Келісім-шарт



бет6/15
Дата16.05.2022
өлшемі45,88 Kb.
#34577
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
ДОГОВОР КарТУ 2022 -3-х

2.2 Университет құқықтары:

2.2.1 Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіппен Білім алушы оқуды өз бетінше тоқтатқан, қайта оқу жылына қалдырылған, оқудан шығарылған кезде Шартты бір жақты тәртіппен бұзу.
2.3 Кәсіпорын/мекеме мынадай міндеттемелер алады:

2.3.1 Кәсіпорын/мекеме қызметкерлері қатарынан Білім алушылардың Практикасын ұйымдастыруға және өткізуге жауапты адамды тағайындау;

2.3.2 Білім алушыға кәсіпорында/мекемеде Практикадан қауіпсіз өту жағдайларын қамтамасыз етуге (қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау бойынша міндетті нұсқамалар өткізе отырып) және қажет болған жағдайларда еңбектің қауіпсіз әдістерін оқытуды жүргізу;

2.3.3 Тиісті бос орын болған кезде алған мамандығына сәйкес жұмысқа қабылдау үшін Білім алушының кандидатурасын қарау;

2.3.4 Университет академиялық күнтізбеге сәйкес Білім алушыға Практикадан өту үшін жұмыс орындарын беру;

2.3.5 Білім алушыны Жоспарда көзделмеген және Білім алушының білім беру бағдарламасының мазмұнына қатысы жоқ практикалық қызметке жібермеу;

2.3.6 Білім алушыларға бөлімшелерде (бөлімдерде, цехтарда, зертханаларда және т. б.) практикадан өтуі үшін білікті мамандарды ұсынуды қамтамасыз ету;

2.3.7 Білім алушы еңбек тәртібін және кәсіпорынның/мекеменің ішкі тәртіп қағидаларын бұзған барлық жағдайлар туралы Университетке хабарлау;

2.3.8 Заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпаратты қоспағанда, Білім алушының бағдарламаны табысты игеруі және жеке тапсырмаларды орындауы үшін қажетті өндірістік-техникалық базаға, ресурстар мен құжаттамаға қол жеткізуді ұсына отырып, Білім алушының кәсіпорында бағдарламаны орындауына қажетті жағдайлар жасау;

2.3.9 Білім алушылардың кәсіптік практикадан өту күнделігін толтырудың толықтығы мен уақтылығын қамтамасыз ету (жұмыстарды орындау туралы белгі, ескертулер мен ұсыныстар, қорытынды баға, мінездеме);

2.3.10 Білім алушылардың Практика объектілеріне баруына бақылау жасау;

2.3.11 Егер Кәсіпорын/мекеменің қандай да бір себептермен Білім алушыларды практикадан өту үшін қабылдай алмаса, практика басталғанға дейін кемінде 1 апта бұрын Университетке хабарлауы керек;



2.3.12 Кәсіпорында/мекемеде Білім алушылармен болған жазатайым оқиғалар үшін жауапкершілік алу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет