Казақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі ғ. Ж. Медеуова экотоксикология


  Өндірістегі  шумен,  инфра  және  ультрадыбыспен  күрес



Pdf көрінісі
бет20/122
Дата06.01.2022
өлшемі11,04 Mb.
#15190
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   122
6.  Өндірістегі  шумен,  инфра  және  ультрадыбыспен  күрес 
жүргізу.  Өндірістегі  қатты  және  серпімді  денелердің  тербелісі 
нәтижесінде  шу  пайда  болады.  Шу  дегеніміз  –  бұл  әр  түрлі 
физикалық денелердің ретсіз өзгеретін, жиілігі мен күші түрліше 
дыбыстарының  жиынтығы,  ол  герцпен  (Гц)  өлшенеді. 
Тербелістер  жиілігі  3  диапазонға  бөлінеді:  инфрадыбыстық  –  20 
Гц-ке  дейін,  адамның  құлағы  сезетін  –  дыбыстық  –  20  Гц-тен         
20 кГц-ке дейін және ультрадыбыстық – 20 кГц-тен жоғары. 
  Қазіргі өндірісте 45 Гц-тен 11 кГц-ке дейінгі диапазондағы шу 
жиі  кездеседі.  400  Гц-ке  дейінгі  жиіліктегі  дыбыстар  басым 
болатын шу төмен жиілікті, 400 – 1000 Гц жиілікте – орташа, ал 
1000 Гц-тен астамы – жоғары жиілікті шуға жатады. 
  Адамның есту анализаторлары қабылдайтын ең аз дыбыс күші 
немесе дыбыс қысымы есту сезімінің табалдырығы деп аталады. 
Ол жиілігі 1000 Гц стандартты үн үшін 10
-12
 Вт/м
2
 болады. Дыбыс 
күшінің  өсуі  белгілі  бір  шамаға  дейін  оның  қаттылығы-ның 
күшеюі  сияқты  сезіледі,  одан  жоғарыласа,  ауыру  сезімі  туады. 
Бұл  дыбыс  күші  ауыруды  сезіну  табалдырығына  -10
2
  Вт/м
2
-ге 
сәйкес келеді. 
  Адамның  есту  мүшесі  дыбыс  қысымының  айырмашылығын 
емес,  дыбыс  қысымының  немесе  дыбыс  күшінің  өзгеру  есесін 
ажыратады,  сондықтан  дыбыстың  күшін  бұл  көрсеткіштің 
абсолютті 
мәнімен 
емес, 
өлшенген 
шаманың 
естілу 
табалдырығына қатынасымен бағалайды. Естілу табалдырығынан 


 
 
44  ЭКОТОКСИКОЛОГИЯ 
ауыруды  сезіну  табалдырығына  дейінгі  диапазондағы  дыбыс 
қысымының есту табалдырығына қатынасы миллион есе өгереді. 
Сондықтан өлшеу бағанын – шкаласын азайту үшін ең объективті 
және  естіп  қабылдаудың  физиологиялық  ерекшеліктеріне  сәйкес 
келетін салыстырмалы логарифмдік бағанды қолданады. 
  Бүкіл  ағзаға  зиянды  әсер  ететін  факторлардың  бірі  –  шу. 
Тұрмыстағы  және  көліктегі  шу  адамға  көп  әсер  етеді,  бірақ  ол 
уақытша,  оқтын-оқтын  ғана  әсер  ететін  тітіркендіргіш  болады. 
Өндірістік  шу  бүкіл  жұмыс  ауысымы  бойында,  күні  бойы,  күн 
сайын, бүкіл еңбек өтілі бойына адаммен бірге болады. Айталық, 
токарьлардың жұмыс орнындағы шу деңгейі 84 дБа болса, темір 
ұсталары мен қалыпқа құюшыларда – 115 дБа құрайды. 
  Шудың  ағзаға  әсері  есту  мүшесінің  зақымдануына  себепші 
болады.  Оның  орталық  жүйке  жүйесіне  әсері  барлық  жүйке 
реакцияларын  бәсеңдетеді,  белсенді  зейін  қою  уақытын 
қысқартады,  еңбекке  қабілеттілік  пен  жұмыс  сапасын 
төмендетеді,  ұйқы  режимін  бұзады,  есте  сақтауды  нашарлатады, 
адамды ашушаң етеді. 
  Өндірісте  жұмысшыларды  шудың  әсерінен  ойдағыдай  қорғау 
үшін  әр  түрлі  шаралар  қолданылады.  Технологиялық  шаралар 
шулы операцияларды шуы аз операциялармен алмастырып, оның 
деңгейін  айтарлықтай  төмендетуге  мүмкіндік  береді.  Мысалы, 
шегелеу  машинасының  көмегімен  бөлшектерді  шегелеуді 
электрлік  дәнекерлеумен  немесе  гидравликалық  біріктірумен 
алмастыру шуды әлдеқайда азайтады. 
  Техникалық шаралармен шумен күресу 3 бағытта жүргізіледі: 
шуды  пайда  болатын  орнында  басу,  шуды  шу  көзінен  жұмыс 
орнына  дейінгі  таралу  жолында  азайту,  жұмысшыны  тікелей 
қорғау.  Шуды  шу  көзінің  өзінде  азайтуға  оған  қауіпсіз 
техникаларды  қолдану,  акустикасы  төмен  материалдарды 
(текстолит,  капрон,  пластмасса  бөлшектер)  пайдалану,  шуды 
оқшау-лайтын  қаптамалар  қолдану,  компрессор,  желдеткіштер 
шуын дыбыс сөндіргіштермен бәсеңдету жақсы нәтиже береді. 
  Акустикалық  экрандарды,  дыбысты  сіңіретін  заттарды 
қолдану,  бөлмелер  арасында  дыбыс  өткізбейтін  қалқалар 
орналастыру,  дірілді  оқшаулауыш  пен  сіңіретін  құралдарды 


 
 
 
45
 
пайдалану  шудың  таралуын  азайтады.  Дыбыс  толқындарының 
таралуын  азайту  үшін  шулы  цехтар  созылыңқы  пішінді,  төбесі 
едәуір (биік 6 – 7 м) болып тұрғызылуы тиіс. Шулы цехтар шусыз 
цехтардан қашық орналастырылуы керек. 
  Өндірісте  шу  деңгейі  жоғары  болатын  жағдайларда  жеке 
басты  қорғайтын  құралдар  –  құлаққап,  дулыға,  қызметкерлер 
үшін 
қашықтан 
басқарылатын 
оқшаулауыш 
кабиналар 
жабдықталуы  тиіс.  Жұмыста  қосымша  үзілістер  жасау  және  шу 
әсерінің  ұзақтығын  шектеу  шаралары  шудың  зиянды  әсерін 
төмендетуге мүмкіндік береді. 
  Шулы  жұмыстарға  жасы  18-ге  толмағандар  қабылданбайды, 
өйткені 
кәсіби 
құлақ 
мүкістігі 
ересектерге 
қарағанда 
жасөспірімдерде тез дамиды. 
  Құлаққа естілетін дыбыс пен инфрадыбыстың әсерін ажырату 
мүмкін  емес,  себебі  олар  қатар  жүреді.  Инфрадыбыстың  табиғи 
көздеріне  жер  сілкінуі,  жанартау  атқылауы,  теңіз  дауылдары 
және  т.с.с.  жатады.  Инфрадыбыс  дегеніміз  –  бұл  20  Гц  жиілік 
диапазондағы 
адам 
құлағына 
естілмейтін 
акустикалық 
тербелістер мен олардың жиынтығы. 
  Инфрадыбыс іштен жанатын двигательдерде, желдеткіштерде, 
мұнай  тозаңдатқыштарда,  компрессорларда,  турбиналарда  пайда 
болады, 
өндірістегі 
инфрадыбыстың 
әсері 
жеткілікті 
зерттелмеген.  Мұндай  ортада  жұмысшылардың  басы  айналуы 
және  ауруы,  жүрегі  айнуы,  қалтырап  тоңуы,  аузы  құрғауы, 
таңдайы  мен  бет  терісі  ұйып  қалуы,  психикалық  ауытқуы,  түрлі 
реакциялары пайда болуы мүмкін. 
  Адам  құлағы  естілмейтін,  жиілігі  20  кГц-ден  астам 
тербелістер  мен  толқындар  ультрадыбыстар  деп  аталады. 
Олардың  әсер  етуінен  газ  тәрізді  және  сұйық  орталардың 
шекарасында  газ  немесе  бу  көпіршіктері  пайда  болып,  олардың 
жарылуынан көп мөлшерде энергия бөлінеді. 
  Бүгінде  халық  шаруашылығында  ультрадыбыс  кеңінен 
қолданылады.  Төмен  жиілікті  ултрадыбысты  тербелістер  (100 
кГц-ке дейінгі) жанама жолмен және ауа арқылы таралады. Олар 
материалдарды 
тазарту, 
зарарсыздандыру, 
дәнекерлеу, 
механикалық және термиялық өңдеуде, медицинада (хирургияда, 


 
 
46  ЭКОТОКСИКОЛОГИЯ 
сте-рильдеу  үшін  және  т.с.с.)  қолданылады.  Ал  тек  жанасу 
арқылы  таралатын  жоғары  жиілікті  ултрадыбыс  (100  кГц  –  100 
мГц)  затты  бұзбай,  оның  ішін  бақылау  және  өлшеу  үшін, 
медициналық 
диагностика 
және 
емдеу 
мақсатында 
пайдаланылады. 
  Ультрадыбыстық  тербелістерден  жеке  басты  қорғау  үшін: 
тербелістер  күшті  ортада  тығыз  мақта-матадан  жасалған 
қолғаптар,  сұйық  ортада  –  ішкі  қолғаптар  мақта-матадан, 
сыртқысы  –  тығыз  резеңкеден  жасалуы  тиіс.  Мұндай  ортада 
мерзімді уақыттан артық жұмыс істеуге болмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет