Кәрім Алина пмно -топ магистратура курс МӨЖ


Басқару қабілеттерінің құрамын анықтау



бет2/4
Дата18.10.2022
өлшемі49,88 Kb.
#44001
1   2   3   4
Басқару қабілеттерінің құрамын анықтау
Басқару қабілеттерінің өзін зерттеу қиындықтары «қабілеттер» ұғымының шекті жалпы мәртебесін және олардың тұлғамен, әрі іс-әрекетпен тығыз байланысын жетілдіреді. Басқарудың табыстылығы жетекшінің басқару іс-әрекетінің үш негізгі «өлшемдерін» қаншалықты қамтамасыз ете отырып, келістіре алатынына байланысты болады:
1) іс-әрекеттік, ұйымдық-әкімшілік өлшемнің өзі дамыған жалпы басқару іскерліктерді, қабілеттер мен шеберліктерді талап етеді;
2) кадрлық, «тұлғалық», тұлғааралық тиімді өзара іс-әрекетті, адамдарды басқаруды қамтамасыз ететін басқа қабілеттерді талап етеді; мұндай қабілеттер рөлінде негізгі тұлғалық сапалар болады, бұл басқару іс-әрекетінде әрекеттердің басқа түрлерінен ерекшеленеді;
3) өндірістік-технологиялық «өлшем» арнайы қабілеттерді, жетекшінің кәсіби сапаларының өзін талап етеді. Басқару процесіндегі осы үш «өлшемнің» келісуі тұлғалық жетекші сапалармен байланыстағы үйлестіру қабілеттерінің болуы талап етеді. Сондықтан да басқару қабілеттері жетекші тұлғасының жалпы құрылымы проблемасына байланысты қарастырылады, ал кейде онымен алмастырылады. Мұндай тәсіл психика мен тұлғаның қорытылу дәрежесі және қасиеттер сипаты бойынша әртүрлі басқару қабілеттерінің ауқымды тізімін білдіреді.
Басқару сапаларының жалпы жиынтығы басқару қабілеттері болып табылатын немесе қабілет функциясы ретінде болатын бірқатар санаттарды атап көрсетеді:
1. «Менеджерлік сипаттамалар» ұғымымен белгіленетін жетекшінің негізгі тұлғалық сипаттамалар санаты. Басқару іс-әрекетінің жоғары тиімділігін қамтамасыз ететіндігінен олар қажетті. Бұл – тұлғаның басқару іс-әрекетіне бейімділігін шарттандыратын фактор. Бұл сипаттамалар екі топқа бөлінеді: жалпыәлеуметтік, өмірбаяндық және тиімді менеджерлердің тұлғалық сапаларының өзі.
2. Тар ауқымдағы басқару қабілеттері екі топқа бөлінеді: осы іс-әрекеттің тұтастай тиімділігін анықтайтын жалпы басқару қабілеттері және оның жекеленген функцияларын табысты атқаруына көмектесетін жекелейбасқару қабілеттері.
Бұл екі санат іс-әрекеттік-функционалдық көрсеткіш бойынша атап көрсетіледі, бірақ басқару психологиясында қабілеттерді атап көрсетудің тағы бір құрылымдық-психологиялық көрсеткіші бар. Оның негізі – психика құрылымы. Бұл көрсеткіш бойынша басқару іс-әрекеті жалпы және арнайы қабілеттерді ажыратады. Құрылымдар психикалық процестердің негізгі – когнитивтік, коммуникативтік, реттеулік, еріктік, мотивтік кластары бойынша құрылымданады. Менеджерлік сипаттамалар индивидтің қабілеттер функциясы ретінде болатын, бірақ олар бола алмайтын қасиеттері болып
табылады. Олардың негізгілері болатындар:
1. Жасерекшелігі факторы. Жетекшінің жасы мен иерархиялық деңгейі арасында байланыс бар. Кәсіби тәжірибенің байлығы ересек жастың функциясы болып табылады. Карьералық жылжу жасқа пропорционал. Жас өскен сайын басқарудың өнімді әдістері күшейеді, ал репродуктивті (өнімсіз) әдістері керісінше болады. Жетекшілік стилі қатаңданады. Басқару іс-әрекетінің тиімділігі серпінінің жалпы ағымы – позитивті.
2. Жыныстық фактор. Басқарудың қазіргі кездегі психологиясы – бұл «ер-жетекшілер психологиясы», бірақ әйел-жетекші соңғы уақытта зерттеушілер зейінін көбірек тартуда, ерлер басқарудың бір мәселелерін, әйелдер екіншілерін жақсы шешеді, дегенмен, жалпы алғанда, ерлер басымдыққа ие.
3. Мәдени білім беру деңгейінің факторы басқару іс-әрекеті тиімділігімен тура позитивтік байланыста.
4. Әлеуметтік-экономикалық мәртебе факторы. Егер адам компанияға иелік ететін компанияда дүниеге келсе, бұл Ф. Фидлер атап көрсеткендей, оның президенті болу үшін ең сенімді тәсіл. Тиімді менеджердің сипаттамаларының екінші тобы – қабілеттер функциясында болатын тұлғалық сапалар. Бұл сапаларды 3500-ден астам зерттеу мәліметтерін қорытатын М. Стогдиланың еңбегі ең танымал. Ол төмендегідей басты менеджерлік сапаларды атап көрсетеді: доминанттылық, өзіне деген сенімділік, эмоционалдық тұрақтылық, күйзеліске тұрақтылық, креативтілік, жетістіктерге ұмтылыс, кәсіпкерлік, жауапкершілік, сенімділік, тұлғаның тәуелсіздігі, ашықтық, социобелділік (тұлғааралық байланысты тұрғызу шеберлігі және ауқымды әлеуметтік түйісулер орнату қажеттілігі).
Бұл сапалар мен сипаттамалардың барлығы табысты басқару іс-әрекетін қамтамасыз ету үшін қажетті қабілеттердің бүкіл тізімін тауыса алмайды. Басқару теориясында осы сияқты тізімдер көп. Зерттеулердің бірі менеджерлік сипаттамалардың келесі жиынтығын келтіреді:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет