Казақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі ғ. Ж. Медеуова экотоксикология



Pdf көрінісі
бет6/122
Дата06.01.2022
өлшемі11,04 Mb.
#15190
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   122
 
 
 
 


 
 
10  ЭКОТОКСИКОЛОГИЯ 
1-кесте 
Кейбір заттардағы ШРК мәндері 
(мг/м
3

 
ШРК 
енгізілген 
жылдар
 
 
Өндірістік үй-
жайлардағы ауаға 
арналған ШРК, мг/ 
м
3
 
Иондаушы радиация мөл-
шерінің шекті қуаты
 
бензол
 
 
анилин
 
енгізілген 
жылы
 
бэр/апта
 
1930
 
1954
 
1964
 
1972
 
200
 
50
 
20
 
5
 
100
 
5,0
 
3,0
 
0,1
 
1924
 
1934
 
1950
 
1956
 
1,5
 
1,0
 
0,3
 
0,1
 
 
 Алайда  мұнда  топырақты  құрайтын  және  оның  құнарлылығын 
айқындайтын 
факторларды 
– 
топырақ 
фаунасын, 
микроорганизмдерді, 
балдырларды 
және 
т.с.с. 
қорғау 
көзделмейді. Ал «егер адам қорғалған болса, онда қоршаған  орта 
өзінен-өзі  қорғауға  алынғаны  дейтін  радиациядан  қорғау 
жөніндегі  Халықаралық  комиссияның  тұжырымдамасы  орынсыз 
болып көрінеді». 
     Қазіргі  таңда  табиғатта  өтетін  құбылыстардың  барлығына,  ең 
алдымен антропогендік әрекеттің нәтижесіндегі өзгерістерге адам 
баласы  енжар  қарай  алмайды.  Адамзат  тағдыры  үшін  биосфера 
ресурстарының  шектеулігі  емес,  керісінше,  табиғи  ортаның 
химиялық  азып-тозуы,  климаттың  өзгеруі  және  тұтас  алғанда, 
өрбіп келе жатқан экологиялық тапшылық қатерлі болып барады. 
  Осы  заманғы  медициналық  гигиена  мен  токсикология  – 
адамның  денсаулығын  сақтау  жөніндегі  ғылымдар  болып 
саналады. Ал экологиялық токсикология – бұл қоршаған ортаның 
химиялық  ластануы  жағдайындағы  организмнен  тыс  деңгейдегі 
табиғат  жүйелерінің  қызмет  етуі  мен  тұрақтылығы  жөніндегі 
ғылым рөлін атқарады. 
  Соңғы 
онжылдықтарда  табиғат  ортасының  химиялық 
ластануы проблемалары адамның денсаулығына тікелей әсер ету 
шеңберінен  шығып  кетті.  Ластану  салдарынан  табиғаттың  азып-


 
 
 
11
 
тозуы  табиғат  пен  адамның  қатар  өмір  сүруінің  қауіпсіздігін 
қамтамасыз етудің соңғы әдістерін ойластыруды талап етуде. 
  Адамзат  әрекетінің  нәтижесінде  биосфераға  өтетін  барлық 
уландырғыш  заттарды  қамтитын  «ластану»  ұғымы  да  түбегейлі 
өзгерістерге ұшырап, «жетіліп» барады. 
  Қазіргі кезде экологиялық токсикология- экологияның барлық 
дәстүрлі  әдістерін  басшылыққа  алады,  алайда  мынадай  әдістер 
барынша маңызды болып табылады: өсімдіктер мен жануарларды 
климаттық  камераларда  ұстайтын  виварийлік  экспери-менттер, 
антропогендік  ластануға  ұшыраған  табиғи  биогеоценоздарда 
эксперименттер  мен  бақылаулар  жүргізу,  математикалық 
модельдеу және өңдеу. 
  Адамның  табиғат  экожүйелерімен  әрекеттесуінің  теориялық 
негіздері  мен  іргелі  тұжырымдарын  жасау-  экологиялық 
токсикологияның міндеті болып есептеледі. 
  Кез - келген ғылыми бағыт секілді экологиялық токсикология 
да  шектес  ғылымдардың,  атап  айтқанда,  экология  мен 
медициналық  токсикологияның  іргелі  жетістіктеріне  сүйенеді. 
Осы  заманғы  экотоксикология  популяциялық  экологияның, 
популяциялар генетикасының, биогеоценоз тұжырымдамасының, 
медициналық  токсикология  мен  гигиенаның  негізгі  қағидаларын 
басшылыққа алады. 
  Медициналық және экологиялық токсикологияда экологиялық 
норма ұғымы қолданылады, ол «қалыпты» және «патологиялық» 
күйдің  төтенше  маңызды  қырын  айқындайды.  Әдетте,  норма 
ұғымы медициналық токсикологиямен тығыз байланысты. Ертеде 
особьтардың  көпшілігінен  байқалмайтын  кез  келген  белгі 
патология  (кемтарлық)  болып  есептелген.  Басқаша  айтқанда, 
норма белгінің әдеттегі, жаппай көрінісі ретінде түсіндірілді. 
  Қазір 
адамның  барлық  дерлік  морфологиялық  және 
физиологиялық 
параметрлері 
нормаларының 
шекарасы 
айқындалған.  Осыған  сәйкес  тышқан,  егеуқұйрық,  үй  қояны 
секілді  көптеген  зертханалық  организмдер  үшін  де  медицинада 
адам  организмінің  моделі  ретінде  пайдаланылатын  осындай 
«нормалар» белгіленген. 


 
 
12  ЭКОТОКСИКОЛОГИЯ 
  Адамдардың  қауіпсіздігін  қамтамасыз  етуге  бағдарланған 
принциптер 
біздің 
антропоцентристік 
көзқарасымызды 
бейнелейтіні  анықталған.  Алайда  адам  үшін  белгіленген 
нормативтердің тірі табиғаттың өзге нысандарын қорғауды үнемі 
қамтамасыз етуі даулы мәселе болуда. Себебі түрлер құрамының 
ке-дейленуі,  экожүйелер  тұрақтылығының  кемуі  және  тіпті 
олардың ішінара азып-тозуы есебінен табиғат ортасы сапасының 
өзгеруі    -  адамның  тіршілік  жағдайлары  нашарлауының 
зардаптары болып шығады. 
  Антропоцентристік  көзқарас  тұрғысынан  қарағанда  қоршаған 
ортаның  тұрақты  жағдайларын  сақтаудың  екі  жолын  жүзеге 
асыруға  болады.  Оның  алғашқысының  басшылыққа  алатын 
қағидасы – адамзат ғаламдық көлемдегі геохимиялық циклдердің 
тұрақтылығына  қатысты  реттеушілік  қызметін  өз  қолына  алуға 
тиіс.  Бұл  жағдайда  қолдан  жасалған  резерваттарды  сақтай 
отырып,  табиғи  бірлестіктердің  іс  жүзінде  толығымен 
бұзылатынын 
мойындауға 
тура 
келеді. 
Екінші 
бағыт 
биосфераның  реттеушілік  қызметін  қолдау  қажеттігі  туралы 
түсінікке  сүйенеді,  яғни  түрлі  дәрежедегі  экологиялық 
жүйелердің табиғи күйін сақтау қажеттігі алда тұрады. 
  Бүгінде  организмнен  тыс  деңгейдегі  биологиялық  жүйелерге 
қатысты  нормалар  теориясының  жеткілікті  зерттелмегенін  атап 
көрсеткен  жөн.  Іс  жүзінде  адамзаттың алдында оның табиғатпен 
қарым-қатынасында қайда, нені және қаншалықты істеуге болады 
деген  проблема  тұрды.  Айталық,  егін-шілікпен  айналысу  үшін 
тиісті  дақылдарды  таңдап  алу,  агротехниканы,  дақылдарды  себу 
және  олардың  нормасын  сақтау,  суару  жиілігін,  жайылымның 
пайдаланылуын  реттеп  отыру  және  т.с.с.  қажет  болады.  Бұларға 
қазір 
кең 
таралған 
орман 
және 
аң 
шар-уашылығын 
ұйымдастыруды,  кесілетін  ағаштарды  пайдалану  шараларын,  аң 
және балық аулау нормаларын белгілеуді қосайық. 
  Ғалымдардың  ұсынысы  бойынша  норма  және  оны  дәлелдеу 
мәселелері  экологиялық  зерттеулерде  басты  орында  тұруға  тиіс. 
Экологиялық  нормалау  проблемасы  мынадай  түбегейлі  екі 
мәселені  шешуге  бағытталуы  қажет:  нормалауға  нелер  жатады 
және мұндай реттеу рәсімін қалай жүзеге асыру керек. 


 
 
 
13
 
  Кез  келген  деңгейдегі  биологиялық  жүйенің  жағдайына 
диагноз  қою  тәжірибесі  мұнда  орташа  статистикалық 
шамалардың 
қарапайым 
жиынтығына 
ғана 
сүйенуге 
болмайтынын көрсетеді. Біріншіден, уландырғыш заттардың әсер 
ететін  деңгейі  олардан  туындайтын  өзгерістер  статистикалық 
норманың  шегінен  аспайтын  жағдайда  ғана  зиянсыз  деп 
танылады.  Екіншіден,  норманың  шекарасын  статистикалық 
тұрғыдан 
анықтау 
ғана 
мұндағы 
айырмашылықтар 
маңыздылығының  статистикалық  өлшемдерін  таңдауда  кейбір 
еркіндіктердің кездесетінін көрсетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет