2.1.1 Білім алушыны Кәсіпорынға/мекемеге дуалды оқыту элементтерін қолданумен қатар кәсіптік практикадан өту үшін жіберу (одан әрі - Практика);
2.1.2 Білім алушылардың әр тобына Университеттен Практика жетекшілерін тағайындау және практиканың кәсіпорындағы/мекемедегі алғашқы күні жетекшілердің Білім алушыларға ілісіп баруын қамтамасыз ету;
2.1.3 Білім алушыны өзінің міндеттерімен, құқықтарымен және жауапкершілігімен таныстыру;
2.1.4 Кәсіпорынмен/мекемемен бағдарламаға сәйкес Практиканы жүзеге асыру бойынша бірлескен қызмет жоспарын келісу;
2.1.5 Практика басталғанға дейін бір ай бұрын Кәсіпорынға/мекемеге Білім алушылардың тізімдік құрамын, бірлескен қызмет жоспарын және Кәсіпорынның/мекеменің сұрауы бойынша қосымша ақпаратты жіберу;
2.1.6 Білім алушылардың осы кәсіпорынның/мекеменің қызметкерлері үшін міндетті еңбек тәртібін, ішкі тәртіп ережелерін сақтауын қамтамасыз ету;
2.1.7 Кәсіпорынның/мекеменің қызметкерлеріне Практиканы ұйымдастыруда әдістемелік көмек көрсету.
2.1.8 Қажет болған жағдайда Кәсіпорынға/мекемеге Білім алушының оқу жетістіктері туралы мәліметтерді ұсыну;
2.1.9 Білім алушыларды кәсіптік практикадан өту күнделіктерімен қамтамасыз ету, Практика бағдарламасын орындау үшін жеке тапсырмалар беру;
2.1.10 Практикадан өту кезеңінде Білім алушылардың қатысуымен болған жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруге қатысу;
2.1.11 Кәсіпорында/мекемеде Білім алушылардың Практикадан өтуін бақылауды жүзеге асыру.