Өйткені, латында етістікті
вербиум, гректе
рема дейді. Бұл
вербиум, рема деген
сөздердің өзі, жай қолдануда
сөз, сөйлеу деген мағынада болады.
Адвербиум,
епррема деген сөз таптары етістікке байланысты ғана сөздер болғандықтан,
оларды етістікке тән сөздер деп атаған.
Адвербиум, епиррема етістіктің
жанындағы деген сөз. Орыстар да соларға еліктеп, алғашқы әзірде етістікті
речь
(перь) деп атаған. Ал, мына
адвербиум, епиррема деген сөздерді
наречие –
«етістікті жамылған», «етіктіктің үстіндегі» деп атаған. Орыстың осы күнгі
глагол
деген терминнің өзі де ескі Славян тілінде «сөз» деген сөз. Сөйтіп, орыстар да,
латын, грек грамматиктері де терминді адасып қоймаған, біліп қойған. Бірақ,
олардың терминін қазақ тіліне аударғанда түбірін аудармай, тек жалғауын
аударып, не (на) деген предлогін ғана аударып, үстеу дей салуды тауып қойған ат
деуге болмайды. Әр категорияны атайтын термин сол категорияның өзін бірқатар
түсіндіріп тұра алғандай болу керек. Мұндағы
үстеу еншісіне тиген категория
етістікпен аталатын істің не мезгілін, не мекенін көрсететін сөздер. Сондықтан, бұл
мағынаны үстеу деген термин бере алмайтын болды. «Әр нәрсені өз атымен атау
керек» дейтін орыс халқының жақсы мақалы бар. Біз де
бұл категорияны өз атымен
атағымыз келіп, келіндерше «көз жақсым», «төре жігіт» деп атты бұрып қойған А.
Байтұрсыновтың әдісін тастап, бұларды
мезгіл-мекен есім деп атадық. Өйткені,
бұл сөздер әуелі-ақ қосалқы емес, қосымша емес,
түбір сөздер. Түбір сөздер екі-ақ
түрде: не
есім, не
етістік қана бола алады. Ал, бұл сөздер
етістік емес,
есім сөздер.
Достарыңызбен бөлісу: