Казақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі ғ. Ж. Медеуова экотоксикология



Pdf көрінісі
бет30/122
Дата06.01.2022
өлшемі11,04 Mb.
#15190
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   122
     6.  Экологиялық  токсикология    –  элементтер  мен  олардың 
қосылыстарының  улылығы  мен  канцерогендігін  (қатерлі  ісік 
тудыратынын),  токсиканттардың  қоршаған  ортадағы  әрекетінің 
биогеохимиялық 
ерекшеліктерін, 
олардың 
таралу 
және 


 
 
 
65
 
метаболизмі 
механизмдерін, 
токсикологиялық 
әсердің 
табалдырық әсерін зерттейтін ғылыми бағыт. 
     Қазіргі  уақытта  токсикологияда  ғылыми  зерттеулер  мен 
олардың  бөлімдерінің  бірнеше  негізгі  бағыттары  айқындалған. 
Олардың зерттеу нысанының сипаттамасы 3-кестеде келтірілген. 
 
3-кесте 
 
Токсикологияның негізгі бағыттарының  
сипатамасы 
(Н.Ю.Келина, Н.В.Безручко. Токсикология в таблицах и схемах. 2009 ж.) 
 
Ғылыми 
зерттеу 
топтары 
Ғылыми 
зерттеу 
бағыттары 
Ғылыми зерттеу 
бөлімдерінің атауы 
Ғылыми зерттеу 
бағыттарының 
зерттеу нысаны 




Негізгі 
Теория лық 
токсикология 
Токсикодинамика, 
токси-кокинетика, 
токсикометрия 
Организм 
мен 
улардың 
өзара 
әрекеттесуінің, 
олардың  токсико-
кинетикасы 
мен 
токсикодинамика-
сының  негізгі  заң-
дарын 
анықтау 
проблемалары 
 
Профилактикал
ық токсико-
логия 
Коммуналдық, 
тағамдық, өнер-
кәсіптік, ауыл-
шаруашылық және 
тұрмыстық 
бөлімдер 
Қауіптілік 
дәрежесін  анықтау 
проблемалары 
және 
адамға 
қоршаған  ортадағы 
химиялық 
заттардың 
токсикалық 
әсер 
етуін 
болдырмау 
және  одан  қорғану 
әдістері 
 
Клиникалық 
токсикология 
Химиялық қосы-
лыстардың 
токсикалық 
мөлшерінің бір 
Химиялық 
этиология 
аурулары, яғни 
адамның қоршаған 


 
 
66  ЭКОТОКСИКОЛОГИЯ 
сәттік әсер етуінен 
туындайтын шұғыл 
химиялық аурулар 
(улану) 
токсикологиясы 
ортадағы химиялық 
қо-сылыстардың 
токсикалық әсер 
етуі салдарынан 
пайда болатын 
химиялық 
аурулары 
 
 
Токсикалық 
заттардың ұзақ 
уақыт және әлдене-
ше рет әсер етуінен 
туындайтын 
созылмалы 
химиялық 
аурулардың 
(уланудың) 
токсикология сы 
 
 
 
Адамның  есірткілер 
деп аталатын 
токсикалық 
заттардың кейбір 
түрлеріне құмарлығы 
зерттеу нысаны 
болып табылатын 
есірткілер токси-
кологиясы және 
олармен күресу 
шаралары 
 
 
 
Организмге дәрі-
дәрмектердің, 
олардың қосалқы 
және зиянды әсе-
рінің (дәрілік ауру) 
терапевтік ин-
дексінің кеңдігін 
анықтауды міндет 
еткен дәрі-дәрмектік 
токсикология, 
дәрілерден уланудың 
алдын алу әдістерін 
 


 
 
 
67
 
жасау 
 
 
Адам организміне 
қондырылатын (қан 
тамыры протездері, 
жүректің жасанды 
клапандары, 
буындар) син-
тетикалық мате-
риалдардың 
биологиялық әсері 
туралы ілім 
 
Арнайы 
Әскери 
токсикология 
Әдетте барлық 
негізгі – теориялық, 
гигиеналық және 
клиникалық 
бағыттардың 
элементтерін 
қамтиды 
 
Токсикалық  заттың 
белгілі бір түрі әсер 
еткен 
ерекше 
жағдай-ларда 
адамдардың  немесе 
жануар-лардың 
улануы 
Авация лық-
ғарыш тық 
токсикология 
Сот-медици-
налық токси-
кология 
 
     7.  Улардың  жіктелуі.  «Улану»  деген  ұғым  тікелей  у  туралы 
түсініктен 
туындайды. 
Организмді 
уландыратын, 
яғни 
организмге  шағын  мөлшерде  енудің  өзінде  оның  мүшелерінің 
қызметін айтарлықтай бұза алатын заттар улар деп аталады. 
     Улардың жалпы жіктелу сипаттамасы 4-кестеде көрсетілген. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


 
 
68  ЭКОТОКСИКОЛОГИЯ 
                                                                                                              4-кесте 
Улардың жалпы жіктелуі 
(Н.Ю.Келина, Н.В.Безручко. Токсикология в таблицах и схемах. 2009 ж.) 
 
Жіктеудің 
аталуы 
Жіктеу 
принциптері 
Улардың 
топтары 
Улардың түрлері 




Химиялық 
Удың тегі 
Органикалық, 
бей-органикалық, 
элементоргани 
калық 
Күшән (мышьяк) – 
бейорганикалық улардың 
өкілі 
Практикалық  Удың 
қолданылу 
мақсаты 
Өнеркәсіптік 
улар 
Органикалық еріткіштер 
(дихлорэтан), отын (метан, 
пропан, бутан), бояғыштар 
(анилин), хладагенттер 
(фреон), химиялық 
реагенттер (метил спирті), 
пластифи-каторлар 
 
 
Улы 
химикаттар 
Жәндіктерді жоятын 
инсектицид-тер; кенелерді 
жоятын акарицидтер; 
кеміруші-лерді жоятын 
зооцидтер; саңырау-құлақ 
микроорга-низмдерді 
жоятын фунгицидтер; 
бактериялар үшін – 
бактерицид тер; өсімдіктер 
үшін – гербицидтер, оларға  
сондай-ақ дефолианттар 
(өсімдіктер дің 
жапырақтарын түсіретін) 
және десиканттар 
(құрғататын) жатады; 
жәндіктерді шошытатын 
репелленттер және т.с.с. 
 
 
Дәрі-дәрмектік 
құралдар 
Фармакология- лық 
жіктелуге сәйкес 
 
 
Тұрмыстық 
химиялық 
заттар 
Тағамдық үстемелер 
(сірне қышқылы); 
санитарлық, жеке гигиена 
және косметика 
құралдары; киімді, 
жиһазды, автомобильді 
және т.с.с. күту құралдары 


 
 
 
69
 
 
 
Өсімдіктер мен 
жануарлардың 
биологиялық 
улары 
Әр түрлі өсімдіктер мен 
саңырау-құлақтарда, 
жануарлар мен 
жәндіктерде (жылан, бал 
арасы, шаян) кездесетін 
улар 
 
 
Жауынгерлік 
уландырғыш 
заттар 
Зарин, иприт, фосген және 
т.с.с. 
Гигиеналық 
Экспериментті
к 
деректерге 
сәйкес 
химиялық 
заттардың 
токсика 
лық 
қауіптілігін 
сандық бағалау 
 
Төтенше  улы 
заттар 
Жауынгерлік уландырғыш 
заттар, кейбір қауіпті 
өнеркәсіптік улар мен 
инсектицид-тер, көгерткіш 
қышқылдың көптеген 
туындылары, күшәнді 
ангидрид, күшәнді сутек, 
сынаптың органикалық, 
бейорганикалық 
қосылыстары, стрихнин, 
бруцин, цинхонин және 
т.с.с 

 
 
Аса улы заттар 
Көптеген өнеркәсіптік 
және ауыл-шаруашылық 
улар – метил спирті, 
төртхлорлы көміртек, 
гексахлор-бутадиен және 
т.с.с. 
 
 
Орташа 
улы 
заттар 
 
Өнеркәсіптік улар – 
бензол, фенол, 
инсектицидтер – 
хлорофос, карбофос, 
метилнитро-фос,севин, 
гербицидтер және т.с.с. 
 
 
Шамалы  улы 
заттар 
Метан қатарының 
көптеген көмірсутектері, 
кейбір жай эфирлер 
(диэтил эфирі), фос-
форорганикалық 
пестицидтер, гербицидтер 
– мочевина туындылары 
және т.с.с. 
 
 


 
 
70  ЭКОТОКСИКОЛОГИЯ 
Бақылау сұрақтары 
 
1.  Химиялық  элементтердің  қоршаған  ортаға  таралу  үлесі 
қандай? 
2.  Биогендік химиялық элементтердің таралу үлесі қандай? 
3.  Қоршаған  орта  мен  адам  ағзасындағы  микро-  және  макро-
элементтер туралы не айтуға болады? 
4.  Қоршаған  ортаны  антропогендік  ластаудың  химиялық 
құрамы қандай? 
5.  Кейбір 
химиялық  элементтердің  тірі  организмдер 
тіршілігіндегі рөлі туралы не айтуға болады?  
6.  Улар  қалайша  жіктеледі    Олардың  қандай  топтары  мен 
түрлері белгілі? 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


 
 
 
71
 
IV. БИОСФЕРА – ЕҢ ҮЛКЕН ЖҮЙЕ 
 
1.  Биосфераның  құрылысы,  физикалық  және  химиялық 
қасиеттері.  «Биосфера»  терминін  ғылымға  енгізген  француз 
ғылымы  Ж.Б.Ламарк  оны  1803  жылы  Жер  шарында  тіршілік 
ететін организмдер жиынтығын белгілеу үшін қолданған. 
     «Биосфера»  (гректің  «биос»  −  тіршілік  және  «сфера»  −  шар 
деген сөзінен шыққан) – біздің ғаламшардың тірі ағзалар тіршілік 
ететін кеңістігі, былайша айтқанда, «тіршілік аймағы». 
     1875  жылы  Вена  университетінің  профессоры  Э.Зюсс  Альпі 
тауының құрылысы жөніндегі еңбегінде бұл терминді 72 жылдан 
кейін  жандандырады. 
Ал 
1914 
жылы 
орыс 
ғалымы 
В.И.Вернадский  биосфера  терминін  жер  қыртысындағы  элемент 
туралы  мақаласында  қолданады.  Сөйтіп,  1926  жылы  академик 
В.И.Вернадский  өзінің  «Биосфера»  атты    классикалық  еңбегін 
жариялап, онда биосфера туралы ілімін баяндайды. 
     Бұл  ғалым  Жер  қабығының  негізгі  физикалық-химиялық 
қасиеттерінің  қалыптасуы  мен  сақталуындағы  тірі  заттың  рөлі 
туралы тезисін алғашқы болып ұсынады. Ол Жер массасының кө-
леміндегі 
болмашы 
үлесіне 
қарамастан, 
барлық 
тірі 
организмдердің  жинтығы  геологиялық  эволюцияда,  жер  бетінде 
және  су  қабатында  өтіп  жатқан  күллі  физикалық-химиялық 
үрдістерде зор рөл атқаратынын дәлелдеп берді. 
     В.И.Вернадский  биосферадағы  заттар  әр  түрлі  болғанымен, 
геологиялық  тұрғыдан  өзара  байланысты  заттардың  мынадай  7 
типін бөліп көрсетті: 
     1. Тірі зат – бұл тірі организмдердің жиынтығы. 
     2.  Биогендік  зат  –  бұл  тірі  организмдердің  тіршілік  әрекеті 
нәтижесінде  пайда  болған  геологиялық  жыныстар  –  тас  көмір, 
әктас және т.с.с. 
     3.  Табиғи  зат  –  бұл  тірі  заттың  қатысуынсыз  түзілетін  зат, 
мысалы, жанартау атқылауынан пайда болатын тау жыныстары. 
     4.  Биотабиғи  зат  –  бір  мезгілде  тірі  организмдер  мен  табиғи 
процестердің қатысуымен түзіледі, мысалы, топырақ. 
     5. Радиоактивті зат. 
     6. Шашыраңқы атомдар. 


 
 
72  ЭКОТОКСИКОЛОГИЯ 
     7. Ғарыштық заттар (метеорит, ғарыштық шаң-тозаң). 
     В.И.Вернадский  биосферадан  басты  үш  сфераны  бөліп 
көрсетті: 
     − газ қабықшасы (атмосфера); 
     − су қабықшасы (гидросфера); 
     − қатты қабықшасы (литосфера). 
     Жердің  газ  қабықшасы  –  атмосфера  –  газдардың,  су  буы  мен 
қатты  заттардың  ұсақ  бөлшектерінің  қоспасынан  тұрады. 
Атмосфераның  негізі  –  ең  алдымен,  азот,  оттек,  аргон  және 
көмірқышқыл  газдың  қоспасы  болып  табылатын  ауа  болып 
есептеледі. 
     Өзінің  құрам  бөліктеріне  қарай  биосфера  –  бұл    тірі 
организмдер  қоныстанған  атмосфераның  төменгі  бөлігі, 
гидросфера  және  литосфераның  жоғарғы  бөлігі,  немесе, 
В.И.Вернадскийдің айтуынша, – «тірі заттың таралу аймағы» (7-
сурет) болып табылады. 
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет