Казақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі ғ. Ж. Медеуова экотоксикология



Pdf көрінісі
бет35/122
Дата06.01.2022
өлшемі11,04 Mb.
#15190
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   122
 
 
9–сурет. Биосферадағы көміртек айналымы. (В.И.Иванов, О.В.Васильева, 
Н.В.Иванова. Общая и медицинская экология.  2010 ж.) 
 
     Адам  өзінің  энергетикалық  қажеттіліктерін  қамтамасыз  ету 
үшін  қазба  отынды  көп  мөлшерде  пайдаланады  және  оны  жағу 
арқылы  көміртек  айналымын  жүзеге  асырады  және  атмосфераға 
көмірқышқыл газын қайтарады. 
     Көміртек  айналымы  биосферадағы  оттек  айналымымен 
ажырмастай  тығыз  байланыста  өтеді,  өйткені  оттек  –  бұл  жер 
атмосферасының  құрамында  азоттан  кейін  екінші  орын  алатын 
барынша белсенді газдардың бірі. 
     Оттек 
көптеген 
химиялық 
қосылыстардың 
құрамына 
кіретіндіктен, биосферадағы оның айналымы өте күрделі болады. 
     Азот  айналымында  осы  элементті  жинақтап  сақтайтын 
микроорганизмдер  –  бұршақ  тұқымдас  өсімдіктердің  түйнек 
бактериялары,  кейбір  балдырлар  мен  саңырауқұлақтар  маңызды 
орын  алады.  Олар  азотты  нитраттарға  айналдырып,  басқа 
өсімдіктердің  сіңіруіне  қолайлы  жағдай  туғызады.  Азот  олардан 
қоректік  тізбек  арқылы  экожүйенің  басқа  организмдеріне 


 
 
78  ЭКОТОКСИКОЛОГИЯ 
жеткізіледі.  Олардың  тіршілік  әрекетінің  өнімдері  және  өлі 
денелер  бактериялардың  көмегімен  ыдырап,  азотты  негізінен 
аммоний  түрінде  топыраққа  қайтарады,  ал  оны  кейбір 
бактериялар  кез  келген  өсімдік  сіңіре  алатын  нитриттік  немесе 
нитраттық қалыпқа айналдырады. 
     Азот айналымына қатысты туындайтын кейбір проблемалар да 
баршылық.  Айталық,  адамның  топыраққа  енгізетін  азот 
тыңайтқыштарының  сіңірілетін  шамасы  50  %-дан  аспайды. 
Өзендерге барып қосылатын нитраттар су қоймаларындағы түпкі 
шөгінділердің  көлемі  артуына  әкеп  соқтырады.  Ал  көкөністерге 
нитраттардың 
жинақталуынан 
адам 
организмі 
улануға 
ұшырайды.  Іштен  жанатын  двигательдерде  түзілетін  азот  оксиді 
фотохимиялық  қара  түтінге  қаратұмшаға  (смог)  айналып,  шала 
жан-ған көмірсутек отындарымен жарықта әрекеттескен соң улы 
озон түзеді. Бұған қоса, кейбір аймақтарда  қышқыл жаңбырдың 
40 %-ына дейінгі мөлшері азот оксидінен түзіледі. 
     Қаратұмша  (түтін-тозаң  қоспасы)  –  смог  –  ағылшынның  smog 
–  түтін,  күйе  +  fog  –  қою  тұман  деген  сөздерінен  таралған,  ірі 
қалалар мен өнеркәсіп орталықтарындағы түтін араласқан қалың 
тұман. 
     Бүгінде  қаратұмша  біздің  күнделікті  көрінісімізге  айналған 
нағыз экотоксиканттардың бірі болуда. Қалада тұрғындары көше 
қиылыстарындағы  қарақұрым  ысқа  еш  назар  аудармастан, 
мүңкіген  коктейльді  жұтып  жүре  беруге  мәжбүр  болды.  Одан 
қалай  құтылмақ?  Қаланың  билік  орындары  көптеген  жылдар 
бойы бұл мәселені шешудің айқын шешімін таба алмай келеді. 
     Қаланың  жазғы  аптабынан  және  жаңбырынан  кейін  сәл  де 
болса  ауа  тазарғандай  болғанымен,  көп  кешікпей  бұрынғы 
жағдай  орнына  түседі:  көліктер  кептелісі,  қаратұмша  әдеттегі 
жағдайға  айналады.  Мысалы,  Алматы  қалалық  Табиғат 
ресурстары  және  табиғат  пайдалануды  реттеу  департаментінің 
деректері  бойынша,  2007  жылы  қалада  атмосфера  ауасының  ең 
жоғары  ластану  деңгейі  тіркелген.  Атмосфераның  ластану 
индексі  12,6  болған,  бұл  атмосфера  сапасының  нашарлағанын 
көрсетеді.  Мұндай  ортада  жүріп-тұрудың  қаншалықты  зиянды 
екенін  болжау  үшін  арнайы  маман  болудың  қажеттігі  жоқ. 


 
 
 
79
 
Мұндай  эко-токсиканттардың  ластауы  әсерінен  адамның  тыныс 
алу,  көру  мүшелері,  қан  және  орталық  жүйке  жүйелері  ауруға 
шалдығады.  Оның  үстіне,  Алматы  –  онкологиялық  аурулар 
жөнінде республикада жетекші орында тұр. 
     Қала  өкіметі  оның  ауасының  ластану  проблемасын  шешуге 
бағытталған  шаралар  қабылдауға  әрекет  жасауда.  Алайда  оны 
түбегейлі  шешу  мақсатында  бірде-бір  пәрменді  бағдарлама 
жасалмаған.  Оның  толып  жатқан  себептері  алға  тартылады: 
қаланың қолайсыз және нашар желдетілетін географиялық орны, 
орынсыз 
тұрғызылып 
жатқан 
зәулім 
тұрғын 
үйлер, 
автокөліктердің,  кәсіпорындардың  «шабуылы»  және  т.с.с.  Тағы 
бір  статистикалық  дерекке  тоқталайық:  2007  жылы  Алматы 
атмосферасына 185 мың тонна зиянды заттар шығарылған,  оның 
161,3 тон-насы – қаладағы автокөліктердің үлесіне тиген. Мұнда 
да  көптеген  «көріпкелдер»  ауаны  тазартудың  бір  жолы  –  метро 
стансаларын  салу,  сол  рульді  автокөліктерді  пайдалану  керек 
болды.  Олардың  қаншалықты  пайдалы  болары  да  күмән 
туғызады.  Көптеген  ұсыныстардың  ішінде  қаланың  белгілі  бір 
бөліктерінде  автокөліктердің  жүрісіне  тыйым  салу  қажеттігі 
айтылады.  Қала  басшылығы  өз  тұрғындарына  мұның  мүмкін 
еместігін,  оның  жаңа  кептелістер  мен  басқа  да  қолайсыздықтар 
туғызатынын алға тартады. Жүк көлігін күндіз жүргізбеуге біздің 
экономикамыз дайын емес болып шықты. Қаланы ластап жүрген 
ескі  авто-бустарды  түгелдей  жаңасымен  ауыстыру  да  өте 
қымбатқа түсетін болды. 
     Осылайша,  бұл  проблеманы  шешу  мүмкіндіктеріне  жасалған 
шолу  да  қайта-қайта  тұйыққа  тірелуде.  Іс  жүзінде  қауқарсыз 
болып  шықтық:  қара  түтінді  жоюға  бағытталған  немесе  оларды 
азайту  үшін  айып  салу  мен  тыйым  салудың  кез  келген  әрекеті 
қала 
тіршілігін 
тоқтатындай 
көрінеді. 
Бірақ 
мұнда 
жұртшылықтың алаңдауы бәріне тыйым салуды емес, қала өмірін 
жеңілдетудің сындарлы, тиімді жолын табуды көздейді. 
 
 


 
 
80  ЭКОТОКСИКОЛОГИЯ 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет