Kazakh national pedagogical university after Abai хабаршы вестник bulletin «Тарих және саяси-әлеуметтік ғ ылымдар»



Pdf көрінісі
бет420/493
Дата06.01.2022
өлшемі9,77 Mb.
#13132
1   ...   416   417   418   419   420   421   422   423   ...   493
Key words: national, revolution, bibliography, spiritual. 

 

Коммунистік рухтың қызыл туы желбіреп тұрғанда, ұлттық рухтың өзегімізді жалғауға ұмтылған бір 



жас өркен өскіндей бой көтеріп келе жатты. Ол – Үшкөлтай Субханбердина еді. Қарапайым ғана ғалым 

өмір  бойғы  еңбегін  жайып  салды.  Бітеліп  тасталған  ұлттық  рухтың  қайнар  көзін  қайта  ашты.  Одан 

қаншама  адам  нәр  алып  отыр.  Өзегіңді  жалғамасаң  өлесің.  Ұлттық  рухтың  өзегі  де  солай  –  жалғаусыз 

қалса, бағдарсыз қалады. Бағыт-бағдарсыз алысқа ұзау мүмкін емес. 

Үшкөлтай Субханбердина – ғалым, филология ғылымдарының кандидаты.  Ол 1927 жылы Павлодар 

облысы,  Баянауыл  ауданында  туған.  1948  жылы  Қазақ  мемлекеттік  қыздар  педагогикалық  институтын 

бітірген.  1952-1965  жылдары  Орта  ғылыми  кітапхананың  библиографиясы  қазақ  кітаптары  мен  сирек 

кездесетін  кітаптар  және  қолжазба  бөлімінің  меңгерушісі,  1966-1973  жылдары  Әдебиет  және  өнер 

институтының  текстология  және  қолжазба  бөлімінің  аға  ғылыми  қызметкері,  1973-1982  жылдары 

фонофото  бөлімінің  меңгерушісі,  1982-1999  жылдары  қолжазба  және  текстология  орталығының  аға 

ғылыми қызметкері болып қызмет атқарған. «Айқап» бетіндегі мақалалар мен хат-хабарлар», «Қазақтың 

революциядан  бұрыңғы  мерзімді  баспасөзіндегі  материалдар»,  «Әдеби  мұра.  Революциядан  бұрынғы 

мерзімді баспасөз бетіндегі жарияланған көркем шығармалар», «Алаш. Қазақ. Сарыарқа» т.б. жинақтарда 

Алаш қайраткерлерінің шығармаларын таратуға және насихаттауға үлкен үлес қосты[1]. 

Үшкөлтай  Субханбердинаның  әкесі  Субханберді  1937  жылы  «халық  жауы»  болып  ұсталып  кеткен. 

Субханберді  Семейдегі  педагогикалық  техникумды  тәмамдаған  оқытушы-педагог  кезінде  Баянауылда, 

Шығыс Қазақстан облысындағы Катонқарағай ауданында, Алтай селосында мұғалім, мектеп директоры 

болып  жұмыс  істеді.  Елдің  санасын  ояту,  ұрпаққа  білім  ұрығын  себу  арманын  арқалаған  Субханберді 

мектеп  ісіне  бүкіл  жан-тәнімен  берілсе  керек.  Өзінің  сүйікті  қызының  атын  «Школтайға»  ұқсатып 

Үшкөлтай  қойған.  Көңілі  сүйген  іске  құлай  берілуі  де  халқымызға  тән  қасиет.  Халық  санасын  оятушы 

«Айқап»  журналы  мен  «Қазақ»  газетінің  биік  рухтағы  идеологиясымен  қаруланған  математика  пәнінің 

маманы кеңестік саясат өлшеміне келмеді.  

Үшкөлтай әкесі ұсталғанда небәрі он жаста болған. Ерте есейтпей қоймас заман. Алды-артыңды түгел 

ойламай  болмайды.  «Халық  жауының»  тұқымына  бойтасалау  үшін  біреу  біліп,  біреу  білмес  орта  да 

қажет, жастайынан оқу керектігін көңілге түйіп өскен қыз өз болашағына да алаң болады[2]. 

Бүгінгі Үшкөлтай Субханбердина – биік деңгейдегі ұлттық рух. Осы рухтың емшегін ерте емген ол өз 

бойына оның барлық қасиеттерін сіңіре білді. 

1961  жылы  Қазақ  мемлекеттік  баспасынан  «Айқап»  бетіндегі  мақалалар  мен  хат-хабарлар» 

библиографиялық кітабы басылып шыққан соң ғана Үшкөлтай Субханбердинаны шақырар жер көбейді. 

Осының  алдында  Шора  Шамғалиұлы  Сарыбаевтың  «Қазақ  тілі  туралы  библиографиясының»  1-кітабы 

«А.Б.»  деген  көрсеткіштің  болғандығына  байланысты  түгел  өртеліп  тасталған  болатын.  Ал,  «А.Б-да», 

«М.Д-да» ішінде жүрген Ү. Субханбердинаның кітабы әп-сәтте тарап кеткен болатын. Тіпті, «Қазақстан 

мұғалімі» газетіне Бейсенбай Кенжебаевтың кітапты мақтай жазған мақаласы да шығып үлгереді[3]. 

 



ВЕСТНИК КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №3(58), 2018 г. 

342 


Талай  мәрте  талқыға  түскен  бұл  библиографиялық  кітаптың  редакторы  болған  Есмағамбет 

Ысмайловтың  «Қарағым,  қиын  да,  қатерлі  де  қасиетті  жұмыс  бастаған  екенсің.  Мақтаса-аспа,  даттаса-

саспа, жоныңды төсей бер» деген сол уақыттағы бір ауыз сөзінің мән-мағынасына да кейіннен қанықты. 

Талай мәрте мұңайды, қамықты, бірақ бетінен қайтпады. 

1963  жылы  Қазақ  КСР  Ғылым  академиясының  баспасынан  «Қазақтың  революциядан  бұрынғы 

мерзімді баспасөзіндегі материалдар» кітабы шықты. Одан кейінгі «Қазақ кітаптары», «Дала уәлиятының 

газеті: әдеби нұсқалар»[4] кітаптарының орны бөлек. Қойын дәптеріндегі жазбалар кітап болып басылып 

шығып  жатты.  Әрбірінің  тағдыры,  тарихы  әрқалай.  Бір  ғана  ортағы  –  шыққанша  да,  басылған  соң  да 

айтыс-тартысы  мен  кедергі,  қиындықтары  мол  болды.  Алайда,  ертерек  күш  алған  асқақ  рух  жеңістен 

жеңіске қарай жетелей берді. Оқырман қолына тиген «Айқап», «Қазақ» кітаптары да, міне, соның жемісі. 

Қиын-қыстау  заманда  ел  арыстарының  аманатын  арқалаған  Үшкөлтай  Хасенқызы  Субханбердина  оны 

бүгінгі таңға жеткізіп отыр.  

Сауапты  істің  жанына  қашанда  жақсылар  үйір  болады.  Гуманитарлық  ғылымдар  академиясының 

академигі,  филология  ғылымдарының  кандидаты,  ғалым-библиограф  Үшкөлтай  Субханбердина  салған 

жолда бір қауым ел жүріп келеді. Үшкөлтай Субханбердинаның ес білгелі атқарып келе жатқан қасиетті 

іс-әрекетіне әділ баға беру, қадірлеп қастерлеу, кімге болсын ар алдындағы сыни сәт болып келеді. 

Біздің ұлттық баспасөзіміздің тарихына байыпты барлау жасап, жоғары саналылықпен зерттеп жүрген 

белгілі  ғалым,  филология  ғылымдарының  кандидаты,  Қазақ  КСР  Ғылым  академиясының  М.  Әуезов 

атындағы  Әдебиет  және  өнер  институтының  қазақ  әдебиеті  мен  сирек  кездесетін  кітап,  қолжазбалар 

бөлімінің меңгерушісі Үшкөлтай Хасенқызы Субханбердинаның еңбегі ерекше[5]. 

Ана тілімізге тұңғыш рет жарияланып, қазақ халқының мұңы мен зары, қуанышы бола білген алғашқы 

газет-журналдардың  әрбір  хат-хабарынан  бастап  үлкен  әдеби  шығармаларына  дейін  сол  кезеңдегі 

әлеуметтік,  тұрмыстық,  қоғамдық  сананы,  елдің  көңіл-күйін,  тыныс-тіршілігін  айқын  танытты.  Сол 

алпысыншы жылдарға дейін архив қойнауында шаңға батып жатқан қымбат қазынаны игерген Үшкөлтай 

Хасенқызының  ауыз  толтырып  айтарлықтай  тамаша  табысы  –  1870-1882  жылдар  аралығында  Ташкент 

қаласында жарық көрген «Түркістан уәлияты» газетін қайта жаңғыртуы еді[6].  

Ү.  Х.  Субханбердинаның  «Қазақтың  революциядан  бұрынғы  мерзімді  баспасөзі  және  көркем 

әдебиеті»  (ХІХ  ғасырдың  аяғы  мен  ХХ  ғасырдың  басы)  атты  кандидаттық  диссертациясынан  соң  ғана 

«Түркістан уәлияты» алғаш рет ғылыми айналымға түсті. Бұл еңбектің құндылығы осы ғасыр басындағы 

қазақ халқының тарихын, экономикасын, әдеби, мәдени және саяси өмірлерін жеке-жеке зерттейтін сан-

сала ғалымдарының мүйенер бірден-бір дүние екендігі. «Қазақтың революциядан бұрынғы баспасөзіндегі 

материалдар» атты библиографиялық еңбегі де қазақ журналистикасындағы соңғы жаңалық, ірі бетбұрыс 

бола білді[7]. 

Сондай-ақ, ұлттық библиография саласына бүкіл саналы ғұмырын арнаған алғашқы ғалымдардың бірі 

осы  Үшкөлтай  Хасенқызы.  Оған  библиограф-ғалымның  1961  жылы  «Айқап»  журналының  бетіндегі 

«мақалалар  мен  хат-хабарлар»,  1963  жылы  «Қазақтың  революциядан  бұрынғы  мерзімді  баспасөзіндегі 

материалдар», 1986 жылы «Қазақ кітаптары», 1989 жылы «Дала уәлиятының газеті» (Әдеби нұсқалар)[8] 

атты библиографиялық көрсеткіштері куә. 

«Мен  Октябрь  революциясына  дейінгі  жарық  көрген  6  газет,  1  журнал,  2-3  шамалы  қазақ 

кітаптарының  тізімін  алып,  олардың  мазмұнымен  жан-жақты  да  терең  танысу  барысында  күні  кешеге 

дейін есімдері атаусыз қалып келген бес арыстан өзге де талай таланттылардың, өз халқының қамы үшін 

тегеурінді  күш-қайрат  таныта  білген  қоғам,  қалам  қайраткерлерінің  аса  құнды  деген  шығармаларымен 

таныс болдым. Және оларды ешкімге сездірмей арнайы бір каталогқа тіркеп, үйге жинай бердім. Менің 

көңілім  әділеттіліктің  әйтеуір  бір  жеңетініне  сенімді  болды.  Қазір  мен  жалған  жаламен  жазықсыз 

жазаланған  қайраткерлердің  сол  кездердегі  қазақ  газет-журналдарында  жарияланған  мақалалары  мен 

әдеби шығармаларын топтастыру үстіндемін», - дейді[9]. 

Ол кезде Үшкөлтай Хасенқызының жас кезі еді. Қазақтың қыздар педагогикалық институтының тіл 

және  әдебиет  факультетін  бітіріп,  Қазақ  КСР  Ғылым  академиясының  Орталық  ғылыми  кітапханасына 

қатардағы  кітапханашы  болып  орналасқан  жас  алғашқы  күннен  өз  жұмысына  шығармашылықпен 

қарады. Ол бұрын-соңды кітапхана қызметінде қолға алынбаған тың бастаманың көшбастаушысы бола 

білді.  

Айналасы үш-төрт жылдың ішінде қарапайым кітапханашылықтан бас библиографтыққа дейін өскен 

талантты жас өз ісіне ғылыми тұрғыдан келіп, ұлттық библиография көрсеткіштерін жасауға жетекшілік 

етті.  Революциядан  бұрын  қазақ  тілінде  шыққан  мерзімді  баспасөз  беттеріндегі  мақалалардың,  әдеби 

шығармалардың  қысқаша  мазмұнын  баяндайтын  библиографтық  көрсеткіштер  жасау  кезінде  Ахмет 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   416   417   418   419   420   421   422   423   ...   493




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет