Казахского государственного женского педагогического университета



Pdf көрінісі
бет407/423
Дата07.01.2022
өлшемі6,41 Mb.
#20043
1   ...   403   404   405   406   407   408   409   410   ...   423
Түйін сӛздер: ән орындау; эстрадалық ӛнер; фольклор; халық әндері; дәстүр; мәдениет; аспаптар 
 
Қазіргі таңда эстрада ӛнерінің қалыптасып, қарқынды тҥрде дамуына ең негізгі себеп – ол 
ҧлттың  кӛпғасырлық  әншілік  дәстҥрі  мен  әлемдік  музыкалық  ҥрдістің  әсері.  Мысалы,  ӛткен 
жҥзжылдықта  қазақтың  Ҧлы  Даласында  есімдері  аңызға  айналған,  туған  халқының 
сҥйіспеншілігіне  бӛленген,  асқан  дарын  иелері,  кәсіби  әнші-орындаушылары  болғаны  рухани 
тарихымызда  белгілі.  Бҧл  туралы  қҧнды  деректер  орыс  және  шетел  еңбектерінде  кеңінен 
айтылады [1]. Әсіресе, атақты фольклоршы А.В.Затаевичтің (1869-1936) қомақты кітаптарының 
орны  ерекше.  Ол  2000-нан  астам  халқымыздың  асыл  мҧрасын  жинап,  еліміздің  ең  қиын 
кезеңдерінде  аштық  пен  жоқтықты  басынан  ӛткізіп,  ән-кҥйлерді  нотаға  тҥсіріп,  халқымыздың 
рухани қазынасын бҥкіл әлемге жариялады. Сонымен қатар, Алаштың дара тҧлғаларымен тығыз 
байланыста  болып,  А.Байтҧрсыновпен,  С.Сейфуллинмен,  Б.Майлинмен,  О.Жандосовпен, 
Ғ.Мҧратбаевпен, Қ.Сәтбаевпен, Ә.Марғҧланмен, С.Мҧқановпен және т.б. бізге ӛте маңызды және 
қҧнды  естеліктер  мен  материалдар  қалдырды.  Ал,  ҧлы  музыканттың  жазбаларының  ішінде  ең 
керекті,  әрі  қызықты  ой-пікірлері  ол  -  қазақ  даласының  нағыз  жҧлдыздары,  қайталанбас  дарын 
иелері,  атақты  әнші-ӛлеңшілер  туралы  еңбектері.  Себебі,  бҧл  зерттеулердегі  фактілер  қазіргі 
эстрада да ҧлттық этнофольклордың сипаты ӛзінің жалғасын табуда. Бҧл мәселелерді дәлелдеу 
ҥшін жоғарыда кӛрсетілген капиталды жинақтардан нақты материалдарды келтіріп ӛтсек: Қазақ 
халқының «1000 әні» атты шығарылымында (Кіріспеде) А.Затаевич былай деп жазған: «Қазақтар 
ӛздерінің  біріккен  отырыстарын  кәсіби  әнші-кҥйшісіз  ӛткізбейді.  Орта  ғасырдағы  Еуропа 
елдерінің  миннезингерлер  мен  министрлеріндей,  әншілерді  асқан  сый-қҧрметпен  бағалайды»  – 
деген  екен  (4;  12)  [2].  Ал  фольклорист  ән  мен  кҥйлерге  нотографика  жасағанда,  оларды 
орындаушылардың табиғи шеберлігіне сҥйсініп, ерекше таңғалып, ӛз сипаттамаларын былайша 
қағазға  тҥсірген:  Кезінде  Батыс  ӛңірінің  кӛрнекті  әншісі  аталған  Қҧрмаш  Нҧрқанов  туралы: 
«Қҧрмаш әндерді тамаша орындайды. Ол ӛзінің ән айтуына ерекше мән беріп, ән салуға жанын-
тәнін  салады.  «Нҧрболхан»  және  «Ағибашты»  шырқағанда,  асқан  қҧштарлықпен,  әсерлікпен, 
нәзіктік және керемет шабытпен, шеберлікті кӛрсетеді» – деп жазған. (Авторлық сілтеме, №8,374 
б). 
Фольклор  зерттеуші  қазақ  даласында  кәсіби  тҥрде  кеңінен  дамыған  әншілік  пен 
орындаушылық  дәстҥрді  ерекше  атап  ӛткен.  А.В.Затаевич  жинақтарының  сілтемелерінде,  бҧл 
тамаша  ӛнердің  тағы  да  кӛптеген  ҥлгілерін  атаған.  Солардың  арасынан  тағы  да  бірнешеуіне 
тоқталсақ:  Ол  арқаның  әншілік  дәстҥрінің  ӛкілі  Абақ  Қобашевтың  ән  салғанын  тыңдағанда 
керемет ойға келген екен. «Ол ән шырқағанда табиғи қойылған (поставленным голосом, тенор) 
тек  ӛзінік  қайталанбас  әдемі  дауысымен,  кең  ауқымды  (широкий  диапазон)  ерекше  тембрлі, 
қуатты,  кҥшті  ҥнмен,  интонацияны  мәнерлі  тҥрде  ҥндеу  арқылы  оған  «жанбергендей»,  әр 
нотаны,  фразаны  аймалап,  терең  жҥрек  сезімімен  мәпелеп,  кӛркемділіктің  биік  деңгейіне 
жетеді».  Сонымен  қатар  А.В.Затаевич,  А.Қобашевты  әлемге  аты  шыққан,  даңқты  италияның 
әншілік мектебінің ӛкілі ретінде мадақтайды, ӛз заманында дҥниежҥзіне әйгілі әнші-тенор, ҧлы 


Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы № 1 (77), 2019 
 
322 
 
Энрико  Карузомен  теңестіреді  («500»,  217  сілтеме)  [3].  Абақ  Қобашевты  «Қарқаралының 
Э.Карузосы ғой!» - деп шаттанады.  
Қазақ  халқының  асқан  дарынды,  Ҧлы  Даланың  рухымен  қанаттандырған  еркін  ел  –  деп 
санаған гуманист-музыкант Әмре Қашаубаев, Майра Шамсутдинова, Ғаббас Айтбаев, Манарбек 
Ержанов,  Қали  Байжанов  және  басқа  да  талант  иелерінің  орындаушылық  қабілеттерін  ерекше 
атап, оларға қамқор болып, творчестволық болашақтарына зор сеніммен қарады. 
А.В.Затаевичтің классикалық жинақтарындағы тағы да бір қҧнды және қызықты ақпарат – 
ол  фольклористің  Орынбор  губерниясында  кездескен,  олардан  нотаға  бірнеше  халық  әндерін 
тҥсіріп, олар туралы жазған ой-пікірлері. 
Екі жасӛспірімнің орындаушылық шеберлігіне қуанған музыкант былай деп жазған екен. 
«Халық  әндерін  бірдауысты  дуэтпен  айтқанда,  12  жасар  Айтқали  Қҧрмашев  пен  13  жасар 
Ескендір Сабыров ӛте ҥйлесімді, бір-біріне қарамай, еш белгі бермей, бір мезетте, керемет кӛне 
қазақтың  «Маржагҥл»,  «Ескі  ән»,  «Әмірхан»  әндерін  шырқайды.  Сонымен  қатар,  әртҥрлі 
жанрдағы  фольклорлық  туындыларды  орындағанда,  олардың  характерлеріне  сәйкес,  эпикалық 
кең  ҥнмен,  лирикалық  сезімталдықпен  және  терең  драматизммен  тыңдаушыларға  ҧмытылмас 
әсер  қалдырады»  –  деп  ӛзінің  ойын  тҧжырымдайды.  «Ауылдан  келген  бҧл  балалардың 
орындаушылық таланттары тіпті шындыққа жатпайтын сияқты!»  – деп, Александр Викторович 
таңырқап,  асқан  қҧштарлықпен  жас  әншілерге  ӛз  бағасын  береді.  Сонымен  ҧлы  фольклор 
жинаушының осындай баға жетпес пікірлері оның қомақты жҧмыстарында молынан баршылық. 
Ҧлт  тағдарындағы  дәстҥрлі  әншілік  ӛнер  туралы  қысқаша  сӛз  кӛтергенде,  мҧндағы  тағы 
бір  кҥрделі  мәселе  –  ол  ҧлы  байтақ  жерімізде,  әр  ӛңірде  әншілік-орындаушылық  ӛнері  ӛзінше 
сипатымен, ерекшелікпен Батыс, Шығыс, Жетісу мектептерін қҧрастырып, әр кезеңде ҧрпақтар 
жалғасы арқылы дамып, біртҧтас қазақы музыка мәдениетін жоғары деңгейге кӛтерді. Мысалы, 
атақты ақын, әнші, сазгер Нартай Бекежановтың (1890-1954) орындаушылық ӛнерін келтірейік. 
Оның  әншілік  ӛнерін  жалғастыратын  шәкірттері  болған,  ол  керемет  ән  шырқап,  сырнай 
(гармонь) тартқан. Нартайға классик ақын Ә.Тәжібаев «жез таңдай», «кҥміс кӛмей»  - әнші деп, 
сипаттама  берсе,  Мемлекет  сыйлығының  лауреаты  ақын  С.Мәуленов  ӛзінің  естелігінде 
Нартайдың орындаушылық шеберлігі туралы былай деп жазған: «Ақын Тоқмағамбетовтің ҥйінде 
қонақта болғанда, Нартай шаршамай-шалдықпай кеш бата бастағаннан, тҥн бойы ән салып, бізді 
қуаныш  пен  шаттыққа  бӛледі.  Нартайды  нағыз  әнші,  нағыз  дара  дарын,  «асқақ  дауыс»,  «жез 
дауыс»  -  деп  мадақтап-мақтаған  [4].  Бҧл  тҧрғыдан  тағы  бір  сирек  дерек  –  ол  Қазақсанның 
Оңтҥстік  ӛңірінде  әншілік  дәстҥр  айтыстың  бір  тҥріне  айналып,  кеңінен  орын  алған  екен. 
Музыка зерттеушісі Л.И.Гончарова (1921-1991) атақты сахна шебері ҚР Халық әртісі, Мемлекет 
сыйлығының  иегері  Қҧрманбек  Жандарбеков (1905-1973)  туралы  мақаласында  ӛткен  ғасырдың 
30-жылдарында Шымкент қаласында жиі-жиі әншілік кештері ӛткізіліп отырған. Мҧнда әншілер 
арасында ерекше сайыстар ӛткізіледі екен. Сол кештердің бірінде Қҧрекең сайысқа тҥсіп, 100 ән 
айтып,  жеңіп  шығады.  Бҧл  сайыста  кім  кӛбірек  ән  салса,  жеңімпаз  сол  болған.  Бірақ,  ол  сол 
жарыстан  кейін  даусын  ҥзіп  алыпты  (сорвать  голос).  Кейіннен  жылдар  ӛткенде  даусы  орнына 
келіп, Қ.Жандарбеков опера сахнасының жҧлдызы атанды [5]. 
Уақыт  ӛткен  сайын,  заман  ӛзгеріп,  ҧлтымыздың  әншілік  дәстҥрі  ӛзінің  тҧрақты, 
қалыптасқан  ӛзектерін  сақтай  келе,  тҥрлері  мен  формаларын  жанрлық,  әуенді,  ырғақтық, 
ӛлшемдік негіздерін творчестволық ізденіс арқылы жаңашыл жолдарын тапты. Оған дәлел Кеңес 
дәуіріндегі  және  Тәуелсіз  кезеңіндегі  атақты  әнші  орындаушылар  Кҥләш,  Дина,  Жамал,  Ҥрия, 
Манарбек,  Әмре,  Әнуарбек,  Ришат,  Мҥсілім,  Ермек,  Роза  Бағланова,  Бибігҥл,  Нҧржамал, 
Толқын,  Роза  Рымбаева  және  жас  сахна  шеберлері  т.б.  аты  аталмағандар,  әншіліктің  әлемдік 
деңгейіне шығып, дәстҥрлі мәдениетімізді дамытты.  
Қазіргі уақытта кӛптеген ӛнер тҥрлері ӛзіндік кӛркемдік-стильдік ерекшеліктерімен сахна 
тӛрінде орнын табуда.  
Мҧнда  фольклорлық  музыканы  орындаушылармен  қатар,  классикалық  (опера,  балет, 
симфония  және  т.б.),  синкреттік  мюзикл,  эстрадалық  (джаз,  ВИА,  рок,  поп),  электорнды  және 
басқа  да  әртҥрлі  қарқынмен  дамып,  жалпы  халықтың,  әсіресе,  жастардың  сҧранысын  табуда. 
Эстрада  тӛрінде  ӛзіндік  ерекшеліктері  бар  ҧжым-топтарымен  қатар,  қазақы  ансамбльдер, 
дуэттер,  трио,  квартеттер  және  жеке  солистер  репертуарларына  халық  әндерін  енгізіп,  оларды 
қазіргі  эстрадалық  аспаптармен  (скрипка,  фортепиано,  гитара  т.б.)  және  жаңашыл 
орындаушылық тәсілдермен қҧбылтып, ҧлттық колоритпен безендіруде.  




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   403   404   405   406   407   408   409   410   ...   423




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет