Kazakh national pedagogical university after Abai хабаршы вестник bulletin «Тарих және саяси-әлеуметтік ғ ылымдар»



Pdf көрінісі
бет377/493
Дата06.01.2022
өлшемі9,77 Mb.
#13132
1   ...   373   374   375   376   377   378   379   380   ...   493
Key words: Karatau, petroglyph, horses, dagger, Seima, composition, continuity. 

 

Қазақстан  аймағында  жылқы  малының  сонау  энеолит  дәуірінен  бастап  асыранды  жануар  ретінде 



пайдаланылып  келе  жатқаны  мәлім.  Ертедегі  малшылар  мен  көшпенділердің  шаруашылығында  белгілі 

бір  дәрежеде  маңызды  роль  атқарған  осы  жылқы  малының  сол  кездегі  мекендеген  тайпалар  мен 

халықтардың палеоэкономикасында, мәдениеті мен мифологиясында алар орны ерекше. 

Қаратау  жартас  суреттері  арасында  жылқы  бейнелерінің  сан  түрлі  етіп  кескінделген  үлгілерін 

кездестіруге  болады.  Дегенмен  жылқы  бейнелерінің  барлығы  бірдей  олардың  хронологиялық 

шеңберлерін ашып көрсетуге қажетті талаптарға сәйкес келе бермейді. Әйтсе де Қаратаудың солтүстік-

шығыс  бөлігіндегі  Сауысқандық,  Дәуітбайсаз,  Қарасүйір  сияқты  бірқатар  петроглифтерінде  ерекше 

үлгіде  кескінделген  жылқы  бейнелері  кездеседі.  Көпшілік  жағдайда  оларға  тән  негізгі  ерекшелік  –  тік 

жалдары  маңдай  тұсына  дейін  ұласып,  кекіл  ретінде  көрсетілген,  сондай  ақ  басы  үлкен,  жақ  сүйектері 

шығыңқы, мойны мен аяқтары қысқа әрі жуан, кеудесі ауқымды, көп жағдайда қарны шығыңқы болып 

келеді (2-3-суреттер). 

Жартастағы  суреттердің  салынған  мерзімін  анықтауда  жаратылыстану  ғылымының  әдістері, 

суреттердің  тас  бетіне  салыну  кезектілігі  (палимпсест),  стилистикалық  ерекшеліктеріне  байланысты 

әдістермен  қатар  салыстырмалы  зерттеу  әдісі  тиімді.  Салыстырмалы  зерттеу  әдісінде  тек  қана  жартас 

суреттері  ғана  емес,  сонымен  қатар  археологиялық  кешендерден  табылған  заттай  деректер  мен 



ВЕСТНИК КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №3(58), 2018 г. 

290 


қолданбалы  өнер  бұйымдарын  да  қарастыруға  болады.  Мысалыға  жоғарыдағы  сипатталған  жартас 

суреттеріндегі жылқылардың мүсіндік баламаларын сейма-турба шеңберінің ескерткіштеріне тән қоладан 

жасалған қанжар саптарында да кездестіруге болады (1-сурет,1-5). 

Ростовка қорымының жерлеу орнында адам бас сүйегінің астында қадаулы тұрған қанжардың сабында 

жылқыны тізгінін шіреніп  артқа тартып тұрған адам мүсіні кескінделген. Бұл  жердегі жылқының басы 

мен құлағы үлкен, тік жалды. (1-сурет,1) [1, 118-119-б.]. 

Әйгілі Сейма қорымында табылған торлама сапты қанжардың жоғарғы бөлігінде бір-бірінің артынан 

келе жатқан екі жылқы мүсіні кескінделген. Алдындағы жылқының ноқтасы байқалады. Екі жылқының 

да жалдары тік (1-сурет,2) [1, 118-119б.].  

Турбина ІІ қорымынан табылған қанжарда осындай тізбек құра орналасқан үш жануар кескінделген. 

Бірақ бұл жерде тау ешкі не арқар бейнеленген (1-сурет,3). 

Елеулино  І  қорымындағы  жерлеу  орнынан  табылған  қанжар  сабының  жоғарғы  бөлігі  жылқы  басы 

ретінде әшекейленген. Жылқының жалдары қырынан тік сызықтармен кескінделген, басына жапсырыла 

салынған құлақтары үлкен, басы қысқа (1-сурет,4) [2,75 б.]. 

Алтайдың Джумба өзенінің жазығынан табылған қанжар сабында бір-біріне қарама-қарсы тұрған екі 

бұқа бейнесі кескінделген (1-сурет,5). 

 Жоғарыда мысалға келтірілген саптары әшекейленген қанжарлардың барлығы бір типке және сейма-

турбалық  қарудың  белгілі  нұсқаларына  жатады  [1,  37-132б.].  Бұл  қанжарлардағы  негізгі  ерекшелік  – 

сапты безендіру және саптың жоғарғы бөлігіндегі мүсіндер арасындағы үйлесімділік. Бір бұйымда осы 

екі, яғни қанжарлардың типалогиялық және бейнелеу әдісінің біріктірілуі кездейсоқтық емес. 

Сейма-турба  мәтінінде  орындалған  қанжар  сабындағы  жылқы  бейнелерінің  оңтүстік  аймақтардағы 

баламалары ретінде Ыстық-Көл көлінің оңтүстік шығыс жағалауынан кездейсок табылған екінші Қаракөл 

көмбесінен  шыққан  қанжарларды  айтуға  болады.  Қанжарлардың  жалпы  саны  бесеу.  Бұл  жердегі 

қанжарлардың  да  оюланған  саптарының  жоғарғы  бөлігі  жануарлар  мүсінімен  кескінделген.  Олардың 

үшеуінің фрагменттері ғана сақталған, ал толық сақталған екеуінің бірінде тік жалды жылқы (1-сурет,7), 

екіншісінде  тау  ешкі  не  арқар  кескінделген  [3,  48-53б.  ].  Сейма  қорымындағы  қанжар  саптарындағы 

бейнелердің келесі бір баламасы ретінде Жетісудың Мыңшұқыр қорымынан табылған алтын сырғада қос 

жылқы бейнесін айтуға болады (1-сурет,8) [4,34б.]. 

Жоғарыдағы  мысалға  келтірілген  бұйымдардағы  жылқылардың  кескінделу  ерекшеліктері  де  (жалпы 

тұлғасының  пішіні,  тік  жалдары,  т.б.)  зерттеушілер  назарынан  тыс  қалмады.  Кейбірі  оны  монғол 

тұқымдас жылқының арғы  атасы болып саналатын қырғыз жылқысымен байланыстырады [3,50б.;1,250 

б.].  Дегенмен  бұл  жылқы  түрінің  таралу  аймақтары  Тянь-Шань  және  Алтай  тауымен  шектеледі  [5,  66-

81б.]. Кейбір  зерттеушілер  мүсіндегі жылқыларды  Пржевальский  тұқымына  жатқызған болатын [6, 98-

103б;  7,103-105б.;  8,319-227б.,  рис.2].  В.А.Новоженовтың  пікірінше  Пржевальск  жылқысы  қолға 

үйретілмеген  және  олардың  хромосомалық  көрсеткіші  де  өзгеше.  Ал  қарастырылып  отырған  мүсіндегі 

жылқылар  қолға  үйретілген  далалық  жылқылардың  Ботайлық  типіне  жататын  болуы  ықтимал. 

Остеологиялық  материалдардағы  мәліметтер  бұл  жылқылардың  басы  үлкен,  аяқтары  жуан  екендігін 

көрсетеді. Кейінгі тарихи кезеңдердегі ұзын сирақты далалық жылқылар осы жылқы тұқымдарынан келіп 

пайда бола бастаған [9,39 б.]. Алдыңғы болжамдарға қарағанда Новоженовтың болжамы ақиқатқа жақын 

сияқты.  Бұл  жерде  айтылып  отырған  Ботай  тұқымы,  далалық-жазықтық  аймақтарға  бейім,  суық  пен 

ыстыққа төзімді қазақы «жабы» тұқымдас жылқы екендігі мәлім. 

Сейма-турба  бұйымдарын  мерзімдеу  мәселесі  Азияның  қола  дәуіріне  байланысты  зерттеулердің 

барлығында  көтерілген  болатын.  Бұл  мәселе  төңірегіндегі  арнайы  зерттеулер  Черных,  Кузьминых 

монографиясында  айрықша  қарастырылған  болатын.  Авторлар  бұл  бұйымдардың  абсолюттік  жасын 

балкан-микендік  ескерткіштерге  теле  отырып,  б.з.д.  екінші  мыңжылдықтың  алғашқы  ширегі  деп 

көрсетеді  [1,256-265  б.].  Бұл  қанжарлардың  оңтүстіктегі  баламалары  –  екінші  Қарақөл  көмбесінен 

табылған қанжарлардың карасук-беғазылық кейінгі қола кезеңінің қанжарларымен сәйкес келетінін [3,51 

б.], ал Жетісулық балақты сырғаның (раструб) федоровтық кезеңнің соңы немесе федоровтық-алакөлдік 

кезеңнің қорымдарымен сәйкес келеді [9,41 б.]. Сондай-ақ Ешкіөлмес петроглиф орындарында кешенді 

зерттеу  барысында  Көксу  өзенінің  оң  жағалауындағы  кейінгі  қола  дәуірінің  Құйған  қорымдарында 

жүргізілген археологиялық қазбалар кезінде анықталған балақты сырғалардың жасын зерттеушілер б.з.д. 

ХІІІ-ХІІ ғасырлардың шеңбері деп көрсетеді [10,18-19б.]. 

В.А.Новоженов  Сары-Арқа  петроглифтеріндегі  осындай  жылқы  бейнелерінің  шеңберін  төменгі 

(ежелгі) «репері» сейма-турбалық қанжарлардағы мүсіндермен кезеңдес, ал екінші Қаракөл көмбесіндегі 

қанжар  және  Мыңшұқыр  қорымындағы  сырға  жартастағы  бейнелердің  жоғарғы  хронологиялық 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   373   374   375   376   377   378   379   380   ...   493




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет