Казақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі ғ. Ж. Медеуова экотоксикология



Pdf көрінісі
бет58/122
Дата06.01.2022
өлшемі11,04 Mb.
#15190
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   122
     2.  Пестицидтердің  жіктелуі.  Пайдаланылатын  мақсаттарына 
қарай  пестицидтер  жоғарыда  атап  өткеніміздей,  мынадай  бірне-
ше санатқа жіктеледі: 
– инсектицидтер – насекомдарды; 
– гербицидтер – арамшөптерді; 
– родентицидтер – кемірушілерді; 
– нематоцидтер – топырақтың паразиттік құрттарын; 
– аскарицидтер – зиянкес кенелерді; 
– фунгицидтер  –  өсімдіктерді  саңырауқұлақ  ауруларынан 
қорғау үшін қолданылады.  
     3.  Пестицидтердің  тірі  организмдерде  өзгеріске  ұшырауы. 
Пестицидтердің  тірі  организмдерде  бастапқы  препарат  күйінен 
ыдырау  өнімдеріне  айналуға  дейінгі  өзгеру  жолын  талдап  бі-
лудің ғылыми және практикалық зор маңызы бар. Бұл шара жан-
уарлар  мен  өсімдіктердің  бейімделу  тетіктерін  анықтап  қана 
емес,  сондай-ақ  белгілі  бір  қасиеттерге  ие  болған  жаңа 
пестицидтерді 
табуға 
мүмкіндік 
береді. 
Олардың 
ең 


 
 
 
121
 
маңыздылары:  ұзақ  сақталғыштығы,  ол  адам  мен  үй 
жануарларына қауіпсіз қарапайым химиялық қосылыстарға дейін 
толық  немесе  ішінара  ыдырауымен  сипатталады;  адам  мен 
жануарларға 
созылмалы 
шамалы 
уыттылығы; 
пайдалы 
организмдерге  қатысты  талғамалы  әсер  етуі;  мутагендік  және 
басқа  осындай  әсерлерінің  жоқтығы;    азық-түлік  өнімдерімен 
қоса  препараттың  аз  мөлшері  қабылданғанда  теріс  әсерінің 
жоқтығы. 
     Хлорсутектер.  Ауыл  шаруашылығында  хлорорганикалық 
инсектицидтердің ДДТ, метоксихлор, альдрин, гептахлор, эндрин 
секілді  түрлері  қолданылады.  Айталық,  ДДТ  мен  оның  ыдырау 
өнімдері  іс  жүзінде  организмнен  шығарылмай,  оның  май 
ұлпаларына жинақталады. Бұл олардың гидрофобтық сипаты бар 
екенін  аңғартады.  Ал  метоксихлор  сүтқоректі  жануарлардың 
организмінде  жинақталмайды.  Мұның  себебі  –  гидрофильдік 
топтары  бар  метаболиттердің  түзілуі.  Бұл  процесте  түзілетін 
заттар  тіршілік  әрекетінің  өнімдерімен  организмнен  оңай 
шығарылады. 
     Фосфорорганикалық 
пестицидтер. 
Осы 
заманғы 
пестицидтерден  инсектицид,  аскарицид,  нематоцид,  фунгицид, 
гербицид, 
өсімдіктердің 
өсуін 
реттеуіштер 
секілді 
фосфорорганикалық қосылыстар өте көп мөлшерде қолданылады. 
     Мұндай  қосылыстар  метаболизмінің  өнімдері  –  фосфор 
қышқылы 
мен 
молекулаларының 
эфирлі 
бөліктерінің 
ыдырауынан пайда болатын заттар. 
     Осындай  топтарға  жататын  кейбір  аса  белгілі  пестицидтердің 
түр  өзгертуіне  мысал  ретінде  дихлофосты  қарастыруға  болады. 
Дихлофос – тұрақсыз, өзгергіш зат, төмен температурада (4 – 12
0
 
С)  сумен  оңай  гидролизденеді.  Ол,  мысалы,  балықтың 
организмінде  фосфор  қышқылына  дейін  ыдырайды  да,  одан  соң 
гидролиз  бен  тотығу  нәтижесінде  тұз  қышқылы  мен  қымыздық 
қышқылына айналады. 
     Синтетикалық  инсектицидтер.  Олардың  ең  жаңа  түрлері  – 
пиретроидтар  бастапқыда  табиғи  материалдан  бөліп  алынған. 
Қазір  синтетикалық  жолмен  олардың  бірқатар  күшті  әсер  ететін 
түрлері  шығарылған.  Табиғи  пиретрин  І  түймедағы  өсімдігінің 


 
 
122  ЭКОТОКСИКОЛОГИЯ 
сығындысынан  алынған,  колорадо  қоңызын  жою  үшін 
қолданылады.  Бұл  мөлшері  адам  мен  басқа  жылу  қанды 
организмдер үшін аса қауіпті емес. Олардың метаболизм өнімдері 
суда  жақсы  еритіндіктен,  тіршілік  әрекетінің  өнімдерімен 
организмнен 
тез 
шығарылады. 
Метаболизм 
өнімдерінің 
уыттылығы  бастапқы  заттар  өнімдерінің  уыттылығынан  кем 
болады.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет