Казақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі ғ. Ж. Медеуова экотоксикология



Pdf көрінісі
бет50/122
Дата06.01.2022
өлшемі11,04 Mb.
#15190
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   122
     4. Қала және адамның денсаулығы. Қала ең ірі және табиғи 
ортадан  өзгеше,  көптеген  параметрлері  бойынша  күрделі 
экологиялық орта. Онда техногенді қуаттың зор концентрациясы 
жинақталған. 
     Қазір  әлем  қалаларында  бүкіл  ғаламшардағы  халықтың 
жартысына жуығы шоғырланған. Соңғы 45 жылда қала халқының 
саны 720 млн адамнан 1540 млн адамға дейін өскен, яғни 35 есе 
артқан.  Бұған  қоса,  қалалар  ұдайы    іріленуде.  Қалалықтардың 
үлесі  артуын  көрсететін  урбандалу  процесі  ондағы  халық 
санының  өсуін  ғана  емес,  сондай-ақ  олардың  өмір  салтын  да 
өзгертуде. 
      Қала  жағдайы  адамның  денсаулығына,  гигиенасына  көбіне 
қолайсыз  әсер  етеді.  Атмосфераның,  судың,  азық-түлік 
өнімдерінің,  күнделікті  қажетті  заттардың  ластануы,  өнеркәсіп 
пен  көліктің  қалдықтары,  электрмагниттік  өріс,  діріл,  шу, 
тұрмыстың  химиялануы,  түрлі  ақпараттар  тасқыны,  уақыт 
тапшылығы,  көлік,  кептеліс  проблемасы,  гиподинамия,  қысым, 
уақтылы  және  дұрыс  тамақтанбау,  криминогендік  ахуалдың 
өрістеуі, дағдарыс зардаптары – осылардың барлығы қосыла келе, 
адамның  жүйке  жүйесін  тоздырып,  денсаулығын  бұзатын 
факторлар болуда. 
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет