Kazakh national pedagogical university after Abai хабаршы вестник bulletin «Тарих және саяси-әлеуметтік ғ ылымдар»



Pdf көрінісі
бет475/493
Дата06.01.2022
өлшемі9,77 Mb.
#13132
1   ...   471   472   473   474   475   476   477   478   ...   493
Байланысты:
2018 №3 Абай аты ҰПУ хабарщыс

ВЕСТНИК КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №3(58), 2018 г. 

390 


[1,  11],  -  делінген  пікірлері  ОГПУ  қызметкерлерінің  құлағына  жеткен.  Әрі  қарай  жас  студенттер  өз 

замандастарының  ортасында:  «совет  өкіметі  келгенге  дейін  қазақ  ауылы  қиыншылық  көрді  деп  өтірік 

айтады, қайта совет билігі келген соң нағыз алапат қайыршылықты бастан кешудеміз» деген болса керек. 

Әсіресе,  Абай  Құнанбаев,  Мағжан  Жұмабаев  еңбектерін  сүйіп  оқыған  студент  Тәңірберген  «...олар 

сияқты (Абай, Мағжан ж.б. айтады-авт) адам сезіміне жетерліктей өлеңдерді қазіргі пролетарлық ақындар 

шығара алмайды, қазіргі ақындар босқа тырысып-бағып жүр, оларынан бәрібір түк шықпайды», сонымен 

қатар «қазақтарда ақылды философтар жоқ, олардың бәрі абақтыда отыр» деп шын мәніндегі жағдайды 

көрсеткені де құпия бөлім қызметкерлеріне жеткен.  

 Социалистік  қоғамды  құрушылар  студенттерді  арзан  жұмыс  күші  ретінде  мақта  теру,  завод-

фабрикалардағы  ауыр  жұмыстарға  жегіп  пайдаланғаны  да  баршаға  мәлім.  Ол  жөнінде  де  Ахметов 

Тәңірбергеннің  айтқандары  құпия  бөлім  қызметкерлерінің  талдауына  түскен:  «...студенттерді  ауыр 

жұмыстарға салады, 5-6 студенттің өліміне Пахта Аралдағы жұмыс тікелей себепкер болып отыр дейді 

Ахметов.  Ол  әсіресе  студенттер  арасына  Қарағанды,  Риддер  практикасынан  кейін  барлық 

практиканттардың  туберкулезге  шалдығып  келетінін  айтып  жүрген  сыңайлы.  Сол  себепті  қазір 

студенттердің басым көпшілігі түрлі анықтамалар әкеліп, практикаға бармай қалудың жолына түскен. Бұл 

қастандық қой!» [1, 11]. Ал шын мәнінде Ахметовтың бұл сөздерінің барлығы да шындық еді. ҚР ОМА-ң 

№  1142  қорында  тіркелген  КазПИ-дің  бұйрықтарынан  опат  болған,  туберкулезбен  де  ауырғандардың 

есімдерін көптеп кездестіруге болады [1, 3]. Қараңыз: 1931 ж. 7 наурызында 1 - курс студенті Ботпаев 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   471   472   473   474   475   476   477   478   ...   493




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет