Kazakh national pedagogical university after Abai хабаршы вестник bulletin «Тарих және саяси-әлеуметтік ғ ылымдар»



Pdf көрінісі
бет435/493
Дата06.01.2022
өлшемі9,77 Mb.
#13132
1   ...   431   432   433   434   435   436   437   438   ...   493
Key words: East Turkestan, Yettishar, Xinjiang, Kokand, commander, reform, military mission. 

 

1864  жылдың  желтоқсан  айында  Ташкент  қаласынан  Қашқарияға  200-300  адамдық  шағын  жасақпен 



Бузрук-қожа аттанған болатын. Сонымен бірге Бузрук-қожаны ертіп жүрген топтың құрамында әртүрлі 

себептерге  байланысты  өз  беделінен  айырылған  қоқандық  бектерде  қосылды,  яғни  олар  әртүрлі 

алаяқтықпен  хандық  билікті  мазасыздандырған  еді,  ал  солардың  ішінде  Якуб-бекте  болды  [1,  94  б.]. 

Шығыстанушы ғалымдардың пікіріне сүйенсек, осы аталмыш оқиға тарихына қатысты әртүрлі деректер 

негізінде  Бузрук-қожаның  бұлай  жолға  шығуын  бірнеше  нұсқа  келтіреді:  а)  Қоқанд  ханы  Худоярдың 

бұйрығымен  өзі  істеген  қылмысын  осылайша  жабу  үшін;  б)  Алимқұлдың  талабы  бойынша,  хандықта 

уақытша билікті басып алып және Қоқанд тағында Якуб-бекті өзінің қауіпті бәсекелесі ретінде көрді: в) 

қашқарлық  елшілердің  өтініші  бойынша.  Айта  кетсек,  Якуб-бектің  Қоқандта  қалуы  Алимқұл  үшін  де 

Худояр хан үшінде тиімсіз болды нәтижесінде оны хандықтан кетіру үшін қолайлы жағдай бола кетті. 

1865 жылы қаңтарда Қашқарияға келген Бузрук-қожа хан деп жарияланды

3

. Алайда ұйғыр халқының 



күткені жаңа тәуелсіз мемлекеттің пайда болуына деген үмітін жаңа хан мемлекеттік қызметке қабілетсіз 

                                                 



3

Бузрук-қожа  циндіктердің  басқыншылығына  дейін  Шығыс  Түркістандағы  ақтаулық  қожалардың 

династиясынан шыққан. Ол танымал Джахангирдің (Жәңгір-қожа) соңғы ұрпағы. Джахангир 1825-1828 жж. 

Қашқариядағы  маньчжурлардың  өктемдігіне  қарсы  сәтсіз  көтеріліс  ұйымдастырып,  соның  салдарынан 

тұтқынға  түсіп,  Пеинде  өлім  жазасына  кесіледі.  Сондықтан  беделі  бәрінен  де  жоғары  Бузрук-қожа 

Қашқария халқы үшін қасиетті тұлға болып саналды. Дегенмен оның  атын әртүрлі алаяқтар өз бастарына 

пайдаланды.  Өз  кезегінде  Қашқарияда  билікті  өз  қолына  алу  үшін  Бузрук-қожаның  беделін  Якуб-бекте 

пайдаланған болатын.  


Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар» сериясы, №3(58), 2018 ж. 

355 


екенін көрсетті. Осындай жағдайды пайдаланған Якуб-бек, өзінің күшін белсендіре түсті. Ол қоқандтық 

бектерден  «әскери  каста»  (аидижандықтар)  билік  үшін  күресуді  қолға  алды.  Оны  Садық-бек  бейтарап 

қалдыру  үшін  де  пайдаланды.  Осы  уақытқа  дейін  Қашқарда  күшті  позицияға  ие  болған  қырғыздардың 

басшысы.  Нәтижесінде  қырғыздардың  ру  басы  қыспақта  қалып,  ақырында  Қашқардан  қашып  кетуіне 

тура  келді,  ал  Якуб-бек  болса  Бузрук-қожаның  тағайындалуымен  батыр-басы  (қолбасшысы)  болды. 

Осыдан кейін жаңа әскер басы жаңа армия құруға кірісті. Әскери бөлімшелер жергілікті елді-мекендерде 

жасақталды, оларды  үйретуді Қоқандтан және  эмиграциядан оралған қашқарлықтар қолға алды [2, 141 

б.].  Бір  жылдың  ішінде  Якуб-бек  әскери  жағынан  қабілетті  бірнеше  мыңдық  армия  жасақтауға  қол 

жеткізді.  Қашқарлық  жасақтың  алғашқы  жорығы  Қашқарияның  шеткі  аймағындағы  Жаңашар  (Жаңа 

қамал) болды, мұнда әлі де қытай горнизоны шоғырланып отырған еді. Жаңа қашқарлық қолбасшысының 

белсенді қызметі Күш қаласы басшыларын мазасыздандыра түсті, өз кезегінде бүкіл Шығыс Түркістан 

территориясына  бақылау  жасауға  талпыныс  жасап  отырған.  1868  жылы  көктемде  Қашқарияға  110-

мыңдық  күшіндік  әскерлер  жорыққа  шықты.  Олар  екі  бағыт  бойынша  жылжиды,  бір  Ақсу,  ал  екінші 

Жаркент  жағынан  шығады.  Бірақ  Қашқарға  16  км  жерде  күшіндік  армияны  Якуб-бектің  12,5-мыңдық 

әскері талқандайды. Сосын Жакркенттен шыққан, әскери жасақты жойды. Якуб-бектің қайта шабуылы 

барысында  қашқарлықтар  батыл  қимылдап  Жаңа-Гиссардағы  қытайлық  армияға  қарай  жылжиды.1865 

жылы сәуірде 40-күндік қыспақтан кейін қала беріліп, ондағы гарнизон талқандалды. 

Бұл уақытта Ташкент үшін орыстармен болған соғыста Алимқұл қайтыс болып, Қоқандтағы билікке 

Худояр хан келді. Алимқұлдың уақытша билігі тұсындағы сарай ақсүйектері Қашқарияға қашып кетеді. 

Бұдан  соң  Қоқанд  үкіметі  мен  Якуб-бектің  ара  қатынасы  одан  да  ары  нашарлап  кетті.  Осыда  кейін 

қашқарлық басқолбасшы Қоқанд жағынан барлық арнайы қолдауда айырылдып өз күшіне ғана сенуіне 

тура  келді.  Якуб-бектің  келесі  қадамы  қашқарлық  қамалдың  намангері  Хо  Долаймен  келіссөз  жүргізу 

барысында оған және оның қол астындағыларға мұсылмандықты қабылдаған жағдайда өмірлерін сақтап 

қалуға уәде берді. Қытай горнизонының солдаттары және олардың жанұялары мұсылман дінін қабылдап, 

жаяу  әскер  құрамында  Якуб-бектің  армиясына  қосылды  [3,  20  б.].  Сонымен  «жаңа  мұсылмандардан» 

жасақталған бөлімшеге Ху Долай басшылық жасады.  

Қашқарлық  әскербасы  жүргізген  табысты  әскери  науқан  нәтижесінде  Якуб-бектің  беделі  тез  арада 

өсті.  Ол  өзінің  әрекетінде  бұрынғыдан  бетер  тәуелсіз  бола  бастады.  Оған  дәлел  ретінде,  1868  жылы 

қазанда  Якуб-бектің  Жаркентке  жеке-дара  жорығын  атауға  болады.  Ал  Бузрук-қожа  бұл  оқиға  туралы 

тіпті білген де жоқ. Армия басшыларының қолдауына сүйенген Якуб-бек енді қашқарлық басшылардың 

әлсіз қимылдарын керек қылмады. Жорық барысында Бек-Мұхаммед бастаған қырғыз жасағы Қашқарға 

қашып барып, Бузрук-қожа атынан Якуб-бекті барлық міндеттен босатылды деп жариялайды. Қашқарлық 

әскерлер  Жаркентті  тастап  Қашқарияға  оралуына  тура  келді.  Бұл  кезде  қырғыздар  Жаңашарды  басып 

алып  Бузрук-қожаны  кепілдік  ретінде  пайдаланды.  Қамалды  басып  алмақ  болған  Якуб-бек  армиясы 

нәтижесіз  болғандықтан,  ол  Бек-Мұхаммедпен  келіссөз  жүргізуге  мәжбүр  болды.  Келісім  бойынша 

қырғыздар қаладан кетеді, бірақ көшпенділер Бузрук-қожаны өздерімен бірге ала кетеді. Якуб-бек болса 

Катта-төрені  хан  деп  жариялайды,  бірақ  көп  ұзамай  оған  у  беріп  өлтіреді.  Кейін  Қашқарияға  қырғыз 

көшпенділерінен босап Бузрук-қожа оралып, қайта хан деп жарияланады. Бузрук-қожаның тұтқындалуы 

және күтпеген жерден қайта босап шығуы, өз жағдайын жақсартып алған Якуб-бекке қарсы қастандық 

жасау  үшін  оралды  деген  күмән  келтіреді.  Жәңгір-қожаның  ұрпағы  болса,  қашқарлық  әскербасынан 

нақты  және  күшті  бәсекелесті  көрді  (хандық  билікке  үміткер).  Сол  үшін  оны  шектеуге  талпыныс 

жасағаны да рас. Алайда Якуб-бекке қатысты қастандық о бастан-ақ табыссыз болатын.  

Ал  Бузрук-қожа  жергілікті  халыққа  өзінің  шыққан  тегінің  күштілігімен  және  рухани  көсем,  яғни 

Шығыс Түркістан халқына тәуелсіздік алып беріп, мемлекет құруға қабілетті тұлға болып көрінді. Ішкі 

жағдайда қиыншылыққа тап болған қашқарлық хан мемлекеттік істерді жүргізуден шектелді. Сонымен 

бірге  Бузрук-қожа  қандайда  бір  беделді  күштен  қолдау  таба  алмады.  Якуб-бек  құрған  армия  болса 

қашқарлық  әскербасы  жағында  болды.  Мүмкін  осы  себептен  шығар  Қашқарияның  билеушісі  намангер 

рөліндегі көшпенді-қырғыздардың көмегіне жүгінді, бірақ олар Якуб-бектің жасағына қарсы шығуы екі 

талай  еді.  Сөйтіп,  Бузрук-қожаның  алаяқтық  әрекетінен  түк  шыққан  жоқ.  Нәтижесінде  осы  уақытта 

қашқарлық ханның болашағы анықталған болатын. 

Якуб-бек болса Бузрук-қожаның хандық билігін қалпына келтірді, сөйтіп, оны толықтай өз ықпалына 

бағындырып алды. Оны өз жағына қауіпсіздендірген соң белсенді әскери қимылға көшеді, нәтижесінде 

қалаларды  басып  алып,  оларды  қашқарлық  иеліктеріне  қосып  отырды.  Қазақтардың  бүлігін  басқаннан 

кейін Якуб-бектің жасағы Маралбасы бекінісіне орналасқан күшіндік жасақты талқандайды. Ары қарай 

Жаркентке  жорыққа  дайындала  бастайды.  Якуб-бек  Жаркент  аймағының  билеушісі  Нияз-бекпен  құпия 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   431   432   433   434   435   436   437   438   ...   493




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет