ШОҚПАРСАН– ж.а., Жамбыл а.о. Ойконим. Тау атауы негізінде
қалыптасқан. М: Ол да Шабанбай құрамында [105].
ШОҚПАРСАН – тау, Берел а.о. Шоқпарсан – қыран құстың саны
жуан болып келуі [57,386б.]. Олай болса, тауды қыран құстың санына
ұқсату негізінде қалыптасқан атау [101].
ШОҚПАРТАС – таудың бір бұрышы, Солдатова а.о. Шоқпар (зат
есім) және тас (зат есім) сөздерінің бірігуі арқылы жасалған атау. Тауда
шоқпар тәрізді үлкен тастардың болуы атаудың қалыптасуына негіз
болған. [128].
ШОҚСАМЫРСЫН – ж.а., шабындық, Өрел а.о. Шоқ (сын есім)
және самырсын (зат есім) сөздерінің бірігуі арқылы жасалған атау.
Самырсын ағашының топталып, бір жерге шоғырланып өсуі атаудың
қалыптасуына негіз болған. М: Ағаштардың орналасуына байланысты қойылған атау [118].
ШОҚТАЛ – жайлау, Жамбыл а.о. Шоқ (сын есім) және тал (зат
есім) сөздерінің бірігуі арқылы жасалған атау. Талдың шоқталып өсу
ерекшелігіне орай берілген атау [120].
ШОҚЫ – ж.а., Катонқарағай а.о. Шоқы - аласа таулы өлке бедерінің
пішіндері. Жазық жерлердегі дөң, оқшауланған биік төбелер де кейде
шоқы аталады[59], [163]; [107].
ШОЛАҚБАЙ – жайлау, Өрел а.о. Антропотопним. М.: Кісі атына
байланысты қалған атау[118].
ШОЛАҚБАЙ –ж.а., Өрел а.о. Антропотопним. М.: Шолақбай жұрты
тұрған. Шолақбай Есімнің баласы[119].
ШОЛАҚБҰЛАҚ_-_бұлақ'>ШОЛАҚБҰЛАҚ - бұлақ,Катонқарағай а.о. М.: Мағынасы: «Қысқа, бас-аяғы көрініп тұратын бұлақ». Шолақ (сын есім) + бұлақ (зат есім) [15, 195б.]; М: Таудан шығады. 1 км.-дей ағып, қайта жер астына
кіреді [148].
ШОЛАҚБҰЛАҚ – ж.а.,Катонқарағай а.о. Ойконим. Бұлақ атауы
негізінде қалыптасқан. М: Бөртектің бер жағын Шолақбұлақ дейді [132]
. ШОЛАҚДАРА – дара, Өрел а.о. Шолақ (сын есім) және дара (зат есім)
сөздерінің бірігуі арқылы жасалған атау. Дара – тау шатқалы, аңғары
303
деген де мән берсе [15,194б.]. Шолақ – тау аңғарының қысқалығын
білдіреді. Яғни жердің физикалық-географиялық ерекшелігіне
байланысты берілген атау. М1.: Қасқабастан кейін орналасқан[119].
М2.: Жердің ыңғайына байланысты қойылған атау[118].