].
ҮШКІРТАУ – тау. Катонқарағай а.о. Тау тұрпатына қарай, яғни басы
үшкілденіп келетін болғандықтан аталған.
М.: Ауыл көркі, жайылым,
сол жағалау. Баурайында Кеңсай, Бадансай тау сілемдерімен бойлап
көтерілгенде горизонттық жоғарылық деңгей саналады[99].
ҮШҚОҢЫР – тау, Өрел а.о. Атау үш (сан есім) және қоңыр (зат
есім) сөздерінің бірігуі арқылы жасалған атау. Бұл жерде қоңыр сөзі
тарнсформацмяланып, зат есім мағынасын беріп тұр. Яғни алыстан
көрінген үш көлеңке, белеске арнайы берілген атау
«Үшқоңыр» деп
аталған.
М.: Наурыз туысымен белгі беретін Алтай жылымығы
томар қалпағын қисайтып, қысқы жолдың күнқағар езуін науалап
тастағанымен, қар әлі семіздің сүбесіндей: жел қаққан жазықтың
кірі, қысы-жазы қылау жатпайтын Үшқоңырдың найзасы болмаса
ұлы таудың теріс қапталы шаңқайып-ақ тұр[171,128б.]
Достарыңызбен бөлісу: