Казақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі ғ. Ж. Медеуова экотоксикология



Pdf көрінісі
бет38/122
Дата06.01.2022
өлшемі11,04 Mb.
#15190
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   122
 
А
Н
Т
РОП
О
Г
Е
Н
Д
ІК
 Л
А
С
Т
А
Н
У
 Т
Ү
РЛ
Е
РІ:
 


 
 
84  ЭКОТОКСИКОЛОГИЯ 
     2. Ең қауіпті ластану түрлері.  Көптеген маман ғалымдардың 
пікірлері  бойынша  ғаламдық  және  жергілікті  деңгейлердегі 
қауіпті ластану түрлеріне мыналар жатады: 
     күкірт  диоксиді 
−  өсімдіктерге,  топыраққа  және  су 
айдындарына  қосылатын  күкірт  қышқылы  мен  сульфаттардың 
түзілуіне әсер етеді; 
     канцерогендік  заттардың  көптеген  түрлері  бар.  Олардың 
ішіндегі ең қауіптісі – бенз(а)пирен; 
     мұнай  және  мұнай  өнімдері  –  теңіздер  мен  мұхиттардағы  тірі 
организмдер үшін өте қауіпті болып саналады; 
     диоксиндер  мен  фурандар  –  өте  қауіпті,  әрі  өте  улы  заттар 
қатарына 
жатады. 
Олардың 
 
ішінде 
полихлорлы 
дибензодиоксиндер  мен  дибензофурандарды  ерекше  атауға 
болады.  Тіпті  өте  көп  мөлшердегі  (10
-6
  мкг/кг)  диоксиндер  мен 
фурандар  адам  организмі  үшін  өте  улы  әсер  етіп,  иммундық 
жүйелерге,  ұрықтың  дамуына  және  т.б.  қауіпті  ауруларды 
қоздыра алады; 
     радионуклеидтердің 
(радиоактивті 
заттар) 
– 
табиғи 
жағдайларда  кездесетін  мөлшерінен  ауытқуы  адам  организмі 
үшін  және  жалпы  экожүйелер  үшін  өте  қауіпті  әсер  етеді. 
Радиоактивті  элементтердің  ішінде  ең  қауіптілеріне  стронций  – 
90, цезий – 137, йод – 131, көміртек – 14 изотоптары т.б. жатады; 
     ауыр  металдар  арқылы  ластанудың    соңғы  жылдары  кеңінен 
таралып жатқандығы туралы баспасөз беттерінде  ақпараттар жиі 
жарияланып  жүргендігі  белгілі.  Мұндай  аса  қауіпті  ауыр 
металдарға  сынап,  қорғасын,  кадмий,  күшән  т.б.  жатады.  Олар 
тірі  организмдердің  бір  тобынан  екінші  тобына  қоректік  тізбек 
арқылы  беріліп,  организмдердің  бір  ғана  емес,  бірнеше 
топтарына улы әсер етіп, қауіп төндіреді. 
     Атмосфералық  ауаның  ластануы.  Атмосфералық    ауа  түтін, 
шаң-тозаң  және  тұман  қоспаларынан  түзілетін  түрі  – 
«қаратұмша» (смог) деп аталады. Оның 2 түрін ажыратады: 
1. Қысқы тұман қаратұмша (лондондік тип); 
2. Жазғы тұман қаратұмша (лос-анджелестік тип). 
 


 
 
 
85
 
     Лос-анджелестік  тұмша  көбіне  фотохимиялық  қаратұмша  деп 
аталады.  Бұл  көп  жағдайда  күн  радиациясының    ауа  құрамына 
белсенді  әсері  кезінде  жаз  мезгілінде  байқалады.  Оған  негізінен 
автокөліктерден бөлінетін шығарынды газдар әсер етеді. Өйткені 
АҚШ-тың    Лос-Анджелес  қаласындағы  4  млн-нан  астам 
автокөліктер  тәулігіне  1000  т-дан  астам  азот  оксидін  бөлетіні 
анықталған.  Желсіз  күндері  ауаға    қосылған  шығарынды  газдар 
өте  улы  әрі  өте  қауіпті    фотооксиданттарды  (озон,  органикалық 
улы  заттар,  нитриттер  т.б.)  түзеді.  Мұндай  улы  қосылыстар  ас 
қорыту  және  тыныс  алу  мүшелерінің  кілегейлі  қабықтарын 
тітіркендіріп, қауіпті аурулардың пайда болуына әкеп соқтырады. 
 
     Топырақтың ластану көздері: 
 
1. Пестицидтердің әсерінен ластану; 
2. Минералдық тыңайтқыштардың әсерінен ластану; 
3. Өндіріс орындарынан бөлінетін қалдық заттардың әсерінен 
ластану; 
4. Газды-түтінді шығарынды заттардың әсерінен ластану; 
5. Мұнай және мұнай өнімдерінің әсерінен ластану. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет