емлесі бойынша жазылып отыр) жэне т.б. осылар тэріздес күрделі
сөздердің әрқайсысының кұрамы эрдайым тұракты, құрасты-
рушы сыңарларының орны бекем болып, әбден қалыптасып
орныққан қалпынан өзгермей бір бүтін лексикалық бірлік (сөз)
ретінде ұғынылады.
Сөз бен фразеологиялық сөз тіркесінің екеуіне бірдей ортақ
белгі — семантикалық тұгастык белгісі күрделі сөздердің бэріне
бірдей тэн. Күрделі сөздің құрамындағы сыңарлардың эркайсысы
әр басқа мағынаны емес, бүтіннің бөлшектері ретінде бірлесе
келіп, бір бүтін мағынаны білдіреді. Осыған орай күрделі сөз тұта-
сымен бір ғана ұғымның атауы - бір бүтін лексикалық бірлік (сөз)
ретінде ұғынылады.
Сонымен, жалпы дербес сөздерге, соның ішінде әсіресе
күрделі сөздерге тэн қасиеггер мен белгілер фразеологиялық сөз
тіркестерінің бойынан да табылып, жоғарыда аталган ұқсастық
пен ортақ белгілер бүл екеуінің (күрделі свз бен фразеология-
лык сөз тіркесінің) бір-бірінен жігін, шегін ажыратуды қиындата
түседі.
Достарыңызбен бөлісу: