Казахского государственного женского педагогического университета



Pdf көрінісі
бет366/423
Дата07.01.2022
өлшемі6,41 Mb.
#20043
1   ...   362   363   364   365   366   367   368   369   ...   423
Байланысты:
6-5-PB

Эмоциялар  аффектілермен  салыстырғанда  ҧзақ  мерзімді  кҥй.  Егер  де  аффектілер  іс-
әрекеттердің соңында пайда болып, жағдайды бағалаудың қорытынды нәтижесінің жиынтығын 
сипаттаса, эмоциялар әрекеттің алғащқы кезеңіне қарай ӛзгеріп, жалпы нәтижені болжайды.  
Эмоция ситуацияның жалпыланған бағасы негізінде қарастырылады. Мәселен, қорқыныш 
эмоциясы  қорғаныс  эмоциясына  керекті  ақпарат  болмағанда  дамиды.  Қорқыныштың  жоғары 
деңгейде кӛрінуінен адамның жҥйке –жҥйесі шыдамай, ӛліп кетуі де мҥмкін. 
Адамның ертеде басынан ӛткізген қорқынышы жҥре келе созылмалы қорқыныш сезіміне 
айналады екен. Мәселен, басшы жиналыс барысында қызметкерге қатаң ескерту беретін болса, 
бҧл адам келесі жиналыс кезеңін естігенде оның бойын ҥрей басады екен. Бҧл қорқыныш тҥрін 
«фобия» деп атайды. 
Кейде  эмоциялар  сезімдермен  ҧқсас  келеді.  Алайда  олар  сезімдердің  жҥру  процесінің 
формасы. Сондай-ақ, бір сезімге тҥрліше эмоциялар қызмет ете алады. Мысалы, адам махаббат 
сезімі  кезінде,  сҥйікті  жанын  кӛргенде  қуанады,  ол  адамның  жолды  кесіп  ӛткенін  кӛрсе 
қорқыныш сезімін кешіреді, оны ӛзге адам ренжітсе ашуланады. 
Эмоциялар мен салыстырғанда едәуір тҧрақты - психикалық кҥйді Сезімдер деп атаймыз. 
Сезімдердің нақты заттық сипаты болады. Қандай да объектілерге деген бір қалыпты қатынасты 
анықтайды.  Бағыттылығына  орай  сезімдер:  адамгершілік-моральды;  ақыл-ой  (таным 
процесстерімен  байланысты  сезімдер);  эстетикалық  (табиғат  қҧбылыстары  мен  ӛнер 
туындыларын  қабылдаудағы  кӛркемдік  сезімі);  практикалық  (адамның  қимыл  іс-әрекетімен 
байланысты сезімдер). 
Қандай да бір затқа немесе жеке адамға деген тҧрақты жағымды сезім тҥрін қҧмарлық деп 
атаймыз.  Қҧмарлық  –  тек  адамда  кездесетін  эмоциялардың  кҥрделі  ерекше  тҥрі.  Дәлірек 
айтқанда  қҧмарлық  –  іс-әрекет  немесе  қандай  да  бір  заттың  нақты  тҥрінің  айналасында 
шоғырланған эмоциялар мен мотивтер және сезімдердің қоспасы.  
Қҧмарлық  адамды  алға  қойған  мақсатына  орай  әрекеттендіреді.  Бҧл  сезім  жалпы  дамға 
жағымды ықпал етуі де мҥмкін немесе ол адамды мҥлде жойып жіберуі де мҥмкін [4; 115-116бб].  
Жалпы адамзат бойында қалыпты және тҧрақтылыңы әлсіз кездесетін сезімдер тҥрін кӛңіл 
кҥй  деп  атайды.  Кӛңіл  кҥй  адамның  мінезін  кӛрсететін  ең  эмоциялы  ҧзақ  мерзімді  жағдай. 
Психологтар жҧмыс ӛнімділігіне жоғары дәрежеде әсер ететін жағдайды анықтауды жӛн кӛреді, 
осы  орайда  басшының  білімділігі  мен  біліктілігін,  уақытты  тиімді  пайдалануын,  жҧмыс 
барысында  энергиясын  жҧмысауын  анықтайды.  Сонда  психологтардың  байқағаны  еңбектің 
тиімді болуы ҥшін басшының жҧмысаған уақыты және энергиясымен қатар ҧжымның жағымды 
ахуалы  да  басты  рӛлде  болады  екен.  Егер  ҧжымдағылар  достарының  сәтсіздіктері  мен 
жетістіктеріне,  ҧжымның  қызмет  етудегі  тиімділігі  ҥшін  жанашырлық  білдірсе,  ӛзге 
қызметкерлер  де  олардың  қатарына  қосыла  алады  екен.  Ал  кәсіпкер  қаншалықты  әлсіз  болса, 
оның жетістіктері соншалықты еңбек ҧжымына, ол жердегі әлеуметтік-психологиялық жағдайға 
байланысты болады. М.И.Станкиннің жҥргізген зерттеулер [5] нәтижесін тӛмендегідей кӛрсетуге 
болады:  оптимизм  (белсенділік),  энтузиазм  (қҧлшыныс),  еңбекке  деген  ҥйреншіктік  басшыдан 
емес  еңбек  ҧжымына  байланысты  болады  екен.  Мҧндай  кезде  басшының  қызметін 
кҥрделендіреді,  яғни  бір  ғана  жҧмысшының  жағымды  эмоциясын  ояту  мҥмкін,  ал  ҧжымның 
жағымды ахуалын қалыптастыру ол кҥрделірек.  


Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы № 1 (77), 2019 
 
287 
 
Жақсы басшылар кӛңіл кҥйдің кҥйзеліске тҥсуі ӛзіне байланысты екендігін тҥсінеді, яғни 
субъективті факторларға: оның кезекті жиналыстарға қатынасы, ӛз ӛзніе сенімді болуы тәуелді 
екенін  тҥсінеді,  сондықтан  мҧндай  басшылар  ӛздеріне  жоғары  талап  қояды.  Қызметтегі 
эмоциялар басшылардың оптимизімінің нәтижесі[5; 45-46]. 
М.И.Станкин  [6;  40б]  ҧжымдық  сезімдеріне  әсер  ететін,  жағымды  кӛңіл-кҥй  тудыратын 
еңбек  процесі  және  кҥнделікті  жҧмысқа  деген  қызығушылықты  арттыраты  бірнеше  тәсілдерді 
сипаттайды. 
1)   берілген  тапсырманы  орындау  барысында  кездескен  қиындықтарды  жеңуге  керекті 
жҥйке импульстері санының уақыт бірлігіне ҧлғаюы; 
2)   Орындаушылардың теориялық тҥсініктерді талап ететін деректерге кездесуі
3)   белгісіз себептермен, анықталмаған қҧбылыстарға кездескенде қызығушылық оянады
4)   берілген тапсырманы орындағаннан кейін бӛлімде бағалануы
5)   аса  маңызды  тапсырмаларды  орындау  барысында  теориялық  білімдерді  қоса 
қолдануы; 
6)   кҥрделі  тапсырманы  орындағаннан  кейін  келесі  тапсырмаларды  орындауға  деген 
қҧлшынысының артуы. Бҧл тәсілдер персоналдың ӛз ісіне деген қанағаттануын ҧлғайтумен қатар 
еңбектің ӛнімділігі мен сапасын арттырады.  
Жалпы  адам  кӛңіл-кҥйіндегі  –  сезім  мен  эмоцияны  ақыл-ой  мен  сана  билейді.  Сана 
психика  дамуының  жоғарғы  сатысы.  Кез  келген  психикалық  процесті  адам  санасының  жемісі 
дейміз. Сол себепті эмоция мен сезім де сана арқылы реттеліп отырады [6; 47б]. 
Бҥгінгі  кҥндегі  аффектінің  ең  танымал  тҥрі  стресс  деп  аталады.  Стресс  адамның  жҥйке 
жҥйесіне шектен тыс эмоциялы артық кҥш тҥскен кезде пайда болатын қуатты, кҥшті және ҧзақ 
мерзімді психологиялық жағдай. Сресс сезімі жиілеп ҧзақ уақытқа созылса, адамның денсаулығы 
әлсірейді, психологиялық жағдайы нашарлайды. Олар жҥрек және асқазан, ішек аурулары басқа 
да,  іш  қҧрылыс  ауруларының  асқынуына  әкеледі.  Ғылыми  мәліметтерге  сҥйенсек,  стресстің 
әсерінен  адамның  ӛліп  кетуі  де  мҥмкін  және  бҥгінгі  кҥнде  бҧл  статистикада  кӛрсетілген. 
Стресстің  сипаттамасында  стресс  (қысым)  және  дистресс  (қайғы)  деген  ҧғымдар  қолданылады. 
Дистресстік кҥй адамның кҥш-қуатын әлсіретіп, ақыл-ойн тӛмендетеді, адамның жалпы жағымды 
кӛңіл-кҥйін ӛшіреді. Стресстік жағдайды жеңу ҥшін адам ӛз бойындағы ерік-жігерін, ҧстамдылық 
пен табандылығын кҥшейту керек.  
Стресстің  пайда  болуына  әсер  ететін  оқиға,  хабар  немесе  дерек  стрессор  деп  аталады. 
Сондай-ақ,  қандайда  бір  жағдайдың  стресске  айналауы,  сол  жағдайдың  туындауына  емес, 
тҧлғаның қабылдауына және оның тәжірбиесіне де байланысты.  
Адамның  эндокринді  жҥйесінің  ӛзгерістерінде  физиологиялық  тҧрғыда  байқалатын 
эмоциялы қысым стресс факторларының бірі болып табылады. Мәселен, клиникадағы зерттеулер 
бойынша ҥнемі жҥйке қысымында жҥретін адамдарға жҧқпалы аурулардан айығу процесі ҧзаққа 
созылады екен. Мҧндай жағдайда бҧл адамдарға арнайы психологтың кӛмегі қажет екен.  
Психикалық стресстің сипаттамалары: 
1)   стресс ағзаның кҥйі ретінде, оның ортамен ӛзара байланысын болжайды; 
2)   стресс  –  қалыпты  мотивациялық  кҥйге  қарағанда  едәуір  ҥлкен  қысым 
тудыратын жағдай.  
3)   стресс қалыпты бейімделу реакциясы жетіспегенде пайда болатын қҧбылыс 
[7; 83-84].  
Осындай эмоциялық кҥйлер басқару процесінің негізгі ҥзбелісі басшының психологиялық 
денсаулығына ықпал етпей қоймайды. Менеджмент пен басшының психологиялық денсаулығы 
бір-біріне ӛзара ықпал ететін екі жақты  процесс. Басшы денсаулығы физикалық денсаулықтың, 
рухани қуат кӛздері, әдеп ережелеріне сәйкестелген мінез, психологиялық денсаулық сияқты тӛрт 
қҧрылымнан тҥзіледі.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   362   363   364   365   366   367   368   369   ...   423




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет