Кэкен Аханов грамматика теориясының негіздері ж о га р ы оку оры ндары ны ц филология ф акульт ет т еріне арналган оқу цүралы


§  58.  Күрделі  сөзге  тэн  морфологиялық  тұтастық  белгісі  оны



Pdf көрінісі
бет99/237
Дата31.12.2021
өлшемі5,78 Mb.
#21265
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   237
Байланысты:
akhanov k grammatika teoriiasynyn negizderi


§  58.  Күрделі  сөзге  тэн  морфологиялық  тұтастық  белгісі  оны 
синтаксистік  сөз  тіркесінен  ажыратуға  көмектеседі.  Күрделі 
сөз  тұтасқан  күйінде  белгілі  бір  сөз  табына  жатады.  Анығырақ 
айтқанда,  күрделі  сөздің  сыңарларының әрқайсысы  эр  сөз табына 
емес, бүтін күйінде бір ғана  сөз табына қатысты болады.
Құрама сөздер тарихи жасалу түрғыдан алғанда, бір сөз табына 
қатысты сыңарлардан да, эртүрлі сөз табына қатысты сыңарлардан 
да  кұралуы  мүмкін.  Қүрама  сөздің  шыққан  тегі  -   еркін  сөз  тірке- 
сінің  алғашқыда  эр  сөз  табына  қатысты  болған  сыңарлары  бүтін- 
дей  сөз тіркесінің лексикалану  процесінде  семантикалық,  синтак- 
систік  дербестігінен  ғана  емес,  сонымен  бірге  морфологиялық 
дербестігінен  де  айырылып,  осының  нәтижесінде  ол  сыңарлар 
эр  сөз  табына  теліну  қабілетін  жояды  да,  күрделі  сөз  тұтасымен 
белгілі бір сөз табына телінеді. Мысалы, боз торгай,  цара торгай, 
ащы  шек,  тоц  шек,  кәрі  ж ілік  деген  құрама  сөздердің  алдыңғы 
сыңарлары  (боз,  цара,  ащы,  тоц,  кәрі)  шығу тегі, жеке тұрғандағы 
қалпы немесе синтаксистік сөз тіркесінің қүрамындағы  мағынасы 
мен  қызметі  жағынан  сын  есімдер  болғанымен,  аталған  күрделі 
сөздердің  қүрамында морфологиялық дербестігінен,  атап  айтқанда, 
өз  алдына  сөз  табы  болу  қасиетінен  айырылып,  тұтас  күйінде  бір
89


сөз  табына  (зат  есімге)  енетін  күрделі  сөздің  бөлшегіне  (сыңары- 
на)  айналған.  Аталған  күрделі  сөздердің  бәрі  де  бүтін  күйінде  зат 
есімдердің тобына  енеді. Боз торгай,  цара торгай,  ащы  шек,  тоц 
іиек,  кәрі ж ілік тэрізді  күрделі  сөздердің алдыңғы  сыңарларының 
(боз, цара, ащы,  тоц, кәрі) жалпы дербестік қасиеттен, соның ішінде 
морфологиялық  дербестігінен  айырылғандығын  мынадан  көруге 
болады:  боз,  цара,  ащы,  тоц,  кәрі дегендер еркін сөз тіркестерінің 
қүрамында  келгенде,  сын  есім  болу  қасиетін  сақтай  отырып,  сын 
есімнің шырай формаларын қабылдаса (мысалы: ащырац (ащылау) 
көже,  кәрілеу  жылцы  жэне  т.б.),  күрделі  сөздердің  құрамында 
олар  сын  есім  болу  қасиетінен  айырылып,  шырай  формаларымен 
өзгере  алмайды.  Боз  торгай,  цара  торгай,  ащы  шек  жэне  т.б. 
осылар  тәріздес  күрделі  сөздердің  алдыңғы  сыңарлары  шырай 
формаларын  қабылдамайды,  егер  шырай  формалары  жалғанса 
(мысалы,  ащырац  шек),  онда  олар  күрделі  сөз  болудан  қалып, 
синтаксистік сөз тіркесіне айналып  кетеді.
Осындай  морфологиялық  түтастық  курделі  сын  есімдердің 
табиғатынан  да  көрінеді.  Күрделі  сын  есімдердің  сыңарларының 
бірі  зат  есімнен  (мысалы:  қүс  түмсыцты,  цасцыр  ішікті,  түлкі 
тымацты)  болуы  мүмкін,  бірақ  ол  сыңар  күрделі  сын  есім 
кұрамында  зат  есім  ретінде  емес,  біртүтас  күрделі  сын  есімнің 
бөлшегі ретінде танылады. Демек, күрделі сөз бір бүтін лексикалық 
бірлік  ретінде,  ал  оның  сыңарлары  бүтіннің  бөлшегі  ретінде 
қаралуға тиіс.
Сонымен,  күрделі  сөз  бен  синтаксистік  сөз  тіркесі  тілдік 
табиғаты  эр  басқа  құбылыстар  болып  саналады.  Ал  оларды  бір- 
бірінен  ажыратуда  жоғарыда  аталған  айырмашылықтар  мен 
ерекшеліктер  негізге алынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   237




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет