университетке жеткен бұйрық-хатта (ОГИЗ – РСФСР. Баспа институты): « «ОГИЗ» редакциялық-баспа
Институты Сіздерде оқыған, бай-кулактың баласы ретінде оқудан шығарылған Зейнулла Шашкин туралы
Тез арада Шашкин Зейнулла туралы барлық мәліметтерді Москва, Мясницкая 21/8 адресі бойынша
Институт Секретариаты: қолтаңба анық көрінбейді)» [1, 33], - делінген хатты Алматыға КазПИ-ге
жолдайды. Алайда осыдан кейін қандай жауап түскені, оның тағдыры әрі қарай қандай жағдайда –
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар» сериясы, №3(58), 2018 ж.
393
өрбігені бізге беймәлім, бірақ Зейнолла Шашкиннің ғұмырнамалық анықтамасы көрсетілген еңбектерде
1930-1933 жылдары Москва тарих, философия және әдебиет институтын үздік оқып бітіргені көрсетіледі.
Дарынды жазушы, драматург, дәрігер, ғалым 1938-1948 жылдар аралығында көптеген зиялы өкілдері
секілді сталиндік репрессияға ұшырайды. Иркутск қаласына 10 жылға жер аударылады. Өзінің сүйікті
кәсібі жазушылық жұмысына шектеу қойылған Зейнолла Шашкин айдауда жүріп дәрігерлік қызметті
жоғары деңгейде игереді. 1966 ж. өмірден озады [3, 1-4].
ҚазПИ студенті Адыев Мұса ОГПУ назарында. Тура осы мазмұнда университеттің келесі бір
студенті Адыев Мұсаның да құпия бөлім қызметкерлерінің тырнағына іліккенін көреміз. Оның әкесінің
екі бу диірмені, 4 сиыры, 6 жылқысы бар «бай» адам болса керек. Мұса қазақ жерінде білім ошағы бой
көтерген соң, балаларын оқыту мақсатында 6 жылқысымен, 3 темір шанасымен (железные ходоки)
Алматыға келген. Оған дейін ол «Қазақстан» колхозына 1 жылқысымен өткен екен, ал қалған малын
сатқан. Міне сол үшін ВЛКСМ өлкелік комитеті шұғыл түрде осы фактілерді тексеруге алып, оның ізіне
қайта түседі. Сөйтіп соңында «29/ІҮ -32 г. Шұғыл түрде. Каз.Г.У.» делінген хат даярланады [1, 31].
Міне осылайша бақылау органдары түрлі әдіс-құралдарымен университеттің берекесін кетірді.
Университеттің құпия бөлімі тіпті, ПП ОГПУ-дан (1931 жылы 8 тамызда) құпия іс-құжаттарымен жұмыс
жүргізу инструкциясын сұратып бұл салада кәсіби біліктілігін шыңдап отырды [1, 17].
Бұл советтік жүйеде орын алған жағдай өз студенттерімен күрес жүргізген университеттің
ағартушылық қызметіне тым лайықсыз істер еді. 20-30 жылдардағы университет өмірінде білім
алушылардың стипендиясынан айыру, жатақханадан қудалау, ОГПУ қызметкерлеріне өз студенттерін
«бай-кулактар», «халық жауларының балалары» деген айыппен жазалауы, сосын оқудан босату сияқты
науқанға ерекше толы кезең болды. Сондықтан студенттердің институттағы күнделікті өмірі ылғи да
психологиялық үрей мен саяси қысым жағдайында өтіп жатты ...
20-30 жылдардағы Алматы қаласы тұрғындарының естеліктерінен. Тек студенттер емес, 20-30
жылдардағы Алматы қаласының қарапайым тұрғындарының да күн көруі ауырлап кетті. Мысалы қала
ішінде бұзақы орыс-казактарының сорақылығы жөнінде айтылған интернет желісінен алынған естелік
материалдары оған дәлел бола алады: «...1928 жылы Алма –Атада университеттің ашылуы қаланың
астана болуының алғашқы белгісі еді. Келесі жылы Алматыға Қызыл-Ордадан республика әкімшілігі
көшіп келді... Алғашқы КазГос университет 1930 жылға дейін осындай ауыр жағдайда болды. Қазір ол
Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті болып табылады. Ал бұрын КазПИ болды. Біздің
өміріміз ауыр болды. Жатақханамыз біреу ғана, Төлебаев көшесінің бұрышында (бұрынғы Фонтанная
және Максим Горький көшесінің қиылысында, бір көпестің бір жарым этаждық үйі болды. Сонда тұрдық.
Жарық жоқ. Түнде жүру аса қауіпті болатын. Қалада орыс-казак жастары топ-топ болып жүретін. Біз
оларды кучугуровцы деп атайтынбыз», - делінсе, екінші кісі бұл естелікті толықтыра түсіп былай дейді:
«Бұл естеліктер менің әжемнің естеліктерімен қатты сәйкес келеді. 1930 жылы олар Алма-Атаға көшіп
келген. Алғашында олар жатақхана-барақта тұрған. Олар ылғи да «басмачтар» өлтіріп кетеді деп
үрейленіп өмір сүрген екен [4], - дейді...
ҚазПИ аспиранттарының тізімі (1931 ж): әлеуметтік сипаты. Тарауда білім беру ісімен қатар
ғылыми кадрлар даярлау жұмысын қатар жүргізген КазМПИ-дің ғылымдағы күнделіктілігіне талдау
жасалмақ. Тарау тақырыбынан байқап отырғанымыздай 30-жылдарда оқытушыларға, студенттерге
жасалынған репрессиялық шабуыл аспиранттар өмірін де шарлап өткені байқалып тұр. Міне осындай
мақсатпен даярланған аспиранттардың әлеуметтік тегі таратылған тізімге назар аударсақ. РСФСР ХАК
қызметкерлеріне бұл мәліметті жолдай отырып ҚазМПИ директоры Золиев мынадай мазмұнда хат
жолдайды: «ҚазПИ-дің 3 ғылыми қызметкерлері мен 3 аспирантының кадрлар бөлімінде тіркелген
мінездемесін жолдаймыз. Институтта қызметкерлердің әлеуметтік тегі туралы мәліметтер тіркелмеген.
Сонымен қатар бізде мұндай тіркеу жұмысын жасайтын арнайы мамандар қарастырылмаған. Мына
құжаттарды институт қызметкерлері қосымша жұмыс ретінде даярлағанын хабарлаймыз», - деп директор
Золиевтің және оқу бөлімінің қызметкері м.атқ. Еськовтің фамилиясы көрсетілген [5, 28].
Алайда тізімде тек аспиранттардың ғана емес, аспирантураға үміткер белсенді студенттердің де
фамилиялары тіркелген:
1. Джубанов – қазақ, шаруаның баласы, бұрынғы педагог, Педфакты және
САГУ-ды бітірген, аспирант, Ғылым Академиясында оқиды, идеологиялық тұрақты, жақсы
қоғамтанушы (общественник).
2. Потапова Анна К. – аспирант – орыс, ВЛКСМ мүшесі, Герцен атындағы
Ленинград Педвуз-ын бітірген, идеологиялық тұрақты, қоғамдық жұмыстарға белсене қатынасады,
ізденіс жолындағы адам, қызметкерлер әулетінен.