Казахского государственного женского педагогического университета



Pdf көрінісі
бет408/423
Дата07.01.2022
өлшемі6,41 Mb.
#20043
1   ...   404   405   406   407   408   409   410   411   ...   423
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы № 1 (77), 2019 
 
323 
 
Қазақстанда  ӛткен  ғасырдың  60-70  және  одан  кейінгі  жылдардан  бастап  кӛптеген 
эстрададалық топтар, ҧжымдар пайда болып, ӛздерінің творчестволық-сахналық ӛмір-жолдарын 
бастады.  Олар  атақты  «Досмҧқасан»  (1967ж,  жетекшісі  М.Қҧсайынов),  «Айгҥл»  (1968ж, 
жетекшісі  М.Балтабаев,  Ж.Тҧяқбаев)  «Гҥлдер»  (1969ж,  жетекшісі  Г.Ғалиева),  «Арай»  (1979ж, 
жетекшісі Б.Серкебаев), «Алатау» (1973 ж, жетекшісі А.Қоразбаев), «Ҧлытау» (2000ж, жетекшісі 
Қ.Болманов)  және  Қазақстанның  басқа  ӛңірлерінде  (Қызылорда,  Орал,  Талдықорған,  Мерке, 
Жамбыл және т.б. қалалар мен ауылдарда) шыға бастады. 
Әр ҧжым ӛзінің алғашқы шығармашылық-орындаушылық қадамынан бастап репетуарына 
халық  әндерін  (жеңіл  музыкалық  жанрына  сәйкес)  насихаттап,  оларды  жалпы  әлемдік 
тенденциялармен ҥйлестіріп, электр музыкалық аспаптарды енгізіп, кӛптеген ізденістер арқылы 
этнофольклорлық,  ӛзектерін  байытты.  Әртҥрлі  эстрадалық  ҧжымдарда  қазақтың  лирикалық, 
кҥлкілі, жеңіл, жайдарлы,  кӛңілді, қоңыр  әндер  («Қоңыр»  тобы),  олардың репертуарында  орын 
алды.  Эстрада  талаптарына  лайықталған  ән  жанрлары  терме,  желдірмелер  де  («Кешью»  тобы) 
тыңдаушылардың ризашылына бӛленді.  
Осы  тҧрғыдан  аранжировкаланған  әндер  олардың  ҧлттық  рухын  тереңдетіп,  кӛркемдік 
деңгейге жетті. Жоғарыда кӛрсетілген еуропалық аспаптармен қатар домбыра, қабыз, дауылпаз, 
шаңқобыз  т.б.  аспаптар  орынды  қосылып,  фольклорлық  туындылардың  жаңаша  (гармониялық, 
полифониялық) ҥнделуіне ықпалын тигізді.  
Қазақы  эстрадалық  ҧжымдардың  концерттік  бағдарламарына  жиі  кіретін  әндер  –  олар 
«Қамажай», «Қыздар-ай», «Жайдарман», «Ауылың сенің белде-еді», «Угай-ай», «Ауылым кӛшіп 
барады  Кӛлме  кӛлге»,  «Қызыл  қҧмда  ауылым»,  «Япыр-ай»,  және  т.б.  Сонымен  қатар,  Кенен 
Әзербаевтың,  Нҧрғиса  Тлендиевтің,  Ілия  Жақановтың  әуесқой  сазгерлердің  шығармаларын 
айтуға болады. 
Қорыта  айтқанда  қазіргі  қазақ  эстрадасы  ҧлттық  мәдениетіміз  бен  дәстҥрлі  әншіліктің 
ӛзектерін  сақтап,  оларды  жаңашыл  жолдармен  кӛркейтіп,  халық  рухын  одан  әрі  байытып, 
әлемдік ӛнер ҥрдісімен ҥндес болып дамуда.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   404   405   406   407   408   409   410   411   ...   423




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет