Казақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі ғ. Ж. Медеуова экотоксикология



Pdf көрінісі
бет28/122
Дата06.01.2022
өлшемі11,04 Mb.
#15190
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   122
 
 
 
 
 
 
 


 
 
62  ЭКОТОКСИКОЛОГИЯ 
 2-кесте 
Кейбір химиялық элементтердің тірі организмдер 
тіршілігіндегі рөлі 
 
Химиялық 
элементтер
 
Олардың тірі организмдер үшін 
биологиялық маңызы
 
1. Көміртек (С)
 
2. Сутек (Н)
 
Судың  және  органикалық  заттардың 
(нәруыздардың,  нуклеин  қышқылдарының, 
көмірсулардың,  липидтердің)  құрамында 
болады
 
3. Оттек (О)
 
4. Азот (N)
 
Органикалық заттардың түзілуіне қатысып, 
олар атқаратын қызметтердің жүзеге асуын 
қам-тамасыз етеді
 
5. Натрий (Na)
 
Клеткалардағы  қозу  процесіне  қатысады, 
клеткадағы  осмостық  қысымды  және  ішкі 
ортаның  рН-ын  реттеп  отырады,  бүйрек 
жұмысының  қалыпты  жағдайда  болуын 
қамтамасыз етеді
 
6. 
Кальций 
(Са)
 
Сүйек  ұлпасының  құрамында  болады, 
қанның  ұюын  және  бұлшық  еттердің 
жиырылуын реттейді
 
7. Калий (К)
 
Жүйке 
клеткаларының 
қозғыштығын 
реттейді,  қозу  импульстерін  өткізуге 
қатысады  және  бұлшық  еттердің  қалыпты 
жиырылуына ықпал жасайды
 
8. Хлор (Cl)
 
 
Қарын  сөлі  рН-ының  қалыпты  болуын 
реттейді,  қан  плазмасындағы  осмостық 
қысымның  қалыпты  жағдайда  болуын 
қамтамасыз етеді.
 
9. Фосфор (Р)
 
Сүйек  пен  тістің  құрамында  болады,  АТФ, 
НАДФ 
және 
фосфолипидтердің 
реакциясына қатысады
 
 
10. Темір (Fe)
 
Қан  құрамындағы  гемоглобиннің  тұрақты 
құрылымы,  бұлшық  еттердегі  миоглобин 
құрамында 
болады, 
электрондардың 
тасымалдану 
реакцияларында 


 
 
 
63
 
ферментердің қызметін реттейді.
 
11. Йод (І)
 
Қалқанша  безі  гормондарының  құрамында 
болады
 
12. Мыс (Сu)
 
Қан  клеткалары  мен  гемоглобиннің  түзілу 
процестеріне қатысады
 
13. Фтор (F)
 
Тіс ұлпаларының құрамында болады
 
14. 
Магний 
(Mg)
 
Хлорофилдердің, 
коферменттердің 
құрамында  кездеседі,  ДНҚ-ның  түзілуіне 
қатысады  және  энергетикалық  алмасудың 
белсенділігін артты-рады
 
 
15. Күкірт (S)
 
Аминқышқылдардың, 
нәруыздардың 
(инсулин) 
және 
витаминдердің 

1

құрамында 
болып, 
олардың 
түзілуін 
реттейді
 
 
16. 
Мырыш 
(Zn)
 
Организмнің  өсуі  мен  дамуының  қалыпты 
болуына қажетті ферменттердің құрамында 
кездеседі
 
17. 
Кобальт 
(Со)
 
В
12
 витаминінің құрамында болады
 
18.  Марганец 
(Mn)
 
Майқышқылдарының  тотығу  процестері 
үшін қажет және тыныс алу мен фотосинтез 
процестерінің  қалыпты  жүруін  қамтамасыз 
етеді
 
 
     Қазіргі  кезде  ғылымға  белгілі  120-ға  жуық  химиялық 
элементтердің  80-ге  жуығы  тірі  организмдердің  құрамында 
кездеседі.  Осылардың  ішінде  27  химиялық  элементтердің  тірі 
организмдерде 
атқаратын 
қызметтері 
толық 
анықталып 
дәлелденген.  Ал,  40-қа  жуық  химиялық  элементтердің  тірі 
организмдер  тіршілігі  үшін  атқаратын  қызметі  жайында 
болжамдар жасалған. 
     Химиялық 
элементтердің  тірі  организмдер  кездесетін 
мөлшеріне сәйкес химиялық элементтерді 3 топқа бөледі. 
 
1. Макроэлементтер (98 %) – О,С, Н, N 
2. Микроэлементтер (1,9 %) – К, Р, S,Mg,Cl,Ca,Na,Fe 


 
 
64  ЭКОТОКСИКОЛОГИЯ 
3. Ультрамикроэлементтер 
(0,01 
%) 
– 
І,  Си,  Со, 
Zn,Mo,Br,Mn,B және т.б. 
 
     Химиялық  элементтердің  тірі  организмдердің  денесінде 
кездесетін  мөлшері  де  әр  түрлі  болады.  Мысалы,  теңіз 
балдырларының  құрамында  йод,  сарғалдақ  өсімдігінде  литий,  ал 
балдыр-шөп өсімдігінде – радий біршама көптеу болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет