Казақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі ғ. Ж. Медеуова экотоксикология


  Органикалық  және  бейорганикалық  экотоксиканттар  –



Pdf көрінісі
бет85/122
Дата06.01.2022
өлшемі11,04 Mb.
#15190
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   122
     8.  Органикалық  және  бейорганикалық  экотоксиканттар  – 
ерекше  қауіпті  экотоксиканттар.  Миллиондаған  органикалық 
заттардың, органикалық синтез өнімдерінің, өнеркәсіп өндірісінің 
және  адам  әрекетінің  әр  түрлі  салаларында  (пестицидтерден 
трансформатор  майларына,  отын  түрлерінен  кір  жуғыш 
құралдарға  дейін)  қолданылатын  қалдықтардың  арасында  толып 
жатқан  органикалық  экотоксиканттар  кездеседі.  Солардың 
ішіндегі  ерекше  қауіптісі  хлорорганикалық  токсиканттар  болып 
есептеледі. 
   Хлорорганикалық  пестицидтердің  шоғырландыратын  уытты 
әсері  бар,  олар  май  ұлпаларына  жинақталады.  Хлор  атомының 
нуклеофильді 
орынбасушылыққа 
бейімділігі 
олардың 
белсенділігінің  жоғары  екенін  көрсетеді.  Олар  белоктар  мен 
нуклеин  қышқылдарының  амин  топтарымен  әрекеттесіп,  оларды 
қайтымсыз  зақымдайды.  Олардың  кейбіреулері  ертеден  мәлім 
болған,  ал  пестицидтік  қасиеттері  тек  өткен  ғасырдың  40-
жылдарында анықталған. ДДТ осындай қосылыстарға жатады. 
     Тұщы  су  қоймаларында  хлорлы  пестицидтер  тез  арада 
микроскоптық  балдырларда  жинақталады.  Хлорелла  балдыры  1 
минутқа жетпейтін уақыт ішінде ДДТ-ның 50-ден 80 %-ға дейінгі 
қоспасын  суға  сіңіреді.  Осылайша  хлорлы  пестицидтер  қуатты 
антропогендік  әсер  ету  факторы  ретінде  көптеген  экожүйелерге 
апатты 
әсер 
етеді. 
Ағаш 
сүрегінің 
консерванттары, 
дезинфекциялаушы  құралдар,  әр  түрлі  пестицидтер  синтезінің 
шала  өнімдері  ретінде  пайдаланылатын  хлорланған  фенолдар 
экотокси-канттар қатарына жатады. 
     Целлюлозаны ағарту үшін хлорды қолданатын целлюлозақағаз 
комбинаттары  су  экожүйелерін  ластауыш  көздердің  бірі  болып 
табылады.  Тұрмыстық  қалдықтарды  айтарлықтай  төмен 
температурада  (500-700
0
С)  жағу  кезінде  хлорорганикалық 
қосылыстардың едәуір мөлшері газ фазасына өтеді. 


 
 
170  ЭКОТОКСИКОЛОГИЯ 
    Қоршаған  ортаға  өткен  экотоксиканттар,  мысалы,  ауыр 
металдар  түрлі  өзгерістерге  ұшырап,  өздерінің  валенттілігі  мен 
ерігіштігін  өзгертеді.  Металлургия  кәсіпорындары  ауыр 
металдарды  негізінен  ерімейтін  түрде  сыртқа  шығарады,  алайда 
атмосфералық  тасымалдау  барысында  олар  аэрозольдық 
бөлшектер-ден  біртіндеп  шайылып,  иондық,  суда  еритін  түрге 
көшеді.  Бұл  атмосферада  күшті  қышқылдардың  (HNO
3
,  H
2
SO
4

болуына байланысты өтетін құбылыс. 
     Органикалық 
экотоксиканттар 
гидролиз, 
тотығу, 
тотықсыздану секілді негізгі өзгерулерге ұшырайды. 
     Бейорганикалық  экотоксиканттар.  Көптеген  организмдердің 
метаболизм  мен  ауыр  металдарды  шығарудың  табиғи,  көбіне 
металлорганикалық  қосылыстар  түріндегі  механизмдері  бар. 
Мұндай  биометилдеу  процесін  су  түбі  шөгінділерінде  тіршілік 
ететін  микрорганизмдер  қарқынды  түрде  жүзеге  асырады. 
Сондықтан  металлорганикалық  қосылыстар  ең  алдымен  су 
экожүйелеріне  көп  мөлшерде  өтеді.  Жоғары  химиялық 
тұрақтылығы  мен  липофильдігіне  байланысты  сынап  пен  кейбір 
басқа  ауыр  металдардың  органикалық  формалары  май 
ұлпаларына жиналып, қоректік тізбек бойынша беріледі. 
 

 
     Қорыта  айтқанда,  ауыр  металдар  –  қоршаған  ортаға  көп 
мөлшерде  түскенде  организмдерді  уландыратын  металдар.  Бұл 
терминмен  соңғы  жылдары  тек  қана  мынадай  элементтер: 
қорғасын,  мырыш,  кадмий,  сынап,  молибден,  марганец,  никель, 
қалайы,  кобальт,  титан,  мыс,  ванадий  аталады.  Бұл  элементтер 
қор-шаған  ортаға  түскенде  экожүйелердің  өздігінен  тазалану 
процесімен 
ыдырамайды. 
Олар 
топырақта 
жинақталып, 
өсімдіктерге  өтіп,  әрі  қарай  биологиялық  айналымға  түсіп 
отырады.    Ауыр  металдардың  жартылай  ыдырау  мерзімі  ұзақ, 
мысалы,  қорғасындыкі  740  жылдан  5 900  жылға  дейін, 
кадмийдікі – 13 – 110 жыл, мырыштыкі – 70 – 510 жыл, мыстыкі 
–  310  –  1500  жылдар  аралығына  дейін  созылады.  Биологиялық 
тізбек:  топырақ  –  өсімдік  –  адам,  топырақ  –  өсімдік  –  жануар  – 


 
 
 
171
 
адам,  топырақ  –  су  –  адам  және  топырақ  –  атмосфералық  ауа  – 
адам  арқылы  адам  организміне  өтіп,  олар  әр  түрлі  а1уруға 
шалдықтырады.  Мысалы,  1953  ж.  Жапонияның  Минамата  деп 
аталатын  шығанағының  жағалауында  тұратын  балықшылардың 
және  олардың  отбасы  мүшелерінің  орталық  жүйке  жүйесі 
аурумен  ауырғандар  саны  күрт  өсе  түскен:  науқастардың  көру 
қабілеті  нашарлап,  қол-аяқтары  жиі  үйып,  жүріс-тұрысы 
шатқаяқтап,  сөздері  түсініксіз  болып  қалған.  Олардың  ішінде 
зілді  ауырғандарының  тіпті  көздері  мүлде  көрмей,  өліп 
кеткендері де болған. Кейін дәрігерлер мен ғалымдар, Минамата 
шығанағына  құйылған  химия  комбинатының  ақаба  суында 
сынаптың  мөлшері  өте  жоғары  болғанын  дәлелдеген.  Соның 
салдарынан 
шығанақтағы 
су 
өсімдіктері 
шіріп, 
улы 
метилсынапқа  айналған.  Метилсынап  қоректік  тізбекке  түсіп, 
бактериялардан  ұсақ  организмдерге,  атап  айтқанда,  шаяндарға, 
балық шабақтарына, одан ірі балықтарға өтіп, оларды азық еткен 
адам  организміне  түскен.  Сөйтіп,  метилсынап  адамдардың 
миында  бірте-бірте  жинақталып,  осы  аурудың  пайда  болуына 
апарып соққан. Сол себептен бұл  ауруды «минамата ауруы» деп 
атаған.  Өкінішке  орай,  мұндай  ауру  тек  Жапонияда  ғана  емес, 
кейінгі  кезде  құрамында  сынабы  бар  ақаба  суларын  ағызған 
химия  комбинаты  бар  дүние  жүзінің  көптеген  аймақтарында  да 
кездесуде.  Сынап  қосылыстарымен  қоршаған  ортаның  ластануы 
Қазақстанда  соңғы  жылдары  орын  алып  отыр,  мысал  ретінде 
Павлодар  аймағындағы  Ертіс  өзенінің  маңайын,  Қарағанды 
облысындағы Нұра өзенін атауға болады. 1920 жылдары Дзинцу 
(Жапония) өзенінің жағалауына орналасқан деревняларда ерекше 
ауру  пайда  болған.  Бұл  ауруға  «итай-итай»  деген  атау  берілген. 
Осы ауруға шалдыққан адамдардың сүйектері майысып, сүйектің 
сырқырағанынан  өздерін  қоятын  жер  таба  алмай,  көбісі  көз 
жұмған.  1968 жылы  бұл  аурудың  шығу  себебі  –  өзеннің  жоғары 
ағысына тазартылмай үнемі шығарылып отырған шахтаның ақаба 
суында  кадмийдің  болуына  байланысты  екені  анықталған. 
Шындығында  кадмий  өте  улы  заттектердің  қатарына  жатады. 
Кадмий  өнеркәсіптің  ақаба  суы  арқылы  өзенге,  одан  теңізге 
түседі.  Онда  ол  былқылдақ  денелілердің,  балықтардың  т.б.  теңіз 


 
 
172  ЭКОТОКСИКОЛОГИЯ 
жәндіктерінің  ұлпасына  жинақталады.  Содан  кейін  адам 
организміне  өтіп,  өкпе,  бауыр,  бүйрек,  т.б.  мүшелерді 
зақымдайды.  Кадмиймен  жаппай  уланған  жағдай  англияда, 
АҚШ-та және басқа  елдерде орын алған. Көлік көп жинақталған 
ірі қалаларда (мысалы, Алматы, Астана, Шымкент, т.б.), сонымен 
қатар  металлургия  комбинаттарының  ақаба  сулары  ағатын 
аймағында  тұратын  адамдар  үшін,  әсіресе,  ең  қауіптісі  қорғасын 
болып  саналады.  Ол  сол  аймақтағы  адамдардың  ішек-қарнына 
немесе  өкпесіне  сіңіп,  қанына,  сол  арқылы  бүкіл  денесіне, 
сүйегіне,  бұлшық  еттеріне,  бауырына,  т.б.  жерлерінде 
жинақталды.  Бастапқы  кезде,  тіпті  қорғасын  уы  миға  да  әсер 
етеді.  Соның  салдарынан  балалардың  өрісі  тарылып,  қозғалыс 
үйлесімділігі бұзылады, есту және есте сақтау қабілеті кемиді.  
 
Бақылау сұрақтары 
 
1.  Ауыр металдар деген не, негізгі өлшемдері қандай? 
2.  Олардың қандай екі аспектісі бар? 
3.  Ауыр  металдар  қауіптілік  дәрежесі  жөнінен  қандай 
кластарға бөлінеді? 
4.  Бұл  элементтердің  қоршаған  ортаға  өтуінің  қандай  табиғи 
және техногендік көздері бар? 
5.  Олардың атмосферада сақталу түрлері қандай? 
6.  Ауыр  металдарды  атмосферадан  шығарудың  қандай 
әдістері бар? 
7.  Топырақта кездесетін негізгі түрлері қандай? 
8.  Қазақстанда 
ауыр 
металдардың 
қоршаған 
ортаны 
ластауының қандай мысалдарын білесіңдер? 
 
 
 
 
 
 
 
 


 
 
 
173
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет