Байланысты: akhanov k grammatika teoriiasynyn negizderi
§ 46. Лингвистикалық зерттеулер мен эдебиеттерде және оқу
құралдарында күрделі сөздер мен фразеологиялық сөз тіркесте-
рінің жігі элі де болса ашык-айқын ажыратылмай келеді.
Әдетте, сөз атаулы құрамына қарай жалаң сөз жэне күрделі
сөз делініп екі топқа бөлініп қарастырылады. Жалаң сөздерге
қандай сөздердің жататындыгы туралы мэселе - тіл білімінде әб-
ден айқындалған, пікірталасын тудырмайтын мәселе. Ал эртүрлі
тілдердегі күрделі сөздердің шегін, олардың түрлерін айқындау,
әсіресе күрделі сөздерден фразеологиялық сөз тіркестерін ажыра
ту мәселелері тиянақты шешімін таба алмай келеді. Бұл мәселелер
түркологияда ғана емес, славистика, германистика, романисти-
када да жете айқындалмаған, өте-мөте күрделі проблема болып
саналады. Демек, бұл проблема - жеке тілдерге гана емес, сонымен
бірге көптеген тілдерге бірдей қатысы бар, жалпы лингвистика-
льщ проблема.