Әдебиеттер:
1. Бөлтірік Атыхан. Азамат болсаң. — Ал-
маты, 1993.
2. Бейсенбай Кенжебаев. Көтеріліс жыр-
лары туралы. — Алматы, 1956.
* * *
Статья посвящена творчеству известного казахского
поэта Болтрик Атыганулы. Автор анализирует стихотво-
рение ``Переселение народов`` В статье показано худо-
жественное своеобразие и задача этого произведения.
* * *
The article is devoted to the creativity of known Kazakh
poet Boltrk Atganuly. The author analyzes a poem “El zharyla
kөshkende” In the article the artistic originality and problems
of this work are revealed.
Бөлтіріктің «Ел жарыла көшкенде» дастаны
ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. № 2(136). 2012
242
ISSN 1563-0223 Bulletin KazNU. Filology series. № 2(136). 2012
Қазіргі қазақ әдебиетіндегі Шыңғыс хан бейнесі
А. Нусипов
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың II курс магистранты, Алматы, Қазақстан
Аннотация. Образ великого Чингизхана, особенности его характера и исторические дела
правдиво раскрыты в казахской художественной литературе. История Чингизхана на разных
этапах связана с историей казахской литературы.
Біздің зерттеуімізге арқау болған ұлы тұлға
Шыңғыс хан өз хандығын ұлғайтып, мәңгі жа-
сайтын мемлекет құру мақсатында еркімен бас
имегендерді қылыштың жүзімен бағындырған.
Соғыс – біреуге үрей, біреуге мерей. Жеңілуші
жақ ақыры ұлы хандық құрамына енгенімен,
соған дейін халықты ерлікке үндеу, жоқтау, зар
тұрғысында шығармалар (Ақтабан-шұбырынды
жылдарындағы атақты «Елім-ай» секілді) ту-
дырғандығы күмәнсіз. Сол шығармада басқын-
шы Шыңғыстың атының аталғандығы да ақи-
қат. Әрине, жағымсыз тұрғыда. Ал, жеңімпаз
ханның әр жеңісін тойға айналдырып отырған-
дығын ескерсек, жиын-тойда бұрынғы мадаққа
қоса, жаңа, тың туындылардың да туылып
отырғаны талассыз. Заманнан заман өткенде,
әлгі шығармалардың ұмытылғаны ұмытылып,
ұмытылмағаны сан өзгеріске ұшыраған. Уақыт
ағынымен алға жылжи берген. Аңызға айна-
лып. Енді, сол аңызды кейінгілер өз шығарма-
сына шикізат ретінде қолданған.
Әу демейтін қазақ жоқ. Бес қазақ бас қосса,
жыр айтпай тарқамаған заманда, бұрынғылар
Шыңғыс туралы жыр-аңыздан естіген, әңгіме
арасында қарапайым сөзбен де өткен күнге
щолу жасаған. Кейінірек, жаппай «сауатта-
нып», ауыз әдебиетінен жазба әдебиетіне ауыс-
қан тұста, Шыңғыс бейнесі – талай романның,
хикаяттың, әңгіменің, поэманың, пъессаның,
қысқасы, талай үлкен туындылардың негізі болды.
Тікелей Шыңғыс ханға қатысты болмағанымен,
өзегінде аты аталып, ісі суреттелетін, бейнесі
ұшырасытын көркем шығармалар қаншама!
Шыңғыс ханның ұлы қағанатты құрудың
алғышарттарын жасап жатқан тұсында ең ірі
қарсыластарының бірі – наймандар болған.
Найман мемлекеті. Наймандар мен Шыңғыс
ханның арасындағы соғыс тарихы әдебиетте
қалай бейнеленді? Кім жазды? Біздің қолы-
мызға түскені – Тұрсынхан Зәкенұлының «Көк
бөрілердің көз жасы» атты романы. Наймандар-
дың күшейіп тұрған кезі – Шыңғыс ханның
еңсесін енді көтеріп, жаңа хандықтың іргесін
жаңа бекітіп жатқан сәтіне сәйкес келеді. Осы
сәттен – Наймандардың әлсіреп, Шыңғыстың
алдында тізе бүгуіне дейінгі тайталас шығар-
маның арқауы болған. Романның көркемдігі ту-
ралы сөз қозғау артық. Жалпы, бұл романдағы
Шыңғыс хан о баста Керей мен Найман деген
екі күші басым хандықтың арасында күші аз
болғанымен, айласы асқан адам ретінде сурет-
теледі. Найман мен керейдің арасындағы қақ-
тығыстарды өз пайдасына шебер пайдаланып
кете алған айлакер адам. Роман наймандар жақ-
тан баяндалатындықтан Шыңғыс ханның об-
разы жағымды деуге келмейді. Көк бөрілердің
көз жасы – наймандардың көз жасы.
Қай оқиғаның тұсында екеніне шұқшиып
жатпай-ақ, осы шығармадан Шыңғыс ханға бе-
рілер баға мен телінер бейнеге аздап тоқталып
өтсек:
«Темүжін де айлалы. Сол кеткеннен мол ке-
тіп, қыс өтіп жаз шыққанға дейін ат ізін салмай
жатып алды. Ондағысы Керей ақылына келсін,
бір ауық оң солын байқап, өзінің оқшау
тұрғанын, дәл қазір сүйеніш болса, осы Моңғол
болар деп, соған көзін әбден жеткізсін дегені
еді» (2, 85).
Бұл жерден көретініміз Шыңғыс ханның
Керейлерге қол ұшын беріп, оларды өзіне бо-
рышкер қылып қойғандығы. Керейдің ханы Оң
хан Темуджинге қатты сенеді, оның үстіне өкіл
әкелігі тағы бар. Ал, Оң ханның ұлы Сангүн
Темуджинді жек көреді. Жазушының суреттеуі
бойынша Темуджин мен Сангүн әкенің алдын-
да асыққа таласқан екі ұл сияқты. Ит пен мы-
сықтай. Сангүн жаулығын жасырмағанымен,
Темуджин сыртқа шығара қоймайды. Ертеңіне,
болашағына сенер адамның ісі. Екі мемлекеттің
арасындағы достық есепсіз болмайтындығы
белгілі. Қай-қайсысы да өз пайдасын ойлайды.
Сол сияқты Шыңғыс ханның Керейлерге жаса-
ған жақсылығы да есепке құрылған, қарымтасы
бар жақсылық. Мәселен:
«Темүжін, осы жолы да түскен олжаның
бәрін Оң ханға сыйлады. Оның бұл жомарт-
тығының сырын түсінбеген кейбір кісілер
беталды қоңқылдап: «Темүжін бар олжаны
аузымыздан жырып Оң ханға беріп жатыр, өз
ағасын ағалай алмаған, кісі ағасын жағалай
алмайды, мұнысы не?» – деп елді дүрліктірмек
болды. Сонда Мұқали балуан: «Керейге кеткен
А. Нусипов
243
Вестник КазНУ. Серия филологическая. № 2(136). 2012
еш кетпейді, ертең айналып келіп өз уысыңа
түседі» – деді.
Ақыры соның айтқаны келді» (2, 86).
Бұл да рас. Есебі мықтының екі асайтыны
айдай ақиқат. Алысты көздеген, есебінен жа-
ңылмаған Темуджин – Шыңғыс ханға айналды.
Наймандарға жау Шыңғыс хан – өз елін бақыт-
қа жеткізуді, теңдікте күн кешуді армандаған
қайраткер.
Шығармадағы мына бір Шыңғыстың сөзі:
«– Ежелден Алтайдың күн бетін көрмеген
біз де ақымақ екенбіз. Сөйтсек, аспан асты кең
екен, алуан-алуан ел екен. Енді ат бауырын
жазып, алыс-алысқа шеру тартатын, тамам
Моңғол-керейдің аламанын артымнан ертіп,
жау түсіріп, олжа салатын, өзгелердің қамбала-
рын сарқып, салтанат құратын кез жетті. Моң-
ғол-керей жұрты ендігіде Бұрхан мен Қара-
қорым тауының тағысындай табанын жалап
күн кешпейді...
Ол қыза сөйлеп осы араға келгенде жұмық
көздері тереңнен жылтырап, өңіне ісік жүр-
гендей күреңдеп, терісіне симай кетті. Әлгі
жұмық көздер енді от боп жайнап, қыранның
қаншегіріндей талпынып, байыз таппады. Жасы
отыз жетіге келген моңғол қағаны осы бетінде
әлденеге алақызып, асығатындай.
Алдына келген нояндар оның мына түрінен
именіп, сөзден бөгеліп отырып қалды» (2, 96).
Оның алдағы мақсатына асығуы ғана емес,
өзінің қарашысын имендіріп тұратын сұсты
жүзі көз алдыға келеді. Ол әскерін тек имен-
діріп қана қоймай, олармен санасып отырған.
Кей жағдайда сұраған қалауларын орындайтын
болған. Оған бір мысал, Тұрсынхан Зәкенұлы-
ның осы романындағы әскерінің аң аулауға
өтініш айтып, Шыңғыс ханның келісім беріп,
біраз уақытын сейіл-серуенге бөлгендігі.
Сонымен қатар, Шыңғыс хан басынан не
өтсе де уақытша деп білген шыдамды, төзімді,
сабырлы адам. Саят құрып жүргенде итін Сан-
гүннің бүркіті жазым қылады. Сангүннің көз-
дегені де осы болатын. Ханның итінің өлуі де
мұндай сын сағаттарда жаулыққа ұласатын
араздықтың тууына себеп болуы мүмкін жайт.
Бірақ, болашық мақсат-мүдде жолында ақылды
хан ондайға жібермейді, келіп тұрған ашуын
тежей біледі.
Біз тоқталмақ келесі туынды Мұхтар Шаха-
новтың «Жеңілген жеңімпаз хақындағы Оты-
рар дастаны немесе Шыңғыс ханның қателігі»
атты поэмасы. Шахановтың ұстанымы белгілі.
Шыңғысты қанішер санайды, қазақтың Отырар
атты қаласын талқандағын басқыншы есебінде
суреттейді. Даңқы жер жарған, екі жүз мың
әскері бар Шыңғыс хан алты ай бойы кіп-
кішкентай Отырарды ала алмайды. Ақыры,
іштен сатқын шығып, Отырардың күлі көкке
ұшады. Отырардың ханы Қайырдың ерлігіне
тәнті болған Шыңғыс хан «сендей бес қолбас-
шым болса ғой» деп армандайды. Және, өз
ханына опасыздық жасаған сатқын, түбінде
мені де сатып кетеді деп, Қайыр ханға құрмет
көрсетіп, Қарашоқының тағдырын қолына береді.
Осы тұста айта кететін бір жайт, ұлы қаған-
ның сатқындықты кешірмегені тарихтан бел-
гілі. Өзіне көмек берген талай сатқынның тағ-
дыры Қарашоқы тағдыры секілді аяқталған.
Қарашоқы аталатын поэма кейіпкеріне тарихи
тұрғыдан ақ-қарасын айырып, тоқталып жату
артық, бұл жердегі әңгіме қандай бейнеде бол-
са да қазақ әдеби шығармаларындағы Шыңғыс
хан жайлы. Тарихи шындық хақындағы әңгіме
кейінірек.
Шыңғыс хан аузымен айтылатын мына жол-
дар:
«Әр мықтының осал жері болмай ма?
Болса қайсы? Оған бастар жол қайда?
Ал бұл сұрақ бар кез сенің жүру керек ба-сыңда,
Менің күллі жеңісімнің құпиясы осында!» (3, 25) –
қағанның ұстанымынан хабар береді. Күшті
қарсыластың осал тұсын тап басып тани білу
жеңіске жетелер бірден бір жол. Қағанның бас-
қан жерінің бәрі қан сасиды, себебі ол жан ба-
ласын аямайтын жауыз. Осы поэма бойынша
айтқанымыз.
«Рас, менің нөкерлерім безбүйрек
Зұлымдықты ерлік деп те таниды.
Олар тіпті өкшесісмен езгілеп
Кете алады жазығы жоқ сәбиді.
Одан да ірі хайуандыққа жете алады төзімі,
Бәрін өзім үйреткенмін о баста.
Қаталдық пен аяушылық сезімі
Жауынгердің жүрегінде түспеу керек таласқа.
Түспеу ләзім қос сезімнің дауына,
Мен осыған қатты көңіл бөлемін.
Қаншама иттік етсе де олар жауына,
Туған жерін сатпасына сенемін» (3, 27).
Шыңғыс хан туралы Отырар дастаны осы-
лай дейді. Біздің мақсат автор ұстанымын тал-
қылау емес, сондықтан осымен тоқтасақ та
болады.
Келесі бізге объект болған шығарма Әбіш
Кекілбаевтың «Ханша-дария хикаясы» атты хи-
каяты.
Күрделі тұлға туралы дерек те күрделі. Сан
түрлі. Нақтылықтан болжау басым. Ұлы қаған
өмірінің соңы, қазасы туралы да әртүрлі айты-
лады.
«Шыңғыс хан өлімі туралы тарихшылар
пікірі де әртүрлі: бір деректерде үнді елінен
Қазіргі қазақ әдебиетіндегі Шыңғыс хан бейнесі
ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. № 2(136). 2012
244
ISSN 1563-0223 Bulletin KazNU. Filology series. № 2(136). 2012
жорықтан келе жатып, ауырып өлсе, енді бір
деректерде Арбух тауында құлан атып жүріп,
аттан құлап өліпті дейді. Қытай тарихшылары
басқа дерек айтса, маңғұлдың кейбір тарихшы-
лары Таңғұттың асқан сұлуы Гүрбелжіннің қо-
лынан өлді дегенді айтады» (5).
Біз талдамақ хикаятта осы соңғы нұсқа, моң-
ғолдың тарихшыларының келтірген деректері
көркемдік шешім табады. Ел аузындағы аңыз
бен тарихи дерекке сүйенген жазушы көргені
мен естігенін көркем дүниеге айналдырған.
Енді, тікелей шығарма желісіне көшсек. Ұлы
қағанның ұйқыдан оянып, саусағындағы жүзік-
терін түгендеуден басталады. Он саусағында
тұрған он жүзіктің өзіне тиесілі тарихы бар.
Жазушы сол оқиғаларға шолу жасап шығады.
Шыңғыс хан өзіне бас имеген, қаһарынан имен-
бегендердің басын алып, жүзігін тағып алып
отырған. Әлемді тітіренткен ұлы жиһангерге
бас имегендердің жүзігінің көптігіне тоқта-
лады. Демек, қаған қанша қаһарлы, айбарлы
болса да, оған бас имей кеткен қарсыластар аз
болмаған. Жазушы шығарма басында осыған
бір назар аударады.
«Бұл өз алдына келгенде қаймықпаған адам-
ның қай-қайсысының да жүзік-сақинасын ке-
сіп алып тағып жүр. Адамдар неткен көзсіз,
неткен өжет. Тап бұдан именбейтін адам шан-
да-шанда бір жолығар деп ойлап еді, ондайлар-
дың тек сақина-жүзіктерінің өзі бірнеше керуенге
жүк болды. Бұл өрлік пен ерлік түгілі, мешкей-
лікті де, дүниеқоңыздықты да жеңе алмады».
Таңғұт елін жаулау сапары. Бір қарағанда
әйел үшін бастағандай көрінгенмен, көреген
ханның екі қоянды бір оқпен атқандығын көре-
міз. Дәл осы тұста, Шыңғыс ханға бағынышты
Таңғұттардың жорыққа әскер қосудан бас тар-
тып, онымен қоймай басқа көршілерді Шың-
ғыс ханға қарсы соғысуға үгіттеп жүргендігі
соғысқа басты себеп болады. Жауды жеңу бір
басқа, сұлу қыз-келіншегін қатын қылу бір
басқа. Алғашқысы елдігіңнің нығайып, күшің-
нің артқанын көрсетсе, соңғысы жеңісіңді дә-
лелдеп, жауыңның сағының біржола сынғанын
айғақтайды.
Қаланы алғаннан кейін, жеңімпаз ханның
алдына Шидүрге әкелінеді. Шидүргенің: «Мені
өлтірсең – өзіңнің басыңа қауіп, өлтірмесең –
артыңдағы ұрпағыңа қауіп» – деген сөзіне:
«Менің басыма көктегі хақ тәңірінің өзінен
басқа ешкім қауіп төндіре алмайды, алда-
жалда басымды шауып алғысы кеп өреленер
жау болса, кезінде көріп алармын, ал енді ертең
ұрпағымның тынышын алатын жау болса, осы
қазір қапы қалмай тұрып көзін жояйын!» – деп
жауап бергені оның ұрпақтың ертеңін ойлаған
сайыпқыран хан екендігінің бір көрінісі.
Шидүргенің басы алынады. «Ханым көйле-
гінің жеңін шап беріп асап алды. Өң-сөл жоқ
сұп-сұр жүзін удай ащы көз жасы тілгілеп
жатыр» (4, 86). Бұл кек алуға бекінген әйелдің
көз жасы еді.
Ақыры, Гүрбелжін ханым «Арына дақ түсір-
мей, және қанқұйлы жиһангерден айламен кек
қайтарып, өмірден өтеді» (7, 72). Шығарманың
шешуші сәті – Шыңғыс ханды жаралап, Гүр-
белжін ханымның кек қайтаруы:
«Өне бойында лыпа жоқ, қақпанға түскен
еліктей өз-өзінен үркіп тұрған аруға қарай төне
түсті. ...Құмарлықтың дүлей желігіне біржола
беріліп, құдды бір жағаға шығып қалған ба-
лықтай тынысы тарылып, танауын жас тәннің,
асау қанның, елден ерек сұлулықтың хош иіс-
тері қосыла аңқыған қос анардың ортасына ен-
ді апара бергенде, ұлы әмірші оқыс ышқынып,
сылқ етіп сұлу үстінен ауып түсті» (4, 87-88).
Бар ғұмыры күреспен, жеңіспен өткен хан-
ның өлімі жайлы сыр шертетін хикаяттың фи-
налы осындай. Туған сәтінен бастап Тәңірінен
талай сый алған тумысы ерек ұлы билеушінің
маңдайына «қансонардың қарындай аппақ тәні
бар» аруды құшу жазылмапты. Бар ісін ақыл-
мен, мың ойланып, жүз толғанып барып шеш-
кен көреген қолбасы, бір сәт соқыр сезімнің
жетегіне еріп, сабырынан айырылып еді, осын-
дай сұмдыққа кез болды.
Жанды жері жараланып, пұшайман болған
ханның ендігі іс-әрекеті: құздан секіріп, дария-
ға ағып кеткен Гүрбелжінге арнап отау тіктіріп,
одан қалған жалғыз белгі – сұлудың жұпар иісі
сіңген көйлегін бауырына басып, құныға иіс-
кеп мауқын басып жүріпті. Ақыры:
«Шыңғыс хан әшекейлі қытайы кесеге әл-
дебір сусын құйып, Қасар мергенге ұсынды:
«Түгел жұтып салмай, орталап ішіп, қалғанын
өзіме қайтар,» – деді. Қасар мерген бұнысына
айран-асыр болса да, ұлы әміршінің бұйрығын
орындамауға дәті бармады. Ол қытайы кеседегі
жұмбақ сусынды орталап ішіп, кесені мамық
төсектің үстіндегі арса-арса бір уыс шалға, ұлы
әміршісіне қайтып берді. Қытайы кесенің
қолынан шығуы мұң екен, төсектің аяғына
құлап түсті. Ол өзінің, күні кеше арқар қуып,
тау мен таста қаңғып жүрген жаман аңшының
сарқытын жарты әлемді қасы мен қабағына
қаратқан ұлы әмірші қалай қағып салғанын
көріп, таңғалып, ернін бір сылп еткізуге ғана
мұршасы келді.
А. Нусипов
245
Вестник КазНУ. Серия филологическая. № 2(136). 2012
Бұл Қасар мергеннің ұлы әміршісіне ең
соңғы таңғалуы еді» (4, 89).
Аңғарғанымыздай, Әбіш Кекілбаев өз шы-
ғармасында ұлы Шыңғыс ханның да пенде еке-
нін, адам екенін басты идея еткен. Оның да
осал тұсы болатындығын жазады. Адамзатқа
тән осалдыққа ол да ие. Адам баласы ұлы сезім
– махаббаттың алдында дәрменсіз. Шыңғыс хан
да осы орайдан табылады. Аңдамай басқан бір
қадамның өмір бойы ешкім таптай алмаған
намысың мен жеңе алмаған тәніңді аяқ асты
етуі мүмкін. Шыңғыс хан да күтпеген жерден
қырсыққа ұрынады. Ешкімнің айласын өзінен
асырып көрмеген хан бір-ақ сәтте соқыр сезім-
нің құлына айналып, нәзік жыныстының қо-
лынан құрбан болды.
Сөзімізді қорыта айтқанда әдебиет аталатын
мектепте біреулер білгенін, көзі жеткенін айтса,
ақиқат деп танығанын жазса, бірі құр дық-
пыртқа сүйеніп, құлағы шалғанын айтып жа-
тады. Заңды құбылыс. Кім не жазса да, өз та-
нымы тұрғысынан жазады. Әдебиет осылай
қалыптасады. Автор танымын негізге алсақ,
сол әдебиетте ұлы адамдар туралы пікір мен
көзқарас та сан қилы. Біреу үшін қасиет тұтар,
бас иер кие, екінші біреу үшін жиренер жа-
мандық. Ақиқат талас тартыстан ашылатын-
дығын ескерсек Шыңғыс хан туралы дауға да
нүкте қойылар күн алыс емес. Тарих – әділ
төреші деп жатады. Бас қазы төрелігін берген-
ше түрлі мазмұндағы, қилы ұстанымдағы шы-
ғармалардың жазыла беретіндігі де заңды құ-
былыс. Жаңсақ ұғым, қате пікірдегі туындылар
заманнан заман озғанда, кезінде Шыңғыс хан
бабамыз туралы осындай көзқарастар да болған
екен дегізетін тарихи құжатқа айналады. Оған
дейін дау тоқтап, тартыс тиылмақ емес.
Дау дегеннен шығады, сөзіміздің басында
айттық, қаған туралы талас-тартыс әдебиетте
ғана емес, БАҚ-да да көрініс тапты. Зиялы
қауымның арасындағы тартыс уақыт өте келе
қарапайым халық арасындағы таласқа ауысты.
Алдымен Мұхтар Мағауинге жүгініп көрейік:
Шыңғыс хан... біз үшін мәңгілік мақтаныш...
Шыңғыс хан есімі біздің халқымыз үшін,
міне, тоғыз жүз жылға тартты, ұран болды, қуат
болды, ақыры арманға айналды.
Кейбір ағайындар айтып жүргендей, біз Оты-
рарды қорғағамыз жоқ, қоршадық, бергеміз жоқ,
алдық, дәлірек айтсақ, жаудан бостан қылдық...
...айтатындары – Шыңғыс хан жаман, қан-
ішер, пәленбай қаланы қиратқан, пәлен жұртты
жойған. Біз айтайық, Шыңғыс ханның және
оның ұрпақтарының атының тұяғы тиген ешбір
жерде ешқандай халық жойылған жоқ. Бәрі де ата
жұртында өсіп, өніп, бүгінгі күнге жетті» (8-9).
Енді осыған қарсы Мұхтар Шахановтың айтуы:
«Ал, жарайды, туысқанымыз-ақ делік.
Безбүйрек туысымыз әрі әміршіміз болғаны
үшін Шыңғыс ханның талай жазықсыз жұрт-
ты, тіпті, өз ата-бабаларымызды да қан қақсат-
қан қасіретіне көз жұмуымыз керек пе? Бұл
ойдың ар жағында құлдық сана формуласы,
яғни, жұртты соған қайта үндеу жасырынып
жатқан жоқ па?» (10).
Қарапайым халық дегеніміз:
«Біз, Отырар қариялары, М. Мағауиннің
«Шыңғыс ханның шарапаты» атты мақаласын
оқып, жағамызды ұстадық... Шыңғыс ханды
«бізге азаттық әкелуші» деп жариялау – барып
тұрған әділетсіздік әрі біздің әлі жеке ұлт боп
ұйымаған дәуірімізге баға берушілік, нығыздап
айтсақ, сауатсыздық дер едік.» (11) – дейді.
«Шыңғыс ханның арғы тегі қият, ал қият
пен қыпшақ бірге туысады. Негізінен, батыс
пен орыс зерттеушілері Шыңғыс ханның бізге
туыс екенін жасыруға тырысты ғой. Тіпті, түркі
дегенді айтқызбай, оны моңғол деп атады. Ар-
тында Алтын Орда деген мемлекет қалды. Ол –
қыпшақ мемлекеті еді... ал енді әлгі «Отырар-
дың күйреуіне» қайтып келсек, оны экраннан
алып тастайтын кез жетті. Ол ешқандай па-
триоттық рух бермейді, қайта оқушыны шатас-
тырады» (12).
Міне, Шыңғыс хан туралы баспасөз бет-
теріндегі пікірлер. Бұл әрине тарихи таным тұр-
ғысынан алғанда қазақ қоғамының қазіргі бей-
несі, түсінігі. Қандай шығармалар болмасын,
белгілі бір идея тұрғысынан туылатындығын
ескерсек, біздің келтірген пікірлер (келтірме-
геніміз қаншама) болашақта жазылатын шығар-
малардың сұлбасы деуге болады. Қалай болған
күнде де, Шыңғыс хан аңыз арқылы әдебиеті-
мізге келген, орын алған. Енді заманауи ауқым-
ды шығармалар арқылы көркем әдебиеттің тө-
ріне шығады. Аңыз ақиқатқа айналады.
Сөзімізді Мағжанның сөзімен түйіндейік:
«Тумайды адамзатта Шыңғыстай ер,
Данышпан, тұңғиық ой, болат жігер.
Шыңғыстай данышпанның құр аты да,
Адамның жүрегіне жігер берер» (13).
Әдебиеттер:
1. Мағауин М. Он үш томдық шығармалар
жинағы, 8том. – Алматы: Қағанат, 2002.
2. Зәкенұлы Т. Көк бөрілердің көз жасы. –
Алматы: Олжас, 2002.
Қазіргі қазақ әдебиетіндегі Шыңғыс хан бейнесі
ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. № 2(136). 2012
246
ISSN 1563-0223 Bulletin KazNU. Filology series. № 2(136). 2012
3. Шаханов М. Ғасырларды безбендеу. –
Алматы: Жазушы, 1988.
4. Кекілбаев Ә. Дала балладалары, 2том. – Ал-
маты: Жазушы, 2001.
5. Қабышұлы И. Шыңғыс хан.// Егемен Қазақ-
стан, 24-тамыз, 1992.
6. Дюсенбаева Ж. Ә.Кекілбаевтың шығарма-
шылығындағы тарихи тұлға және көркемдік
жинақтау: док.диссертация. – Алматы, 2009.
7. Дүйсенбаева Ж. Ә.Кекілбаев прозасы. Ха-
лықтық аңыздар және көркемдік шешім:
канд. диссертация. – Алматы, 1999.
8. Мағауи М. Шыңғыс ханның шарапаты. //
Жұлдыз. – №3. – 2002.
9. Мағауин М. Ешкі жетектеген екеу. // Алтын
Орда, 1-қараша, 2002.
10. Шаханов М. Құлдық сана формуласы не-
месе Шыңғыс ханды пір тұтушылар әлегі. //
Қазақ әдебиеті. – №1. – 2002.
11. Ордабаев Қ., Әдіһам Шілтерханов. Оңтүстік
Қазақстан, 6-маусым, 2002.
12. Жұмаділов Қ. Мен не жазсам да көзбен көр-
генімді, куә болғанымды жаздым. // Айқын,
28-наурыз, 2006.
13. Жұмабаев М. Шығармалар, 1том. – Алматы:
Білім, 1996.
* * *
In this article of examined about appearance of Great
Chingizkhana in kazakh artistic literature. Told about that,
how historical businesses and character features are true
exposed. Side by side with this connection of literature opens
up with history, talked about close connection of history of
Chingizkhana on the different stages of development of
literature with history of kazakh literature.
Достарыңызбен бөлісу: |