Кешенді емтиханға арналған сұРАҚтар топырақтану топырақ профилі, оның құрылысы және морфологиялық белгілері


Жасыл конвейердің маңыздығы және теоретикалық негізі



бет18/82
Дата21.12.2023
өлшемі208,94 Kb.
#141944
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   82
10. Жасыл конвейердің маңыздығы және теоретикалық негізі
Көк азық - мал азығына жұмсалатын табиғи және екпе шөп, азықтық дақылдар балаусасы. ЬІлғалдылығы мол болғандықтан 1 кг-ның жалпы қоректілігі 0,18-0,2 азық өлшемінен артпағанымен, құрғақ затында малға жұғымды қоректік, минералды және биологиялық пәрменді қосындылар жеңіл қорытылып, жылдам сіңірілетін түрде шоғырланған. Көк азық құрғақ затының қоректілігі құнарлы азықтікі шамалас болса, биологиялық құндылығы, құнарлылығы жағынан олардікінен асып түседі. Көк азықмалға жайып жегізіп, немесе қорада тұрғандарына шауып, турап үлестіреді. Ең арзан жемшөп көзі болғандыктан, көк азықпен мал басын жыл бойында мүмкіндігінше ұзак мерзім қамтамасыз етіп, өзіндік құны арзан сапалы мал өнімін мол өндіруге күш жұмсайды. Көк азықпен мал басын қамтамасыз ету мерзімін ұзарту үшін ерте көктемде малды күздік дақылдар көгіне жайып, содан кейін жетілген көп жылдық бүршақ тұқымдастар көгіне шығарып, жаздың жартысы ауа азықтыққа себілген астық тұқымдастар көгін шауып беріп, күзде қайта көктеген бұршақ тұқымдастар көгін, тамыртүйнек жемістілер пәлегін, бақшалық дақылдарды жұмсап «жасыл (көк) конвейер» ұйымдастырады

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ДАҚЫЛДАРЫН САҚТАУ ЖӘНЕ ӨҢДЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

  1. Ауыл шаруашылық өнімдерінің сапасын бағалау.Бағалау міндеттері. Стандартизация жүйесі. Кондиция



Бағалау белгілі бір ретпен және қажетті шарттарды сақтай отырып жүргізіледі. Ең алдымен тауардың сыртын қарайды және тауардың жолқұжаты тексеріледі. Тауарды бағалаған кезде алдымен сыртқы түрін, қалпын, түсін, жылтырлауын, мөлдірлігін және басқа қасиеттерін анықтайды.
Содан кейін иісі мен консистенциясын, ал соңынан дәмін (шырындылығын, үгілгіштігін, тәттілігін) анықтайды. өнімнің түсін эталон бойынша (қуырылған кофе), бояу шкаласы бойынша (шай) немесе арнайы жазбалар бойынша (шарап) анықтайды. Жылтырлық өнімнің сәулелердің көп бөлігін шағылыстыру қабілетімен сипатталады және оның бетінің тегістілігіне байланысты (мысалы, люстралардың, крахмал дәндерінің жылтырлығы). Мөлдірлік сұйық өнімдерде (шарап, шырын) анықтайды, бұл кезде белгілі бір қалыңдықтағы сұйық қабатынан жарықтың өту дәрежесін бағалайды, тұнбаны және лайлануды анықтайды. Көзбен сонымен қатар өнім бетінде зең немесе шырыш болуын, бетіндегі немесе қимадағы суретінің сипатын, басқа қоспалардың болуын, ашу белгілерін және т.б. анықтайды.
Кондиция.Елімізде өсірілетін барлық өнімнің оның ішінде АШ өнімдерінің сапасына қойылатын талап стандарт бойынша анықталады.Стандарт лат үлгі мағына береді .Стандарт –стандарттау обьектісіне қойылатын біркелкі талап пен тәртіп қарастырылатын нормативтік техникалық құжаттың негізгі түрі.Стандарт өз кезегінде келесі категорияға бөлінеді:
1.Халықаралық станд
2.Мемлекетттік станд
3.Мемлекет аралық станд
4.Өндірістік станд
Барлық стандарт жасауда негізгі талаптар қойылады
- адам өмірі мен денсаулығы қауіпсіздігі
-қоршаған ортаны қорғау
-бір біріне сай келу
-таңбалау тәртібі.
Аш өнімдері стандартты арнайы құжат ретінде төмендегі құрылымнан ұрады.
-кіріспе
-сапаға қойылатын талап
-қабылдау тәртібі
-сапаны анықтау тәртібі
-орау қаптау,таңбалау,тасмалдау және сақтау
АШ өнімдерінің түріне пайдалану ақсатына өткізу орнына байланысты 4 кондиция арқылы болады
Тұқымдық,өндірістік,экспорттық,дайындау





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет