Катон-Верстка-01. indd


ШОҚПАРСАН – ж.а., Жамбыл а.о. Ойконим. Тау атауы негізінде  қалыптасқан. М: Ол да Шабанбай құрамында [105]. ШОҚПАРСАН –



Pdf көрінісі
бет283/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   279   280   281   282   283   284   285   286   ...   305
ШОҚПАРСАН – ж.а., Жамбыл а.о. Ойконим. Тау атауы негізінде 
қалыптасқан. М: Ол да Шабанбай құрамында [105].
ШОҚПАРСАН – тау, Берел а.о. Шоқпарсан – қыран құстың саны 
жуан болып келуі [57,386б.]. Олай болса, тауды қыран құстың санына 
ұқсату негізінде қалыптасқан атау [101].
ШОҚПАРТАС – таудың бір бұрышы, Солдатова а.о. Шоқпар (зат 
есім) және тас (зат есім) сөздерінің бірігуі арқылы жасалған атау. Тауда 
шоқпар тәрізді үлкен тастардың болуы атаудың қалыптасуына негіз 
болған. [128].
ШОҚСАМЫРСЫН – ж.а., шабындық, Өрел а.о. Шоқ (сын есім) 
және самырсын (зат есім) сөздерінің бірігуі арқылы жасалған атау. 
Самырсын ағашының топталып, бір жерге шоғырланып өсуі атаудың 
қалыптасуына негіз болған. М: Ағаштардың орналасуына байланысты 
қойылған атау [118].
ШОҚТАЛ – жайлау, Жамбыл а.о. Шоқ (сын есім) және тал (зат 
есім) сөздерінің бірігуі арқылы жасалған атау. Талдың шоқталып өсу 
ерекшелігіне орай берілген атау [120].
ШОҚЫ – ж.а., Катонқарағай а.о. Шоқы - аласа таулы өлке бедерінің 
пішіндері. Жазық жерлердегі дөң, оқшауланған биік төбелер де кейде 
шоқы аталады[59], [163]; [107].
ШОЛАҚБАЙ – жайлау, Өрел а.о. Антропотопним. М.: Кісі атына 
байланысты қалған атау[118].
ШОЛАҚБАЙ –ж.а., Өрел а.о. Антропотопним. М.: Шолақбай жұрты 
тұрған. Шолақбай Есімнің баласы[119].
ШОЛАҚБҰЛАҚ_-_бұлақ'>ШОЛАҚБҰЛАҚ - бұлақ, Катонқарағай а.о. М.: Мағынасы: «Қысқа, 
бас-аяғы көрініп тұратын бұлақ». Шолақ (сын есім) + бұлақ (зат 
есім) [15, 195б.]; М: Таудан шығады. 1 км.-дей ағып, қайта жер астына 
кіреді [148].
ШОЛАҚБҰЛАҚ – ж.а.,Катонқарағай а.о. Ойконим. Бұлақ атауы 
негізінде қалыптасқан. М: Бөртектің бер жағын Шолақбұлақ дейді 
[132]
.
ШОЛАҚДАРА – дара, Өрел а.о. Шолақ (сын есім) және дара (зат есім) 
сөздерінің бірігуі арқылы жасалған атау. Дара – тау шатқалы, аңғары 


303
деген де мән берсе [15,194б.]. Шолақ – тау аңғарының қысқалығын 
білдіреді. Яғни жердің физикалық-географиялық ерекшелігіне 
байланысты берілген атау. М1.: Қасқабастан кейін орналасқан[119]. 
М2.: Жердің ыңғайына байланысты қойылған атау[118].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   279   280   281   282   283   284   285   286   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет