Кэкен Аханов грамматика теориясының негіздері ж о га р ы оку оры ндары ны ц филология ф акульт ет т еріне арналган оқу цүралы


§  79.  Сөз  өзгеріп,  түрленіп  барып,  әлденеше  формата  ие



Pdf көрінісі
бет143/237
Дата31.12.2021
өлшемі5,78 Mb.
#21265
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   237

§  79.  Сөз  өзгеріп,  түрленіп  барып,  әлденеше  формата  ие 
болады дедік.  Сөздің элденеше  формаларының  ішінен  бірі  негізгі 
форма  болып,  басқалары  сол  негізгі  формадан  жасалған,  туынды 
формалар  болып саналады.  Сөздің белгілі бір формасының негізгі 
форма  ретінде  саналуы  үшін  оның  басқа  формаларға  ұйытқы 
болуы  шарт.  С онда  ған а  ол  н егізгі  форма  ретін д е  тан ы лад ы .
127


М ы салы ,  септік  формаларының  ішінде  атау  септік,  әдетте, 
негізгі  форма  ретінде  танылады  да,  ілік,  барыс,  табыс,  шығыс, 
көмектес  септік  формалары  туынды  формалар  ретінде  саналады. 
Соңғылардың  бірі  екіншісінен,  мысалы,  барыс  септік  формасы 
ілік септік формасынан емес, бүлардың бэрі де негізгі басты форма
-   атау  септік  формасынан  жасалады.  Етістіктің  рай  формалары 
да  эртүрлі.  Солардың  ішінен  түркі  тілдерінде  екінші  жақ  бұйрық 
рай  формасы  негізгі  форма  ретінде  саналады,  ашық  рай,  шартты 
рай,  қалау  рай  формалары  туынды  формалар  ретінде  қаралады. 
Осылайша  тұжырым  жасауда  екінші  жақ  бұйрық  рай  формасы- 
ның  етістіктің  ашық  рай,  қалау  рай,  шартты  рай  формаларының 
жасалуына негіз, ұйытқы болатыны ескеріледі.
Тіл-тілде  сөз  формаларының  екі  тұрі  бар:  оның  бірі  -   сөз- 
дің  синтетикалық  формалары.  екіншісі  -   сөздің  аналитикалық 
формалары.  Енді  осы  мәселелерге тоқталайық.
2.  С өздің   си н тети к а л ы қ  ф ор м ал ар ы

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   237




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет