Kazakh national pedagogical university after Abai хабаршы вестник bulletin «Тарих және саяси-әлеуметтік ғ ылымдар»



Pdf көрінісі
бет421/493
Дата06.01.2022
өлшемі9,77 Mb.
#13132
1   ...   417   418   419   420   421   422   423   424   ...   493
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар» сериясы, №3(58), 2018 ж. 

343 


Байтұрсыновтың,  Мағжан  Жұмабаевтың,  Міржақып  Дулатовтың  тағы  басқа  материалдары  мен 

өлеңдерінің тізімін жасап отырғанының үстінде бір ақсақал жазушы келіп: «Балам, мына жайлы менен 

өзге жан баласы көрмесін, әйтпесе, басың бәлеге қалады» деп ағалық ақылын айтқан. Содан кейін барып 

қана  ол  жариялануға  тиісті  деген  мақалалар  мен  кітаптар  тізімін  жасап,  баспадан  шығарғанда  да, 

қалғандарын жеке картотека жасап, үйіне жинай берген[10].  

Бүкіл саналы өмірін төңкерістен бұрынғы араб әліпбилі қазақ жазба нұсқаларын жариялауға, олардың 

библиографиясын түзіп зерттеуге арнаған библиограф-ғалым Үшкөлтай Субханбердинаның дайындаған 

«Дала  уәлиятының  газетінің»  мазмұндалған  библиографиялық  көрсеткішінің  5-томы  жарық  көріп, 

оқырмандармен қауышты. Бұл еңбектің қазақ ғылымына қосылған қомақты үлес екеніне ескі уақыттың 

өзі  төреші.  Оған  көз  жеткізу  соншалықты  қиын  емес.  Ғалымның  алғашқы  еңбектерінің  бірі  –  «Айқап» 

журналы  бетіндегі  мақалалар  мен  хат-хабарлар»  атты  кітабы[11].  Ал  бұдан  кейінгі  уақытта  Үшкөлтай 

Субханбердинаға бір өзі іргелі ғылыми-зерттеу мекемесінің орнына қызмет атқаруға, тоталитарлық жүйе 

тұсындағы тосқауылдарды бұза жүріп ізденіп, тынбай еңбек етудің үлкен үлгісін көрсетуге тура келеді. 

Соның көрінісіндей көпшілік аз уақытта-ақ көшіруге болады деп оңайсыған еңбектерді даярлауға қырық 

жылға жуық уақыт кетті. Енді міне көз майын тауысқан күндер өз нәтижесін беруде. 

Қазан төңкерісіне дейінгі баспасөз бетінде көрінген фольклор үлгілерін, қисса-дастандарды, баспасөз 

деректерін жариялаумен, соларды зерттеумен ұдайы шұғылданып келе жатқан ғалым бұл жолы да қыруар 

еңбек сіңіріп, үлкен жұмыс тындырған. 

Өзі қарастырып отырған тарихи кезеңмен тереңдей танысқандығымен де ғалым еңбегінің құндылығы 

арта  түскен.  Сол  кездегі  қазақ  әдебиеті  мен  мәдениеті,  шығыс  сюжеттері,  ауыз  әдебиеті  нұсқалары, 

аударма  нұсқалар,  әйел  мәселелері  қандай  дәрежеде  көрініс  тапқанын  талдай,  таразылай  отырып  ой 

түйеді.  Сондай-ақ  қазақ  халқының  көне  заманнан  бергі  сөз  байлығы  осы  газет  арқылы  халыққа 

тарағандығы  әрі  белгілі  стильдік  өң  тапқандығы  және  газетте  елдің  қоғамдық  саяси  мәселелері,  ұдайы 

қамтылғандығы баяндалады. 

Әдебиеттану  ғылымының  жүгін  арқалаған  зерделі  ғалым  Гуманитарлық  ғалым  академиясының 

академигі  Үшкөлтай  Субханбердина  еңбек  жолында  тек  ерлік  көрсетуді  өзіне  еншілеп  алғандай.  Д.С. 

Сейфуллинамен  қосылып  даярлаған  «Қазақ  кітабының  шежіресі»  атты  көрсеткіші  баспасөз  және 

бұқаралық ақпарат істері жөніндегі ұлттық агенттіктің «Рауан» баспасында басылып шықты[11].  

Туған  мәдениетіміздің  ежелден  келе  жатқан  өзекті  салаларының  бірі  –  қазақ  кітаптары.  Сол  қазақ 

кітаптарының  тарихын  түбегейлі  зерттеу  үшін  алдымен  қазақ  кітаптарының  библиографиясын 

құрастырып алуымыз керек деген шешімге келген ғалым 1807 жылдан бастап 1917 жылға дейін жарық 

көрген кітаптарды көрсеткішке енгізген. 

Көрсеткішті  дайындау  барысында  Мәскеу,  Санкт-Петербург,  Қазан,  Ташкент,  Алматы  қалаларында 

кітапхана, мұрағаттарда сарыла еңбектенуге тура келгенін байқар едік. Кітаптар тізімі шартты түрде 1807 

жылы жарық көрген «Сейфулмәлік» кітабынан басталған. 

Аталған  екі  көрсеткіште  тарихи  жағдайлар  туралы  нақты  деректерді  қолға  ұстатып,  біраз  дау-

дамайдың  шешімін  тауып  береді.  Және  тарихымыздың  болашақ  зерттеушілеріне  бағдар  болатын  тың 

дүниелер екені даусыз[12].  

«Ғалым»  баспасынан  жарық  көрген  «Ғашықтық  дастандар»  деп  аталатын  жинақ  осыдан  бұрын 

«Ғашық-наме»  (1976),  «Қисса-дастандар»  (1986)  деген  атпен  басылып  шыққан  кітаптар  заңды  жалғасы 

іспетті.  Осы  үш  кітаптың  үшеуін  де  құрастырған,  бұл  күнде  мүлдем  сирек  ұшырасатын  дүниелікке 

айналған қиссаларды әр жерден, әр тараптан шұқынып іздестіріп тауып, оларды араб үлгілі жазбамыздан 

қазіргі  жазуымызға  түсіріп,  бәріне  ғылыми  талдау  жасап,  түсініктеме  берген  –  зерттеуші  Үшкөлтай 

Субханбердина[13]. 

Баспа жүзін көрсе көріп, көрмесе көре алмай ел аузында жатқа жырланып, я біреуден көшіріп дегендей 

қазақ  арасында  кең  тараған  қиссалар,  дастандар,  жырлар  бұрын  аса  көп  болған.  Олардың  біздің 

дәуірімізге  келіп  жеткендері  де,  жетпегендері  де  бар.  Осыларды  іздеп  тауып,  сұрыптап,  олардың 

әлеуметтік,  көркемдік-идеялық  мән-мазмұнын  ғылыми  ой  елегінен  өткізіп  ашып,  оқырман  қауымның 

әдебиет, тіл зерттеушілердің игілігіне айналдыруда ғалым 

 Ү.  Субханбердина  ұзақ  жылдан  бері  еңбектеніп  келеді.  Бұл  жинақ  өткендегі  әдеби  мұраларымызды 

танып-білуге  жетелейтін,  оның  озық  туындыларын  ел-жұртқа  насихаттайтын  жемісті  бір  еңбек.  Қазақ 

қауымының  мәдени-эстетикалық,  қоғамдық,  пәлсапалық  ой  өрісінің  қалыптасуына  не  заман  бойы 

пәрменді  ықпалы  болған  осындай  шығармалармен  өткендегі  әдеби  мұра  атаулымыздың  қорын 

молықтыру – аса бір құптарлық іс болып табылады. 

 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   417   418   419   420   421   422   423   424   ...   493




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет