Кешенді емтиханға арналған сұРАҚтар топырақтану топырақ профилі, оның құрылысы және морфологиялық белгілері



бет20/82
Дата21.12.2023
өлшемі208,94 Kb.
#141944
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   82
Өнімді сақтау принциптері
Кез келген өнімді сақтау онда болатын физиологиялық биохимиялық процестерді барынша тоқтату арқылы жүзеге асырылатыны белгілі. Осы саладағы ғылым мен өндірістің жетістіктерін зерттеп, оларды бір жүйеге келтіре отырып, профессор Я. Я. Никитинский әрбірі бірнеше түршеден (модификациядан) тұратын келесідей төрт негіз қалады: 1. Биоз. 2. Анабиоз. 3. Ценоанабиоз. 4. Абиоз. БИОЗ
Биос-тіршілік мағынасын білдіреді. Биоз негізгі өнімді тірі немесе жартылай тірі күйінде сақтауғабағытталған. Ол екі түршеден тұрады Эубиоз «нағызбиоз»деп аталады. Малды, құсты, балықты, басқада тірі организимдерді күту, баптау, тасымалдау, яғни тұтұнғанша тірі күйінде сақтау. Гемибиоз»жартылай биоз»деп аталады. Өнімнің иммундық қасиетін пайдаланып, қолайсыз жағдайға бейімдерін қалдыру арқылы сақтау мерзімін арттыру. АНАБИОЗ АНАБИОЗ «Ан» жалғауы биоздың жоқ екендігі білдіреді. Дегенмен, анабиозды кейде «жалғанбиоз»деп атайды. Ол бірнеше түршеден тұрады. Термоанабиоз-өнімді төменгі температурада сақтау. Төменгі температура деңгейіне байланысты екіге бөлінеді: 1 психроанабиоз 2 криоанабиоз Ксероанабиоз-өнімді толығымен немесе ішінара кептіріп сақтау Осмоанабиоз-өнімді осмостық қысымды арттырып тұз немесе қант қосу арқылы сақтау. Ацидоанабиоз-әртүрлі қышқылдар қосу арқылы сақтау. Наркоанабиоз-өнім құрамына анестезиялық заттарды қосу арқылы сақтау.ЦЕНОАНАБИОЗ.Ценоанабиоз-пайдалы микроорганизмдердің дамуына қолайлы жағдай жасау, зияндыларын жою. Бұл негіздің екі түршесі бар: 1)Ацидоценоанабиоз 2)Алкоголеценоанабиоз АБИОЗ Өнімді стирилді(тіршіліксіз)ортаға айналдыру. Абиоздың негізгі түршелері: Термоабиоз-өнімді жоғарғы температурада өңдеу.
Химабиоз-өнімді химиялық заттармен өңдеу
Мехабиоз-өнімді әртүрді сүзгілерді қолдану арқылы тіршіліксіз ортаға айналдыру.
Лучабиоз-өнімді әртүрлі сәулелерді(ултракүлгін, инфрақызыл, ренген, трубка қолданып өңдеу
3.Тұқым мен дәннің химиялық құрамы. Тұқым мен дәннің химиялық құрамы бойынша классификациялау ӨШ өнімдерін өндіру саласында пайдалану мүмкіндігіне байланысты дақылдар 3топқа бөлуге болады.
1.Крахмалға бай
2.Белокқа бай
3.Майлы дәндер
Барлық дәндер бөлігінің құрамдас бөлігі болып табылатын сыртқы қабық,алейрон қабаты,жатын эндосперм тағамдық құндылығы жағынан бірдей емес.Дән құрамында олардың көлемі бір шамада болмауы оны өңдеп ұн жарма алуда технологиялық жүйені қолдануда біршама өзгерістер жасауға мәжбүр.
Дәннің негізгі массасын азотсыз экстративті заттар – көмірсулары (углеводтар) құрайды. Көмірсуларының 90% астамы крахмал, тек 10% ғана еритін көмірсулары – қанттардың (негізінен ұрықта шоғырланған) үлесіне тиеді.Азотты заттар - дәннің барынша құнды бөлігі. Азотты қосылыстардың ішінде ақуыз (белок) басым. Олардың құрамы, мөлшері біркелкі емес, глютенин мен глиадин сияқты кейбір ақуыз түрлері клейковинаны (дән уызы) түзеді, ал оның қасиеттеріне дәннің нандық сапа көрсеткіштері тәуелді. Клейковина бидай, қара бидай және арпа астығында болады. Барынша сапалы клейковина бидай астығында болады. Жекелеген жылдары Солтүстік Қазақстанда өсірілетін жақсы бидай сорттарында ақуыз мөлшері 18-20% дейін жетеді. Астық дақылдарының ішінде ақуыз күріште аз.Дәннің құрамында май көп емес. Оның мөлшері басқаларына қарағанда сұлы мен жүгеріде жоғарырақ, негізінен ұрықта болады.Клетчатканың көп мөлшері қабықта орналасқан, қабықты астық дақылдарының дәнінде барынша мол жинақталған



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет