жеке сөздерге эквивалент (немесе экспрессивті синоним) болатын
тұрақты сөз тіркестерін ғана таза фразеологиялық бірліктердің
қатарына жатқызады да, мұндай қасиеті мен қызметі жоқ басқа
тіркестерді «кэдімгі түрақты тіркестер» дегеннің қатарына
жатқызады. Осы тұрғыдан алғанда, күрделі сөздердің «кәдімгі
тұрақты тіркестер» деп аталып жүрген тіркестерден пэлендей
айырмашылығы байқалмайды.
Ағылшын, неміс тілдерін зерттеушілер фразеологиялық бір-
ліктердің қатарына эмоциональды бояуы, экспрессивті қызметі
бар фразеологизмдерді гана жатқызып, мүндай қасиеті жоқ,
бірақ тұрақтылық сипаты бар басқа тіркестерді фразеологиялық
бірліктерден бөліп қарап, оларды «кэдімгі тұрақты тіркестер»
(собственно устойчивые сочетания) деп атайтындығын жоғарыда
айттық. Олар «кэдімгі тұрақты тіркестер» дегеннің қатарына
ағылшын тіліндегі һі§һег зсооі (жоғары мектеп), ІаЬоиг ргосіис-
ііуііу (еңбек өнімділігі), геасііп§ һаіі (оқу залы) деген тіркестерді1
жагқызады. Неміс тілін зерттеушілер фразеологиялық бірліктерді
екі топқа бөліп, I топқа тек кана таза номинативті қызмет атқара-
тын тұракты тіркестерді, атап айтқанда, географиялық күрделі
атауларды, ұйымдар мен мекемелердің аттарын, білімнің эр
саласының күрделі терминдерін жаткызады2. Қазақ тілінде мұн-
дай түрақты тіркестердің катарына жататындар: Совет Одағының
Батыры, Социалистік Еңбек Ері, Ғылымға еңбек сіңірген қайрат-
кер, Лениндік сыйлықтың лауреаты, Жоғары партия мектебі,
Қазақтың мемлекеттік университеті, Қазақтың мемлекеттік опера
жэне балет театры жэне т.б.
Достарыңызбен бөлісу: