Особенности адаптации пятиклассников. Встреча психолога с родителями. Заметки к слайдам.
Бірінші сынып оқушыларын бейімдеу. Психологтың ата-аналармен кездесуі.
1-слайд Біз сіздермен кездескенімізге қуаныштымыз. Осы осы сессияға қосылғандарыңызға рақмет. Бұл барлығымызды ата-аналар жиналысының тақырыбына қызығушылығымыз біріктіреді деген сөз, ал аталмыш тақырып шынымен көңіл бөлуге тұрарлық. Балаларымыздың мектептегі өмірі қуанышқа толы бола ма, әлде керісінше сәтсіздіктер, нашар хал-жағдайда ма, көбінесе бізге, ересектерге, байланысты.
Баланың білім ала бастауы шынымен де баланың өміріндегі ең маңызды және жауапты сәттердің бірі. Себебі, Бастауыш білім – бұл ересектер әлемінде саналы өмір бастауы, және баланың кім болмағы, қандай болмағы, осы кезеңнің сәтті немесе сәтсіз өтуіне байланысты.
Әлеуметтік бейімделудің арқасында «адам қайталана беретін өмірлік жағдайларға белсенді бейімделуге көмектесетін, тіршілік етуге қажетті стандарттарды, стереотиптерді меңгереді». Яғни, мектепке бейімделу кезеңінде қалыптасатын мінез-құлық модельдері баланың бүкіл өміріне ықпал ететін болады.
2-слайд Бейімделу кезеңі деген не және балалармен осы кезеңде не болады?
Өздеріңізде байқаған боларсыздар, бірнеше күннен кейін баланың мектепке баруға деген құлшынысы мен ниеті жоғала бастауы мүмкін. Баланың жұмысқа қабілеттілігінің төмендеуіне, шаршауына, қыңырлығына тап болуыңыз мүмкін.
Бұл шынымен де солай және бейімделу кезеңінде мұндай құбылыстардың орын алуы–қалыпты жағдай. Мектепке барудың бірінші күндері, апталары ағзаның төзімділігі төмендейді, баланың ұйқысы, тәбеті бұзылады, дене қызуы көтеріледі. Бірінші сыныптағылардың көңілі басқа жаққа ауып кете береді, тез шаршайды, лезде қозғыш, эмоцияшыл, әсершіл болады. Олардың мінез-құлқы сылбырлығымен, ұқыпсыздығымен, тәртіпсіздігімен ерекшеленеді.
Не болып жатыр, не істеу керек және менің ата-ана ретіндегі рөлім қандай – бүгінгі кездесуде анықтаймыз.
3-слайд Әлеуметтік бейімделу – адамның қоғам қатарына ену барысы, оның нәтижесінде сана-сезім және рөлдік мінез-құлық, өзін-өзі қадағалау және өз-өзіне қызмет көрсету қабілеттері, айналадағылармен лайықты байланыстар қалыптасады, бұл – белгілі әлеуметтік-психологиялық мәртебеге ие болу, белгілі бір әлеуметтік рөлдік функцияларды меңгеру барысы.
Сондықтан, бала басқа балалармен, мұғалімдермен араласуға көмектесетін қасиеттерді қалыптастыруға көмектесу қажет . Неліктен маңызды
Қарым-қатынастағы байланыстар мен жақындық жаңа білімді меңгеруде қосымша ресурс болады, тіл табыса білетін бала оқуда жақсы нәтижелерге қол жеткізу үшін көмек сұрай алады, өзі қол ұшын соза алады.
Физикалық тұрғыда дамыған, Қатарластарымен, педагогтармен қарым-қатынас құра алатын және өз мінез-құлқын өз бетінше реттеу әдістерін меңгерген балалар әлдеқайда жетілген болады: олардың кеудесі тік, физикалық белсенділігіне өз жасына сай, денесі «бұлшық еттерге» толы, физикалық жүктемелерді көтеруге қабілетті.
Алайда, көбінесе балалар бейімделу сатысында тұйықтық, сенімсіздік, қорқыныш көрсетеді, бұл – алғашқы 2-3 аптадағы жаңа ортаға қатысты көрсетілетін орынды реакция. Әлеуметтік-психологиялық бейімделу барысының қолайсыз өрбуі баланың ұжымда оқшау қалуына, қыр көрсету, бүлік шығару сынды қылықтар шығаруына алып келуі мүмкін, мазасыз күйді тудыруы мүмкін.
Ата-ананың міндеті – баланы тиімді коммуникация (өзара әрекеттестік) әдістеріне үйрету, жаңа міндеттерді дұрыс түсінуді қалыптастыру, өзінің өзгелерден өзгешелігін қабылдай білуге үйрету!
4-слайд Мектеп оқуды бастаған баланың алдына оның тәжірибесімен еш байланысы жоқ көптеген міндеттер қояды, осылайша, мысалы, балалар өз мінез-құлқын өз бетінше реттеу және оқу барысын ұйымдастыру дағдыларын меңгермеген, оларға үйден мектепке, мектептен үйге жету, сөмкесін жинау, үй тапсырмасы берілгенін есте сақтау және орындау, өзінің сыртқы келбетіне күтім көрсету, т.б. дағдыларды игеруге тура келеді, сондықтан, ата-аналарға баланың сол қажетті дағдыларды үйренуіне және қалыптастыруына көмегі қажет. Ең дұрысы, дербестікке көшуді мектепке барудың алдында бастау керек: мектеп кестесіне ұқсас күн тәртібіне көшу, өз заттарына өзі қарауға және қонаққа немесе көшеге өз бетінше жиналып шығуға мүмкіндік беру. Бұл балаларға жаңа жағдайға жылдамырақ және оңайырақ бейімделуге мүмкіндік береді. Егер осылай істемесеңіз, осы жолды баламен бірге жүріп өту керек. Бірізділік ережесін сақтаңыз және шыдамды болыңыз: жаңа тәжірибе жинау жылдам іс емес, тәжірибе жинау барысында қателіктер жасалады, ондай қателіктер үшін жазалауға мүлдем болмайды. Одан да өзіңіз үлгі көрсете отырып және түсіндіре отырған жөн.
Оған қоса мектеп бұрынғы физикалық белсенділіктен жаңа, күрделі, ерік-жігерді талап ететін зияткерлік белсенділікке бағдарлайды. Осының барлығы ширығуды (қорқыныш, алаңдау) және қажуды тудырады. Сондықтан, ата-аналарға оқудың алғашқы апталарында физикалық және зияткерлік белсенділік арасында тепе-теңдік орнату, қыдыру, жүгіру, белсенді іс-әрекеттермен немесе спортмен айналысу мүмкіндігін беру жолдарын ойластыру керек. Бұл істе де асыра сілтемеу маңызды – баланы мұқият бақылаңыз, шаршау мен қажудың алғашқы белгілері көріне сала жайбарақат демалыс пен ұйқы көлемін ұлғайтыңыз, толыққанды демалыспен қамтамасыз етіңіз, үй тапсырмасын орындауға ойын элементтерін енгізе отырып, оңай үйрену әдістеріне баулыңыз. Бала бірден тәуелсіз бола кетеді және қолына бәрі келеді деп күтпеңіз, бала үшін бұл міндетті орындау мүмкін емес.
5-слайд Оған қоса мектепке бару кезеңі 7 жастағы дағдарыстан өту кезеңімен тұспа-тұс келеді.
7 жастағы дағдарыс баланың өмірінде мектепке дейінгі кезең аяқталып, кіші мектеп жасы кезеңінің басталуымен байланысты.
Жеті жаста баланың өмір салты ғана өзгеріп қоймайды. Өзінің өзінің «МЕНін» ұғыну басталады, айналадағылармен тығызырақ байланыстар орнатады. Енді ол өзін физикалық тұрғыдан бір адам ретінде ғана емес, өзінің ішкі әлемі бар адам ретінде қабылдайды.
Осындай көпбейнелі жаңа сезімдер, жаңа функциялар балада қырсықтық пен қыңырлық сияқты эмоциялардың көрінуіне әкеледі.
6-слайд Бала мектепке бірден бейімделе кетпейді. Бұл – баланың өзіндік ерекшеліктерімен, оның мектепке дайындық деңгейімен, сонымен бірге, әлеуметтік дағдыларының даму дәрежесімен байланысты ұзақ үдеріс.
Мысалы, балаларда физиологиялық дамуда көптеген айырмашылықтар байқалуы мүмкін: физикалық және ақыл-ой жетілуі, ағзаның жалпы жағдайы, яғни, биологиялық жас және физиологиялық даму деп аталатынды сипаттайтын, күнтізбемен сай келмейтін, күнтізбеден көш ілгері жүретін немесе керісінше көзге көрінетіндей артта қалған құбылыстардың барлығы.
Мысалы, бала 6 жаста және төлқұжаттық мәліметтер бойынша ол мектепке бара алады және баруы тиіс. Алайда, оның физикалық даму деңгейі жасына сай болмауы да мүмкін. Мұндай сәйкессіздік акселерация салдарынан күшейе беруі мүмкін.
Сонымен қоса, ұсақ моториканың, есте сақтау, ойлау, ерік-жігер үдерістерінің, оқу, санау, сурет салу машықтарының, т.б. қалыптаспағандығы. Бұл шаршау, оқуға деген ынтаның және оқу ұлгерімінің төмендеуіне алып келе алады. Бала жылаңқы, тұйық, қыңыр болуы, айла-шарғы қолдануы, үй тапсырмасын орындаудан жалтаруы мүмкін.
Бейімделуге ата-ананың көзқарасы ерекше әсер етеді: ата-ананың баласына САПАЛЫ уақыт бөле алуы, баласымен бірге уақыт өткізуі, оның мүдделерін есепке алуы, махаббат пен құрмет көрсетуі, қолдау мен көмек беруі, ақпаратпен және тәжірибесімен бөлісуі. Егер баламен қарым-қатынаста эмоциялық байланыстар болмаса, бала сізді қынжылтады және масыл болады, бұл бала үшін қиындықтар тудырады. Егер қиын болып жатса, мектеп психологына немесе психологиялық көмек сайтына кіріңіздер: https://covid-19.mentalcenter.kz/.