келуінен жасалған сөз тіркесінің сыңарлары оның (тілдің) дамуы
барысында дыбыстық та, мағыналық та өзгерістерге ұшырап,
соның нәтижесінде ол сыңарлар бұл күнде бөлшектенбейтін бір
бүтін сөзге айналуы мүмкін. Мысалы,
белбеу сөзі
бел жэне
бау
деген түбірлердің (сөздердің) тіркесінен жасалып, оның екінші
сыңары
(бау) бірінші сыңардың
(бел) қүрамындағы жіңішке
дауыстымен
(е) үндесіп,
беу болып өзгерген.
Лшудас сөзі
ашу жэне
тас деген сөздердің бірігуінен жасалып, оның соңгы сыңарының
басқы дыбысы
(т) алдыңғы сыңардың аяққы дыбысының
(у)
әсерінен
д болып өзгерген.
Сексен, тоқсан сөздері морфологиялық
сіңісу процесінің нәтижесінде
(сегіз+он, тогыз+он) түбірлердің
ықшамдалып барып кірігуінен жасалса,
бүгін сөзі
бүл жэне
күн
деген түбірлердің,
биыл сөзі
бүл жэне йыл
(жыл) деген түбірлер-
дің әрі дыбыстық өзгерістерге ұшырап, әрі ықшамдала кірігуінен
жасалған. Күрделі сөздердің бүл түрі бір гана екпінге ие болады,
құрамындағы дауыстылар не бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке
болып, жалаң сөздерге тэн фонетикалық қасиеттерімен сипатга-
лады. Мұндай сөздердін құрасгырушы сыңарларының эртүрлі ды-
быстық өзгерістерге ұшырап, бір-біріне сіңісіп кеткені соншалық,
олардың қандай түбірлерден жасалғанын этимологиялық анализ
арқылы ғана айқындауға болады. Олар өзгерген күйінде казіргі
тілде құрамы ажыратылмайтын, морфемаларга мүшеленбейтін
сөздер ретінде ұгынылады.
Достарыңызбен бөлісу: