Kazakh national pedagogical university after Abai хабаршы вестник bulletin «Тарих және саяси-әлеуметтік ғ ылымдар»



Pdf көрінісі
бет379/493
Дата06.01.2022
өлшемі9,77 Mb.
#13132
1   ...   375   376   377   378   379   380   381   382   ...   493
ВЕСТНИК КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №3(58), 2018 г. 

292 


сабында немесе кейбір алшақ ұқсастықтарды жекелеген бұйымдарға ғана кездеседі. Ал сейма-турбалық 

шеңбердегі ескерткіштер таралған Шығыс Европа мен оған іргелес аудандардың жартас суреттерінде бұл 

мәтінде  орындалған  жылқы  бейнелері  өте  сирек,  тіпті  «жоқтың  қасы»  деп  айтуға  болады.  Ал  біз 

қарастырып  отырған  Қазақстанның  оңтүстік  бөлігінде,  сондай-ақ  іргелес  жатқан  орталық  бөліктерінде 

керісінше  –  жартас  суреттерінде  көп  кездескенімен,  қанжар  сабында  немесе  басқа  да  бұйымдарда  бұл 

мәтіндегі  жылқы  бейнесі  мүлдем  кездеспейді  (әсіресе  металл  балқыту  орталығы  Орталық  Қазақстан 

аймағында). Осы жөнінде В.А.Новоженов «бұл бейнелердің оңтүстіктегі Мыңшұқыр мен екінші Қаракөл 

көмбесінен  табылған  баламаларын  сейма-турбалық  ескерткіштерге  ешқандай  байланысы  болмауы  да 

мүмкін»  дей  келе  «ботайлық  жылқы  түрінің  таралу  аймағы  өте  кең  далалық,  далалық-ормандық 

аймақтарды  қамтыған  және  сондықтан  бұлай  мүсіндеу  кез  келген  тайпаның  бейнелеу  өнерінен  көрініс 

табуы  мүмкін»  деп  болжам  жасаған  болатын  [9,  41  б.].  Осы  тұста  бұл  пікірді  қолдай  отырып,  қазба 

кезіндегі  не  кездейсоқ  табылған  бұйымдардан  айырмашылығы,  жартас  суреттері  орын  алмастырып 

жылжи алмайды деген теорияны айта кеткеніміз жөн болар. 

Жоғарыда айтылған мүсіндердегі жылқылардың хронологиялық шеңберлеріне байланысты кескінделу 

ерекшеліктерін  Үлкен  Қаратаудың  жартас  суреттерінен  де  байқауға  болады.  Қола  дәуірінің  алғашқы 

кезеңдерінде  пайда  болған  жылқы  суреттерінде  олардың  кекілдері  тік,  мойындары  жуан  және  қысқа, 

бастары үлкен, екі аяқты етіп кескінделген (2-сурет,1-3,4а; 3-сурет,1-20). Олардың ежелгі екендігінің және 

бір  айғағы  бірнеше  жерде  олар  бұқалар  немесе  басқа  жануарларға  жегілген  арбалармен  бір  көріністе 

кескінделген  (3-сурет,1-2).  Кейінгі  кезеңдерде,  яғни  уақыт  өте  келе  олардың  жалпы  пішінінде 

өзгешіліктер  пайда  бола  бастайды  –  тұлғасы  мен  мойындары  жіңішкеріп,  ұзарып,  кейде  төрт  аяқпен 

кескінделе  бастайды.  Сондай  ақ  қола  дәуірінің  кейінгі  кезеңдеріне  тән  Мыңшұқыр,  екінші  қаракөл 

көмбесіндегі, Минусинск ойпатындағы б.з.д. ІІ мыңжылдықтың екінші жартысы мен І мынжылдықтың 

басына  жататын  бұйымдардағы  мүсінделген  жылқылар  тәрізді  кекілдері  маңдай  тұсынан  сабырап, 

үшкірленіп  кескінделе  бастайды.  Осы  ерекшеліктерді  қарастырылып  отырған  аймақтың  жартас 

суреттерінен де байқауға болады – қола дәуірінің соңғы кезеңдегі жылқы бейнелерінің кескінділуінен аң 

стилінің  компонеттері  орын  ала  бастайды  (2-сурет,  4б;3-сурет,3-5).  Д.Г.Савинов  «барлық  белгілі 

бейнелердің  арасында  ерте  скиф  кезеңінің  ең  алғашқы  композицияларының  бір-бірінің  артынан  қатар 

орналасқан  (жүріп  келе  жатқан)  жануарларды  бейнелеу  «идеясы»  сөзсіз  сеймалық  бейнелеу  үрдісінен 

қабылданған» деп түсіндіреді [15, 179-187 б.]. Жалпы Үлкен қаратаудың жартас суреттерінде жалдары тік 

осы  пішіндегі  жылқы  бейнелері  б.з.д.  І  мыңжылдықтың  орта  тұсындағы  бейнелері  арасынан  өзінің 

бейнелеуін тоқтатып, оның орнын ұзын сирақты, ұзын мойынды «дала арғымағы» алмастыра бастайды. 

Бұндай  ерекшеліктер  туралы  алғашқы  болып  Ходжакент  петроглифтерін  зерттеу  барысында 

Х.А.Алпысбаев  та:  «Ходжакент  петроглифтеріндегі  жылқылардың  ежелгі  бойы  қысқа,  басы  үлкен 

жабайы  жылқылардан  айырмашылығы  бар,  қолдан  бұдандастырып  шығарылған  үй  жылқылары  –  дала 

арғымағы» екендігін айтады [16, 268 б.]. Ал, А.Н.Марьяшев пен А.А.Горячевтың «көшпенділер өздерінің 

жаңадан  қалыптасқан  мәдениетінде  бейнелеу  үрдісінің  болмауына  байланысты  белгілі  бір  дәрежеде 

таяушығыс  мәдениеттің  бейнелеу  үрдісін  пайдаланған»  деген  тұжырымдары  шындыққа  сай  келмейтін 

тәрізді [17, 53 б.]. 

Сонымен жоғарыдағы ұқсастықтар мен ерекшеліктерге сараптама жасай отырып Үлкен Қаратаудың 

жартас  суреттеріндегі  қарастырылып  отырған  жылқы  бейнелерінің  төменгі  хронологиялық  шегарасын 

б.з.д.  ІІ  мыңжылдықтың  басы  екендігін  айта  аламыз.  Уақыт  өте  келе  олардың  бейнелері  стилістік 

өзгерістерге ұшырағанын да байқаймыз [18, 114-117 б.]. Бұл стилистикалық өзгерістер өзіндік бір үрдіс 

пен  сабақтастықты  жалғай  отырып  сақ-скиф  дәуірінің  бейнелеу  өнеріне  өте  жоғары  үлес  қосқандығын 

айта аламыз 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   375   376   377   378   379   380   381   382   ...   493




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет