Казақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі ғ. Ж. Медеуова экотоксикология



Pdf көрінісі
бет82/122
Дата06.01.2022
өлшемі11,04 Mb.
#15190
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   122
     6.  Топырақтағы  ауыр  металдар.  Топырақ  бетіне  қонатын 
ауыр  металдар  біртіндеп  оның  қалың  қабатына,  әсіресе  жоғарғы 
қарашірік  қабатына  өтеді  де,  сумен  шайылу,    өсімдіктердің 
пайдалануы,  эрозия,  желдің  ұшыруы  арқылы  оның  қабатынан 
баяулап 
шығарылады. 
Ауыр 
металдардың 
жартылай 
шығарылуының  яғни  бастапқы  коцентрациясының  жартысы 
шығарылуының  алғашқы  кезеңі  әр  түрлі  элементтер  үшін 
түрліше  болады,  бірақ  айтарлықтай  ұзақ  уақытқа  созылады, 
мәселен,  мырыш  –  70  –  510,  кадмий  13-110,  мыс  310-1500, 
қорғасын 740-5900 жылға дейін созылуы мүмкін. 
     Топырақтың құнарлылығы мен экологиялық қасиетін сақтауда 
аталған  элементтердің  жылжымалы  қосылыстары  маңызды 
болып  саналады.  Мұнда  олардың  қатты  фазалары  мен 
ерітінділерінің  жылжымалы  қосылыстарын  байланыстыратын 
процес-тер  механизмі  шешуші  рөл  атқарады,  өйткені  топырақ 
қимасы  мен  ландшафтта  химиялық  элементтердің  «көшіп-
қонуы»,  өсімдіктердің  осы  элементтермен  қамтамасыз  етілуі 
және  экожүйеде  уыттылық  қауіпінің  төнуі  мүмкіндігі  осыларға 
байланысты болады. 
     Топырақтағы  химиялық  элементтер  қосылыстарына  жасалған 
талдау  (В.И.Вернадский,  А.П.Виноградов,  Н.Г.Зырин  және 
басқалары)  топырақтағы  ауыр  металдар  қосылыстарының  аса 
маңызды  топтарын  бөліп  көрсетуге  мүмкіндік  береді:    а) 
топырақтың  қатты  фазалары  құрамындағы  берік  байланысқан 
қосы-лыстар;    ә)    топырақтың  қатты  фазалары  құрамындағы 
жылжы-малы  қосылыстар;    б)  топырақ  ерітіндісі  құрамындағы 
қосылыстар;  в) топырақ ауасы құрамындағы қосылыстар;  г) тірі 
заттың 
құрамындағы 
қосылыстар. 
Топырақтағы 
берік 
байланысқан  қо-сылыстар  бастапқы  жыныстардың  алғашқы 
минералдарының  химиялық  заттарынан,  силикат  немесе  силикат 
емес  қайталама  минералдардан,  қиын  еритін  тұздардан, 
органикалық  және  органикалық-минералдық  заттардан  тұрады. 
Топырақтың  қатты  фа-засының  жылжымалы  қосылыстарына 


 
 
 
165
 
топырақтың сіңіретін бөлігінің иондары, борпылдақ байланысқан 
қосылыстар  жатады.  Топырақ  ерітіндісіндегі  қосылыстар  бос 
иондар, 
олардың 
сумен, 
ерітіндідегі 
басқа 
химиялық 
элементтердің  молекулаларымен  және  иондарымен  өзара 
әрекеттесу өнімдері түрінде кездеседі. 
     Топырақтағы  ауыр  металдардың  күйі  олардың  қиын  еритін 
тұздарды,  кешенді  қосылыстарды,  гидроксидтерді  түзу,  ион 
алмасу  реакцияларына  қатысу  қабілетіне  қарай  анықталады. 
Атмосфералық  ластану  кезінде  топыраққа  негізінен  ауыр 
металдар  оксидтері  түсетіндіктен,  олардың  қандай  химиялық 
өзгерістерге  ұшырайтынын  білу  зор  ынта  тудырады.  Ауыр 
металдар  оксидтері  баяу  еритін  қатты  фазалы  қосылыстар 
болғандықтан  және  топырақтағы  айтарлықтай  тез  өтетін  барлық 
реакциялар  су  және  топырақ  ерітінділерінде  өтетін  ескерсек, 
топырақтағы  осы  элементтердің  алғашқы  өзгеруі  олардың  сумен 
әрекеттесуінен, яғни еруінен байқалады. 
     Топырақтың ауыр металдарды байланыстыратын аса маңызды 
компоненттеріне  силикаттар    мен  алюмосиликаттар,  оксидтер, 
гидроксидтер мен минерал тұздар жатады. 
     Бастапқы  топырақ  минералдары  айтарлықтай  ірі  өлшемді 
түйіршіктер  түрінде  кездеседі.  Олардың  көпшілігі  бірқатар 
микроэлементтер көзі болып табылады.  
     Топырақта  ең  көп  таралған  минерал  –  кварц,  оның  мөлшері 
кейде топырақтың қатты фазасының 50 – 90 %-ына дейін жетеді. 
Дала шпаты кварцке қарағанда үгілуге бейім келеді. Карбонаттар 
–  кальцит  пен  доломит,  орташа  және  оңай  еритін  тұздардың 
минералдары  –  қуаңшылықты  аймақтар  топырағының  басты 
компоненттері.  Ылғалды  өңірлерге  металдар  оксидтері  мен 
гидроксидтері тән болып келеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет