Кеннің құнарсыздануы- құрылымдық және тұтынымдық болып екі топқа ажыратылады. Құрылымдық құнарсыздану қазғанда жұқа кен сілемдерін алу кезінде қоса алынатын жанас және сілемнің ішіндегі жыныс қатпарларының араласу салдарынан болады. Мұндай құнарсыздану шамасы қазылатын сілем қалыңдығына қолданылатын қазу жүйесіне, кенді алу тәсіліне тәуелді боландықтан, оның көрсеткіші қазу жобасымен анықталады.
Тұтынымдық құнарсыздану – кенді уату үдірісінде, түсіру кезінде, табан жықпылдарында кен ұнтақтарымен бірге қалып кететін байыған кен жоғалым салдарынан, қазым кеңістікті толтырма салу кезінде болады. Кенді түсіріп, тиеу кезінде жанас жыныстардың өздігінен құлау салдарынан екінші рет құнарсыздануы жиі болады.
Кеннің жоғалымы жалпышақтылық және тұтынымдық болып екі топқа бөлінеді.