Казахский национальный



Pdf көрінісі
бет4/43
Дата03.03.2017
өлшемі3,12 Mb.
#5534
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43

ашар  салтында айқын аңғарылады.  
Біз  сөз  еткелі  отырған  үйлену  мен  жерлеу 
ғұрпындағы параллельдерді ғұрыптық өлеңдер-
ге,  түр-түске  және  ырым-тыйымдарға  байла-
нысты танымдар арқылы  қарастыруға болады. 
 Күні  бүгінге  дейін  беташар  салтының  тұр-
мыс-салт  өлеңі  ретінде  жанрлық  ерекшелігіне, 
тәрбиелік мәніне фольклортанушы ғалымдары-
мыздың  еңбектерінде  жүйелі  пікірлер  білді-
рілді. 
Қазақ  халқының  дүниетанымында  беташар  
қыз  баланың  келін  атанып,  жаңа  шаңырақтың 
табалдырығын  аттағаннан  кейін  бір  рет  қана 
және міндетті түрде жасалатын ерекше салт.  
 
 
Беташар - келінге жаңа ортаны таныстыру-
мен  бірге,  тазарту  миссиясын  да  жүзеге  асы-
рады. Яғни,  келін  түсіруші  жақ  беташар  жасау 
арқылы жас келінге келген ортасын таныстыра 
отырып,  онымен  бірге  көзге  көрінбес  тылсым 
зұлым күш иелерінің  ілесіп келмеуін де мақсат 
етеді.  Келіннің  қадамының  құтты  не  құтсыз 
болуы оның түскен шаңыраққа тез сіңіп кетуіне 
тікелей  әсер  етеді. «Келіннің  аяғынан,  қойшы-
ның  таяғынан»  деген  мақалдың  осындай  жағ-
дайларға  байланысты  айтылғаны  хақ.  Егер 
келін  түсірген  шаңырақ  немесе  әулет  тойдан 
соң тағы бір қуанышқа кенеліп жатса, үлкендер 
жағы  «аяғы  құт  болды»  деп  жақсылыққа 
жорып жатады. Мұндай жағдайда жас келіннің 
іс-әрекетіндегі  кейбір  олқылықтар  көпке  дейін 
еленбей  қалатыны  да  анық.  Сол  секілді  босаға 
аттағаннан  кейін  әулет  ауыр  қайғыға  ұшыраса  
(отбасы  мүшелері  не  жақын  туыстардың  қайтыс 
болуы,  ауруға  ұшырауы,  т.б.) «аяғы  құтсыз  
 
П. Қ. Бисенбаев 

25 
 
Вестник КазНУ. Серия филологическая. № 2(136). 2012 
 
 
келін»  деген  атқа  таңылуы  да  мүмкін.  Бұл - 
күні  бүгінге  дейін  жалғасып  келе  жатқан 
түсінік. Келіннің  бетін  ашарда  кей  жерлерде 
қамшының  пайдаланылуы  да  негізінен  осы 
факторға  байланысты.  Себебі,  қамшы - көне 
түсініктер бойынша сыртқы тылсым күштерден 
қорғаушы.  Ертедегі  бақсы-балгерлердің  толға-
ғы ауырлап, босана алмай жатқан әйелдің  жан-
жағынан  ауаны  қамшымен  осқылап,  оны  же-
ңілдетуге  тырысқандығы  туралы  деректер  бар-
шылық. Яғни, бұл ретте қамшы - әйелді қинап 
жатқан  албасты  секілді  зұлымдық  иелерінен 
сақтайды  деген  түсінік  болған.  Беташарда 
келіннің  жаулығының  ұшына  байланатын  қам-
шы  осы  функцияны  атқарады.  Күні  бүгінге 
дейін қазақ отбасында қамшы аяқ асты тастал-
майды, көрнекті орынға (төр) ілінеді.  
Беташардың    ғұрыптық  генезисінде    фоль-
клордағы «жұтып, қайта құсу мотивінің» негіз-
дері  бар  екенін  аңғарамыз.  Белгілі  зерттеуші-
ғалым  
С.  Қоңдыбай  өзінің  «Арғықазақ  мифоло-
гиясы»  атты  еңбегінде  бұл  мотивті «...тек 
ұсталықпен,  металмен  байланыстырып  қоюға 
болмайды.  Осындай  байланыстың  дұрыс  екен-
дігі  анық,  дегенмен  «металдану  идеясы»  бас-
тапқы  «ұлы  ананың  жұтып,  қайта  құсуы»  әре-
кетін  инициялық  сынақ  түрінде  қайталап  оты-
рудың  бір  варианты  ғана.  Бастапқы  әрекеттік 
схемадан - архетиптен басқалай да (ұсталыққа, 
металға  қатысы  жоқ)  түсініктер,  ырымдар, 
ғұрыптар  өрбіп  шыққандығы  анық...»  [1, 57] 
деп  түйіндеген  болатын.  Олай  болса  ғалым 
пікіріндегі  «өрбіп  шыққан»  ғұрыптың  бірі  осы 
беташар деп айтуға негіз бар. Себебі, беташар 
салтының негізінде  қалыңдықты  «өмірге қайта 
әкелу»  миссиясы  бар.  Сөзіміз  дәлелді  болу 
үшін  беташарға  дейінгі  жасалатын  ғұрыпта-
рдағы  параллельдерге назар салайық:  
Тұрмыс-салт өлеңдеріндегі параллельдер
Қазақ  халқының  қыз  балаға  «аз  күнгі  қо-
нағым», «жат  жұрттық  бала»  деп  ерекше  ілти-
патпен  қарағаны  белгілі.  Қызын  ұзатқан  үйге 
«қызыңды  құтты  орнына  қондырдың  ба?» 
деген  мағынадағы  тілек  сауалдарды  дүниеден 
бақилық болған адамның артынан шаңырағына 
бата  оқып  барушылардан  «қарияны  құтты 
орнына қондырыпсыздыр»  деген сипатта естіп 
жатамыз.  Қыз  баланың  ұзатыларда  айтатын 
сыңсуы  мен  дүниеден  озған  адамға  арнап 
айтылатын  жоқтаудың  арасында  да  көне 
танымдардың  ізі  жатыр.  Бұл  екеуі  де  міндетті 
түрде  айтылуы  тиіс  ғұрыптық  өлеңдер.  Осы 
ретте  сыңсудың  көп  ретте  қыз  баланың  өз 
теңіне  қосыла  алмай,  шерменде  болып  бара 
жатқанда  ағайын-тумасымен,  ата - анасымен 
қоштасып  айтататын  өлеңі    ретінде  танылып 
келгені  де  жасырын  емес.  Әсіресе  бұл  ғұрып-
тық  шығарма  кеңестік  идеология  тұсында  
кедей қызының малға сатылып, өзінен бір - екі 
мүшел    үлкен  адамға  тоқалдыққа  еріксіз    бара 
жатқанда  айтатын  өлеңі  ретінде  біржақты   
баяндалды.  Әрине,  халықтың  тұрмыстық  жағ-
дайында  осындай  беттердің  болғаны  да  ащы 
шындық.  Дегенмен,  сыңсуды  тек  қыз  баланың 
сүйгеніне  қосыла  алмай,  өзіне  тең  емес  адам-
ның  етегінен  амалсыз  ұстағандағы  зарлы  шері, 
мұңды  әні  ғана  деп    қарау  дұрыс  емес.  Сыңсу  
қыз  баланың  қандай  жағдайда  ұзатылып  бара 
жатқанына  тәуелді  емес  және  міндетті  түрде 
айтылуы тиіс ғұрыптық өлең болған. Бұл функ-
ция  жоқтауға  да  тән.  Дүниеден  озған  адамның 
артынан  жоқтау  айту  күні  бүгінге  дейін  көп 
жерлерде  сақталып  қалған.  Жоқтау - дүние 
салған  адамның  жасына,  пәни  дүниедегі    жақ-
сылы - жаманды  істеген    әрекет-амалдарына  
тәуелсіз айтылуы тиіс шығарма.  Яғни, жоқтау 
да  сыңсу секілді қайтқан кісінің не ұзатылғалы 
отырған  қалыңдықтың  әлеуметтік  статусынан 
тыс  міндетті  түрде  орындалатын  ғұрыптық 
шығарма.  Әрине,  біздің  бұл  ретте  айтпағымыз, 
адамдардың  әлеуметтік жағдайына қарай кәде-
салттардың  барлығы  бірдей  орындала  бермей-
тіндігі.  Белгілі  фольклортанушы - ғалым  Б. 
Уахатов  осыған  байланысты: « Мұның  өзі  бір 
жағы  байлықтан,  барлықтан,  асып  төгіліп  жат-
қан  жеке  адамдардың  молшылығынан  туғаны-
мен,  қалың  кедей,  кемтарлар,  қойшы-қолаңдар  
үшін  қолдан  келмес  кәделер.  Бұл  кәделер:  
ат  байлар,  ентік  ақысы,  сүт  ақысы,  жыртыс, 
босаға  аттар,  көпшік  қыстырар,  шатыр  бай-
ғазысы (мұны бөкейліктер «отау тігер»  дейді), 
түндік  жабар,  кемпір  өлді,  ит  ырылдатар,  шаш 
сипатар,  қол  ұстатар,  төсек  салар,  шымылдық  
байғазысы,  арқа  жатар,  қыз  көтерер,  көрпе 
қимылдатар,  мойын  тастар,  бақансалдымдық, 
төстің  басы,  күйеу  аттандырар,  сарын  (аужар), 
орын  тойы(қыз  қашар),  келін  келді,  сәукеле 
байғазысы,  босаға  ілу,  отқа  май  құю,  беташар, 
бие  қысырамас,  өңір  салу,  енші  бөліп  беру, 
төркіндеу  секілді  түр-түрге  бөлінеді  де  және 
соның  әрқайсысына  ақы  төленеді» [2, 181] 
деген  пікір  айтады.  Ғалым  дерегінде  баяндал-
ған    салт-дәстүрлердің    беташардан  басқасы  
сыңсу  мен    жоқтау  секілді  міндеттілікті  қажет 
етпейді.  Бұл  кәделерді  әркім  өз  жағдайына 
қарай  орындауға тырысады. Оның әр  өңірдегі  
аймақтық  ерекшеліктерге,  келін  алған  не  қыз 
ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. № 2(136). 2012 
Беташар 

26 
 
 
 
ISSN 1563-0223                        Bulletin KazNU. Filology series. 
№ 2(136). 2012 
ұзатқан  әулеттің  тұрмыстық  жағдайына  бай-
ланысты    бірі  орындалып,  бірі  орындалмай 
жатуы  да  мүмкін.  Ал  сыңсу  мен  жоқтаудың 
танымдық  мәні    адамдардың  әлеуметтік  ста-
тусын  теңестіреді.  Бұл  ретте  ескеретін  нәрсе
қалыңдықтың  ұзатылып,  беташары  жасалғанға 
дейінгі  жоралғылары  дүниеден  озған  адамға 
жасалатын ғұрыптармен қатар өрбіп отыратын-
дығы. 
Ырым-тыйымдардағы параллельдер. Қыз 
балаға  өз ошағынан ұзатылып келін атанғанға 
дейінгі    аралықта  жасалынатын  ырым-тыйым-
дар  мен  әдет  -ғұрыптар  да  негізінен  дүниеден 
озған  адамға  жасалар  жоралғылармен  парал-
лель  келіп  отырады.  Мысалы,  қыз  ұзатылып 
бара  жатқанда  үлкендер  жағы  «артыңа  қарай-
лама»  деп  ескертіп  жатады.  Бұл - егер  қыз 
артына  қараса    барған  жерінен  төркініне  қай-
тып  келуі  мүмкін  деген  сенімнен  шыққан 
тыйым.  Дәл  осыған  ұқсас  тыйым  дүниеден 
озған  адамды  жерлеп  немесе  бейіт  басына 
зиярат  етіп  келе  жатқанда  да  жасалады.  Яғни, 
бейіттен  қайтқан  кісілерге  артына  қарайлауға 
болмайды деген табу жасалынған. Табудың түп 
төркінінде  оны    бұзған  жағдайда  «әруақтар 
әлемі  шақырады,  өлім  жақындайды»  деген 
түсінік  жатыр. Сол секілді ұзатылып бара жат-
қан  қыздың  басынан  жеңгелері  немесе  жақын-
дары дәм-тұз айналдырып алып қалып жатады. 
Ы.  Алтынсарин  дәл  осы  ырымның  қайтыс 
болған  адамға  да  жасалғандығына  дерек  кел-
тірген.  Екі  ырымның  да  көздеген  мақсаты 
біреу:  құт  берекенің    шаңырақтан    ауып  кет-
пеуі.  Нақтырақ  айтар  болсақ,  алғашқысында 
құттың  ұзатылған  қызбен  кетпеуі,  ал  екінші-
сінде  дүниеден  салған    адамның  отбасының 
ырыс-несібесін  өліліер  әлеміне  алып  кетпеуіне 
байланысты 
жасалатын 
ырымдар. 
Қазақ  
қашанда  отбасының,  әулеттің    құт-берекесін 
сақтауға  мүдделі.  Сондықтан  болар,  қазақ 
тұрмысында  әлі  күнге  жалғасын  тауып  келе 
жатқан  ырым-жоралғылар  (қазанды  ретсіз 
бермеу  немесе  бос  қайтармау,  төңкеріп  таста-
мау, бас тартылғанда оның құлағын кесіп алып 
қалу,  сатылар  малдың  бас  жібін  бермеу,  т.б.)   
құт-берекені сақтаумен тікелей байланысты. 
 Ұзатылған  қыз  көші  межелі  жеріне  жетем 
дегенге дейін еш жерге аялдамауды, кідірмеуді 
көздеген.  Бұл  ырым  дүние  салған  адамды 
жерлеу ғұрпында да  ескеріледі. Мәйітті құтты 
мекеніне  қойғанға  дейін  еш  жерде  аялдатпау, 
жерлеу  барысында  мүрдені  көмушілердің  кү-
ректі бірінен бірі іліп әкетіп, толық  аяқтағанша 
жұмысты кідіртпеуі алдағы мысалмен қабысып 
жатыр.  Осы  ретте  екі  функцияның  да 
ертеректе түске дейін, яғни күннің алғашқы 
жартысында  жүзеге  асырылатындығына  да  
мән  берген  жөн.  Дегенмен  қазіргі    қыз  ұзату 
тойлары кешке басталатындығына орай қалың-
дықты түнгі он екіге дейін әкету (сағаттық өл-
шеммен қалыптасқан дәстүр) дәстүрі қалыптас-
қан. 
Сыңсу айтылып  болғаннан кейін қыз шашы 
тарқатылып (ертеректе қайтыс болған адамның 
шашы  тарқатылған),  қос  бұрыммен  өрілген. 
Себебі,  қос  бұрым - жұптық  өмірдің  белгісі. 
Ал,  қазақ  қыздарының  кішкентай  кездерінде 
шаштарының  көп  бұрымды  болғанын  да  еске-
руіміз керек. Осы орайда қазіргі қазақ  қызын-
ың  сұлулығының  өлшемі  болып  жүрген  қос 
бұрымның  көне  жырларымызда  кездесе  бер-
мейтіндігін  де  ескерген  жөн.  Қазақ  халқының 
лиро - эпостық  жырларында    мақпал  шашты, 
сүмбіл  шашты,  қолаң  шашты  қазақ  арулары-
ның  бейнелері    сомдалғанын  айта  кеткеніміз 
орынды.  
Түр-түске  байланысты  параллельдер.  Қа-
зақ халқының дүниетанымында ақ орамал тағу 
босаға  аттаған,  есік  көрген  әйел  баласына  тән. 
Сондықтан  тұрмысқа  шықпаған  қыз  баланың 
орамалы ақ түсті болмауы  қадағаланады. 
Қыз бала ұзатылып барған жерінде беташар 
дәстүріне  дейін  ақ  шымылдықтың  ішіне  түсі-
ріледі. Бұл  қазақ даласының көп  аймақтарын-
да әлі күнге дейін сақталған. Шымылдық ішіне 
кіргізудің параллелін біз дүниеден озған адамға 
да  жасалатын  ырымдардан  көреміз.  Яғни, 
мәйітті  жөнелтуден  бұрын  оны  ақ шымылдық-
қа жатқызу ғұрпы, оң жаққа қойылуы (қыздың  
ұзатылғанға  дейінгі  оң  жақтағы  орны)  Қазақ-
станның  көптеген  өңірлерінде,  ата  дәстүрдің 
қаймағын бұзбай сақтап отырған шет елдердегі 
қандастарымыздың  ғұрыптарында  әлі  күнге 
дейін бар.  
Ақ  түс  тек  тазалықтың,  пәктіктің  белгісі 
ретінде  қабылданғанымен  күні  бүгінге  дейін 
оның  көне  замандардағы  өлілер  әлемнің  сим-
волы ретіндегі  танымы да қатар келе жатқанын 
айта  кеткен  абзал. «Символдар  сөздігінде»  ақ 
түстің   қорқыныштың, мойынсұнудың, өлімнің 
белгісі  ретінде  қабылданғаны  туралы  айты-
лады. [3]Мысалы,  жаугершілік  уақытта  ақ  ту 
көтеру  берілудің,  мойынсұнудың  немесе  елші-
нің  белгісі  ретінде  қабылданған.  Қытайда, 
ежелгі  Римде,  Европа  мемлекеттерінің  көпші-
лігінде  ақ  түс  қайғымен  бірге,  өлген  адамды 
күтіп  жатқан  әруақтар  әлеміне  арнау  мағына-
сындағы функцияға  ие еді. Әрине, қазіргі таңда 
Самал Дәрібайұлы

27 
 
Вестник КазНУ. Серия филологическая. № 2(136). 2012 
 
 
ақ  түс  дәл  осындай  танымдық  мағынада  қол-
данылмаса да  біз мысалға келтіріп отырған қыз 
бала  мен  әйел  адамдардың  киім  кешектерінің  
түр-түсіңдегі  ерекшеліктердің  генезисі,  нақты-
рақ айтсақ жаңа түскен  келінге ақ жаулықтың 
жабылуы  осы  танымдардың  негізінде  қалан-
ғаны анық.  
Ақ жаулық - жас келіннің бетін ашардағы ең 
негізгі  атрибут.  Әлбетте,  жаңа  ортаға  таныс-
тырам    дегенге  дейін    келіннің  бетіне    ақ  жау-
лықтың  жабылып,  көпшілікке  көрсетілмеуі  де 
заңдылық.  Яғни,  беташардың  негізгі  ғұрыптық  
функциясы - осы  жаулықты  ашу.  Ұзатылған 
қызға  жасалатын  ғұрыптар  жерлеу  ғұрпымен 
параллель  келсе,  ақ  жаулықты  ашу  арқылы 
«өмірге  қайта  әкелу»  функциясы  орындалады
Бұл  функцияның  қазақ  дәстүрінде  дүние  сал-
ған  адамның  жүзін  ақ  матамен  жауып,  арулап 
жөнелтуімен    параллель  екенін  де  айта  кеткен 
жөн.  Мәйітке  жасалатын  танымдық  ғұрыптың 
негізгісі  оның  бетін жабу және негізгі атрибут  
ретінде    мұнда    да    ақтық  (ақ  мата)  қолданы-
лады.  Жоғарыдағы  параллельдер  беташар  сал-
тының тамыры тереңде екендігін аңғартады.  
Бүгінгі  күнге  дейін  зерттеу  еңбектерде    қа-
зақ  халқының  тұрмыс-салт  жырларының  ішін-
дегі өзіндік ерекшелігімен дара тұрған беташар 
салтының  жанрлық  ерекшелігіне,  жас  келінді  
 
 
 
 
 
жаңа  ортаға  таныстырудағы  тәрбиелік  мәніне 
көбірек  көңіл  бөлінді.  Рас,  беташардың    тойға 
жиналған  қауымға,  соның  ішінде  ақ  босаға 
аттаған  келінге  берер  өсиеті  үлкен.  Өкінішке 
орай,  бүгінгі  бетешарлардың    танымдық-тәр-
биелік сипаты әлсіреп, жасанды  шарттылыққа 
айналып бара жатқанын аңғару қиын емес. Әсі-
ресе,  ешқандай  халықта  қайталанбайтын  осы 
ғажап  салттың  коммерциялық    сипатқа  ауыса 
бастауы  көңіл  қынжылтады.  Бұл  ретте  тойшы 
қауым  да,  беташар  жасаушы    өнерпаздар  да 
ойланатын мәселелер бар.  
 
Әдебиеттер: 
 
1.  Қондыбай  Серікбол.  Арғықазақ  мифоло-
гиясы.  Үшінші  кітап. – Алматы: «Дайк 
пресс», 2004.  
2.  Уахатов  Б.  Қазақтың  халық  өлеңдері. – 
Алматы: «Ғылым», 1974. 
3.  Турскова  Т.  Новый  справочник  символов  и 
знаков. – Москва: «Классик», 2003. 
* * * 
Одним  из  особо  неповторимых  поэтических  произве-
дений казахского народа является беташар. Беташар пред-
ставляет  связь  мировоззрений  между  традициями  казах-
ского народа. В настоящей статье генезис беташар, а так-
же  его  воспитательное  значение  рассматриваются  в  раз-
личных аспектах через параллели в традициях. 
 
 
 
 
Алғашқы қазақ газеттеріндегі аударма нұсқалар 
Г. Қ. Қазыбек 
 
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ф.ғ.к., доцент, Алматы, Казахстан 
 
Аннотация.  Орысшадан  қазақ  тіліне  аудару  өнерін  ілгері  бастыруда XIX ғасырдың  соңғы 
ширегінде  қазақша  мерзімді  баспасөздің  дүниеге  келуі  үлкен  рөл  аткарды.  Солардың  ішінде  ең 
алғаш баспа бетін көрген "Түркістан уалаяты" газеті. 
 
"Түркістан  уалаяты"  газеті 1870 жылы 28 
сәуірде  Ташкент  каласында  бірінші  саны  жа-
рық  көрген.  Ол  "Туркестанские  ведомости" 
газетінің  қосмышасы  ретінде  шықты.  Алға-
шында ол айына төрт ретінде, оның екі номері 
өзбекше  және  екі  номері  казақша  шығарылды. 
Кейіннен ол "Туркестанские ведомости" газеті-
нен бөлініп, қазақша және өзбекше /1870-1882/ 
жылға дейін шығып отырды. 
Газеттің  редакторы  және  аудармашылары 
ағайынды Ибрагимовтар болды. Сонымен катар 
осы казақ газетін шығару ісіне Хасан Жанышев,  
 
Заманбек  Шайхыәлібеков.  Ж.Қазыбековтар  ау-
дармашы әрі әдеби қызметкер болып қатысқан. 
Газет негізінен аударма газет болып табылды. 
Сондықтан  оны  баспасөз  бетіндегі  ресми  ау-
дарманы  қазақ  даласына  алғаш  әкелген  деп 
айтуға  болады.  Бірнеше  жыл  бойына  газеттің 
беттерінде  қазақтың  мақал-мәтелдерінде  бері-
ліп  отырды.  Сол  кездің  озінде - ақ  газетте  тіл 
тазалығы  жөнінде  мәселе  көтерілген  болатын. 
Мысалға  алатын  болсақ,  газеттің 1876 жылғы  
2-санында  "Алматы  қаласындағы  оқу-ағарту 
жайлары"  және 29-санында  жарияланған  "Қисса 
ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. № 2(136). 2012 
Алғашқы қазақ газеттеріндегі аударма нұсқалар 

28 
 
 
 
ISSN 1563-0223                        Bulletin KazNU. Filology series. 
№ 2(136). 2012 
Қожа  Ғафан  уә  һәм  Сағдуахас"  деген  кітап 
қазақ  тілінде  басылып  шыққан  екен"  деген 
мақалаларды айтуымызға болады. 
"Түркістан  уалаяты  газеті"  бетіндегі  соны-
мен  қатар  өзбек  халқының  революцияшыл 
ниеттегі  демократ  ақыны  Луқимидың  және 
ағартушы ақыны Фурхаттың, орыс  әдебиетінің 
классиктері  Крыловтың,  Пушкиннің,  Толстой-
дың шығармалары да басылып отырған. 
Сонымен  бірге  газет  орыс  халқының  ауыз 
әдебиеті  шығармаларын,  шығыстың  атақты 
"Мың  бір  түн"  хикаясын  қазақ  тіліне  аударып 
басты.  Қазақтың  ауыз  әдебиеті  мен  Абай, 
Ыбырай  сияқты  белгілі  ақындарымыздың  шы-
ғармаларын жариялады. Орыстың мерзімді бас-
пасөзінің  әсерімен  алғаш  қазақ  газетінде  за-
метка, корреспонденция, мақала, фельетон мен 
очерк жанрлар туа бастады. 
Н.П.Остроумовтың "Петр Ведомостарының" 
XVII-XVIII  ғасырларда  орыстар  үшін  қандай 
маңызды болса, "Түкістан уалаяты газетінің" де 
XIX  гасырда  өзбектер  мен  қазақтар  үшін 
сондай  маңызды  болды"  деген  тұжырымымен 
келіспеуге болмайды. 
Сол  уақытта  аз  да  болса  баспасөз  бетін 
көрген  газеттеріміздің  бірі  "Серке"  газеті.  Ол 
қазақ  оқушыларына  арналып  Петербургте 
шығып  тұратын  "Ұлфат"  газетіне  қосымша 
ретінде  Шаймерден  Қошығұловтың  басқаруы-
мен  және  Х.Ибрагимовтың  редакторлығымен 
1907  жылы  жарық  көрді.  Бірақ  ол  көп  ұзамай  
жабылып та  қалған  болатын. Ол  екі жетіде бір 
шығып  тұрған.  Осы  газетітің  шығуы  туралы 
1911ж.  М.Сералиннің  оқушыларға  арнап  жаз-
ған  бас  мақаласында: "1907 жылы  ІІ-Мемле-
кетгік  думаның  мүшесі  Шаймерден  Қошы-
ғұловтың  ыждиһатымен  Петербургте  "Серке" 
есімді  газет  шыға  бастап  еді,  ұзаққа  бармай 
үкімет тарапынан тоқталды. 
"Қазақ"  газеті 1907 ж.  наурыз  айында, 
Тройцк  қаласында  шыққан.  Бір  саны  шығып 
тоқтап  қалды.  Шығарушысы  Хаим  Шумов-
Сосновский, бастырушысы Жетпісбай Андреев, 
Ешмұхамет  Иманбаев.  Осы  газет  кейіннен 
А.Байтұрсынов  пен  Міржақып  Дулатовтың 
аркасында  өз  оқырмандарымен 1913 жылы 2 
ақпанда қауышты. Ол енді Орынбор қаласынан 
шығып  отырды.  Газетте  әр  түрлі  қазақ  хал-
қының  тұрмыс-тіршілігіне  сай  мәселелер  кө-
теріліп  отырған.  Мысалы,  казақ  әдебиетінің 
мәселерін 3 топқа  бөліп 1915 жылғы 112-113 
сандарында қарастырған. 
1.  Қазақтың көне ауыз әдебиеті. 
2.  Жазба әдебиеті. 
3.  Абай,  Ыбырай бастаган жаңа өдебиеттер 
дәуірі. 
Оқу-ағарту  мәселесіне  де  газет  көп  көңіл 
бөліп,  казақ  даласында  жаңадан  мектеп — 
медресе  салудың  қажеттігі  жөнінде  де  мәселе 
қозғап отырған. 
Газеттте  М.Жұмабаев,  Ж.Аймауытов,  С.Дө-
нентаев,  Б.Майлин,  С.Торайғыров,  Ғ.Қарашев, 
Б.Серкебаев,  Қ.Қоңыратбаев  т.б.  көптеген 
мақала-өлеңдері басылған. "Қазақ" газетінің бе-
тінде  сонымен  бірге  аудармалар  туралы  сын 
мақалалар  да  басылып  тұрды.  Л.Н.Толстой, 
А.П.Чехов,  
М.Лермонтов, 
В.Г.Короленко, 
И.А.Крылов  шығармаларын,  аударып  басумен 
қатар Б.Стоудың "Том ағайдың лашығың" іеген 
мақаласында кездеседі. 
"Казақстан" газеті 1911 ж. 16 наурыздан бас-
тап,  алғашқы  сандары  Ордада,  кейін  Оралда 
(бұрынғы  Теке  қаласында)  казақ  және  орыс 
тілдерінде басылған. Орыс тілінде қазақ мәтіні-
нің  кейбір  қысқаша  аудармасы  ғана  беріліп 
тұрған.  Көлемі 6 беттік  шағын  газеттің 5 саны 
1911 жылы, ал қалған сандары 1912-1913 жыл-
дары барлығы 14-15 саны ғана шыққан. 
Газетттің  редакторы  Елеусин  Бюрил  оны 
А.Н.Шелкованың  жекеменшік  баспаханасында 
бастырылып отырған. Газеттің негізгі мақсатын 
әр  санының  басында: "Газеттің  асыл  мақсаты: 
кәсіп ету, ғылым үйрену тұрғысында" делінген 
сөздерден-ақ  айқын  ағаруға  болады. "Казақ-
стан" газетінің бетінде орыс мөдениетінен, әде-
биетінен  үйренуге  үлгі  алуға  шақыруы  секілді 
сарын басым болды. 
Халқымыздың  әдеби  мұраларының  ішінде 
«Дала  уалаяты  газетінің  орны  ерекше. "Дала 
уалаяты газеті" 1888 жылдан 1893 жылға дейін 
Омбыда  шығатын  «Акмолинские  областные 
ведомости газетіне қосымша ретінде орыс және 
қазақ  тілдеріне  шығып  тұрды.  Газет 1888 жыл 
мен 1902 жылдар  арасында  аптасына  бір  рет 
шығып  тұрды.  Газеттің  ақырғы  номері 1902 
жылы  наурыз  айында  шығып,  содан  кейін 
"Сельскохозяйственный листокке" айналды. Га-
зетте  әр  уақыт  редактор  болғандар:  И.Козлов, 
К.Михайлов,  Г.Абаза,  А.Попов,  Д.Лавров. 
Қазақ  тіліндегі  нөмерлерін  шығару  ісін  басқа-
рушылар  Ешмұхаммед  Абылайханов,  Дінмұха-
мед Сұлтанғазин, Рахымжан Дүйсебаевтар болды. 
Газет негізінен алғанда аударма газет болды. 
Ресми  материалдардың  бәрі  міндетті  түрде  екі 
тілде  беріліп  отырған.  Газетке  баратын  мате-
риалдардың  көпшілігін  генерал-губернатордың 
жанындағы  тілмаштар  тобы  аударып  беріп 
отырған. 
Г. Қ. Қазыбек 

29 
 
Вестник КазНУ. Серия филологическая. № 2(136). 2012 
 
 
Газет  бетінде  Л.Н.Толстойдың  шағын  әңгі-
мелері  мен  нақылдар,  И.А.Крылов  мысалда-
рын,  өлең-жырлар,  айтыс,  мақал-мәтелдер, 
жұмбақтар,  әдеби  публицистикалық  мақалалар 
жинақ  болып  немесе  жеке  дара  жарияланған. 
Газетте  жарияланған  нұсқалар  кейін  халықтың 
қазынасына  айналып,  көптеген  жинақтарда  ба-
сылған.  Казақтың  тұңғыш  ғалымы  Шоқан, 
классик  ақыны  Абай,  ағартушы  және  Ыбырай, 
жазушы  С.Көбеев,  Ш.Құдайбердиевтің  шығар-
малары  осы  газет  бетінде  жарияланған.  Осы 
сияқты,  газет  қазақ  тілінде  кітап  бастыруды 
газетттің  тілін  қазақша  етуді  бірталай  сөз 
қылды. Ол осы мәселелерге байланысты қазақ-
тың  әдеби  тілі  мен  емлесі,  тыныс  белгілері 
жөнінде  де  мәселе  қозғады.  Мұнысы  да  орын-
ды, игі іс еді. 
"Дала  уалаяты  газеті"  он  бес  жыл  үзбей 
шығып  тұрды.  Онда  барлығы 1385 аударма 
қамтылған. 
Газет сол дәуірдегі қазақ халқының өмірінен 
әртүрлі  мәлімет  беретін  шежіре  іспетті  болуы-
мен  қатар  белгілі  дәрежеде  ғылыми,  әдеби 
және  шаруашылық  мәселелерінен  нақты  мәлі-
мет беретін, ғылым-білімді насихаттайтын жур-
налдардың  әрі  көпшілікке  арнап 
шығарылган 
кітаптардың ролін де атқарды /3/. 
Сонымен  қатар XIX ғасырдың  екінші  жар-
тысында  "Дала  уалаяты  газеті"  ғана  болса, XX 
ғасырда 6 газет жарық көрді. 
XIX  ғасырда   70   қана   кітап   басылса, XX 
-  ғасырда  оның  саны 200-ге  жетті.  Осының  өзі 
XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасыр-
дың  басындағы  баспасөздің  қаншалықты  дә-
режеде дами бастағанының көрінісі. 
Енді  осы  газетте  жарияланған  бір-екі  мақа-
лаға  тоқталып,  соларды  талдап  көрейік.  Орыс-
тың  мысалшы  ақыны  Крыловтың  "Инелік  пен 
құмырсқа"  деген  мысалын  "Дала  уалаяты  га-
зеті" 1899 жылы 14 тамыздағы  санында  қазақ-
шалап  жарияланған.  Аударған  Асылқожа  Құр-
манбаев. А.Құрманбаев осы газетте аудармашы 
болып  істеп, 1899 жылы  бірнеше  ай  болып 
істеп, 1899 жылы  бірнеше  ай  бойы  редактор-
дың  міндетін  де  атқарған. "Инелік  пен  құ-
мырсқа" ("Стрекоза и муравей") И.А.Крылов. 
Помертвело чисто поле:  
Нет уж дней светлых боле,  
Как под каждым ей листком  
Был готов и стол и дом 
-  деген  шумағы,  яғни  дархан  жаздың  өтіп, 
қытымыр  кыстың  келгенін  суретгеген  жері  ау-
дарылмай қалған.  
Орысшасы: 
Попрыгунья стрекоза  
Лето красное пропело:  
Оглянуться не успела  
Как зима катит в глаза. 
Қазақшасы: 
Шегіртке, шегіртке, бүкіл жаздай өлең айтып,  
Болғанын білмей қалды күздің қайтіп,  
Күлі суып, тамақ табу қиын болды,  
Күн көрер бұл шегіртке енді қайтіп. 
Байқап-қарағанда  сөзбе-сөз  баламасы  да, 
әлгі  аударылмай  қалған  шумақтың  ішіндегі 
"Нет уж дней тех светлых боле" - деген түйінді 
аудармашы  "Күн  суып,  тамақ    табу  қиын  бол-
ды" - деген   өлең тармағында  беріп  отыр.  Бұл  
мысалдың  да  қазақ  тіліндегі  төрт  түрлі  аудар-
масын кездестіреміз. 1898 жылы Абай Құнанбаев 
аударған  "шырылдауық  шегіртке,  ыршып 
жүріп ән салған", - деп басталатын болса, 1910 
жылы "Үлгілі бала" деген атты Көбеевтің кіта-
бындағы аудармасы, 1912 жылы «Айқап» жур-
налында "Омбылық" деп қол қойылған аударма 
нұсқаларын білеміз. 
Сөйтіп  орыс  классиктерін  аудару,  одан  үй-
рену  дәстүрі XIX ғасырдың  аяғында  одан  әрі 
дами, өркендей келе, қазақ әдебиетінде аударма 
мысалдарымен  бірге  төл  қазақ  мысалының 
тууына  себеп  болды.  С.Көбеев,  Б.Өтетілеуов, 
С.Дөнентаев сияқты ақын — жазушылар қазақ-
тың ауыз әдебиетінен ұсақ ертегілердің сюжет-
терін  пайдаланып,  оларға  жаңа  мазмұн  енгізіп, 
мысалға айналдырған. 
Сондай-ақ осы газет-журналдың  бетінде  қа-
зақтың өз мысалдары, мысал жанрына тән ауыз 
әдебиетінің нұсқалары көп жарияланған. 
Сонымен  қатар  қазақ  халқының  көрнекті 
ғалымы, ағартушы—демократ, публицист жене 
фольклорисі  Шоқан  Уалиханов  негізін  салған 
орасан зор маңызды істерді, орыс және Еуропа 
ғалымының жаңалықтарын насихаттау, әдебиет 
классиктерін  демократиялық  халықтық идеялы 
шығармаларын  ана  тілімізге  аударып  таныс-
тыру және қазақтың ауыз әдебиетінің таңдаулы 
нұсқаларын,  жаңа  туып  келе  жатқан  жазба 
әдебиетінің  жеке  шығармаларын  орыс  тіліне 
аудару  істерінде  "Дала  уалаяты  газеті"  игі  қа-
дам  жасаған.  Соның  ішінде  Абай,  Ыбырай 
шығармаларын  көптеп  аударғанын  тілге  тиек 
ете аламыз. 
Газет бетінде Ы.Алтынсариннің "Киргизская 
хрестоматия"  оқулығына  еңген  бірнеше  әңгіме 
өлеңі  жарияланған. "Балқожа  бидің  баласына 
жазған  хаты"  деген  өлеңі  газетте  "Нұржан  би-
дің окудағы баласына жазған хаты" деген атпен 
аударылған. Аударған Адрахман Қылышбаев. 
ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. № 2(136). 2012 
Алғашқы қазақ газеттеріндегі аударма нұсқалар

30 
 
 
 
ISSN 1563-0223                        Bulletin KazNU. Filology series. 
№ 2(136). 2012 
 Қазақтың  "Қамбар батыр", "Бозжігіт", "Ең-
лік-Кебек", "Қозы Көрпеш - Баян сұлу" дастан-
дарымен  Алдар  көсе,  Қожанасыр,  Жиренше 
туралы  аңыздары,  көптеген  қазақ  ертегілері  де 
осы  газетте  аударылып  басылып  отырған. 
Сонымен  қатар  ең  алғаш  осы  газет  беттерінен 
қазақ  әйелдерінің  өмірін  суреттеп,  солардың 
мұң-зарын  шертетін  шығарма  да  екі  тілде  жа-
рық көрді.  Ол "Бети"  шығармасы. Осы шығар-
маның  желісі  арқылы  С.Торайыров,  С.Көбеев-
тың "Қалың мал", "Камар сұлу", "Кім жазықты"  
атгы романдары дүниеге  келді. "Бети" шығар-
масы  "Дала  уалаяты  газетінің 1898 жылгы 305 
сандарында жарық көрді.  
Тағы  да газет бетінде қазақтың салт,  әдет-
ғұрпына  қатын  "айтыс", "Жоқтау", "Жұмбақ-
тар" да жарияланып  отырған. 
Газеттің 1899 жылғы 51-санында, 1898 жыл-
ғы 4-шы  ба
сылған 
қазақ  елінің  тұрмыс-салт 
жырларынан  берілген  жоқтау.  Орысшасы  ау-
дармада  "Казақтардың  жоқтауы" "Лирические 
песни  киргизов"  деп  берілген.  Жасыратыны 
жоқ,  сол  кездегі  аудармашылар  жіберген  кем- 
 
 
 
 
 
шіліктер тың саланың құпияларын игеруде бір-
шама  қиындықтар  туғызғанымен,  бірақ  газет-
теп  аударма  материалдардың  көпшілігі  жатық 
тілмен  қазақ  ұғымына  түсінікті  аударылғанын 
көреміз. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет